Қосымша жүйке, nervus accessories, 11 жұп бассүйек жүйкесі Қызметіне байланысты таза қозғалтқыш нерв. Оның екі ядросы бар: 1. Nucleus ambiguus – қосарланған ядро. Бұл ядро 9,10,11 жүйкелерге ортақ ядро болып табылады.
2. nucleus spinalis – жұлындық ядро .
Жұлындық ядро мойынның жоғарғы 5-6 сегменттерінің алдыңғы мүйіздерінде орналасады. Одан шыққан тармақтар pars spinalis түзеді де, foramen magnum арқылы бас сүйектің ішіне енеді.
Ал қосарланған ядродан, nucleus ambiguus шыққан pars cranialis pars spinalis-пен қосылып, мрдың түбіндегі оливаның артынан шығып, бассүйекте foramen jugularis, мойындырық тесік арқылы шығып екі тармаққа бөлінеді.
Сыртқы тармақ, ramus externus төмен жүріп, төменгі жақсүйек бұрышының тұсында, төсбұғанаемізіктәрізді бұлшықетке, m.sternocleidomastoideus еніп кетіп, аталған бұлшықетті және арқа бұлшықеттерінің беткей тобына жататын трапециятәрізді бұлшықетті жүйкелендіреді.
Ішкі тармақ, ramus internus n.vagus, кезбе нервпен байланысып, құрамына кіріп кетеді.
Кезбе жүйке, nervus vagus, 10 жұп бассүйек жүйкесі. Қызметіне байланысты аралас нерв. Оның құрамында 1 қозғалтқыш, 1 сезімтал, 1 вегетативті ядро болады.
Кезбе нервтің дорсалді ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi(вегетативті ядро), ромбтәрізді шұңқырдың астында орналасады. Сопақша ми бөліміндегі trigonum vagus.
Кезбе нервтің жеке жолдық ядросы, nucleus tractus(сезімтал ядро) solitarius торлы құрылымда орналасады.
Кезбе нервтің қосарланған ядросы, nucleus ambiguus(қозғалтқыш ядро) торлы құрылымда орналасады.
Мидың түбінде: sulcus posterolateralis, оливаның артында, 9,10,11 нервтермен бірге шығады.
Бас сүйекте: foramen jugulare, мойындырық тесік арқылы шығады.
Шыққаннан кейін: arteria carotis communis пен v.jugularis, n.vagus бір қынапта орналасады. Ол қынаптың аты – vagina carotis деп аталады. Ол Шевкуненко бойынша 4 шандыр, fossae endocervicalis арқылы түзілген. Соның ішінде жатып, нерв мойын тамыр шоғырын түзуге қатысады.
Төмен қарай бағытталып, apertura thoracis superior өтеді. Оң жағында: arteria subclavia алдынан, ал сол жағында қолқаа доғасының алдынан өтеді. Төмен түсіп, өкпе түбірінің артқы жағынан айналып өтіп, өңеште қосарлана бойлай жүріп, plexus esophageus түзеді. Одан диафрагмадан hiatus esophageus арқылы өтеді. Әрі қарай асқазанға барып, алдында truncus vagus anterior et posterior түзіп, онгың нервтендіру аймағы: кіші жамбас астауының кіреберісіне дейін жетеді. Ал Неттердің жазуы бойынша кезбе жүйкенің нервтендіру аймағы: flexura collica sinistra, яғни сол жақ жиектік иілім. Кезбе нервтен келесідей тармақтар шығады:
. Бас бөлімі
Бас бөлімінде екі тармақ бар және екеуі де сезімтал тармақтар болып табылады:
Ramus meningeus(Ми қабығының жүйке тармағы) – артқы бассүйек шұңқыры арқылы мидың қатты қатпарының қабығына барады.
Ramus auricularis(Құлақ тармағы) – canaliculus mastoideus каналы арқылы кіреді де, fissure tympano – mastoidea арқылы шығады. Құлақ қалқанын және құлақ қалқанының терісін жүйкелендіреді. Бұл бассүйек жүйкелерінің ішінлегі n.trigeminus, яғни үшкіл жүйкеге қатысы жоқ жалғыс терілік тармақ болып табылады.
Мойын бөлімі
Ramus pharingeus(Жұтұыншақ тармағы) – жиі ganglion inferius – тен төмен бөлімде басталады. Оның екі тармағын ажыратамыз: жоғарғы-үлкен және төменгі-кіші тармағы. Тармақтар ішкі ұйқы артериясының сыртқы бет бөлігімен жүріп отырады және ішке қарай жүріп, тілжұтқыншақ жүйкесімен және truncus symphaticus, симпатикалық сабаулармен байланысады. Нәтижесінде musculus constrictor pharingis medius аймағында жұтқыншақтық өрім түзіледі. Осы өрімнен шығатын жүйке тармақтары жұтқыншақтың бұлшықеттерін, шырышты қабығын жүйкелендіруге қатысады екен.
N. laryngeus superior(Жоғарғы көмей жүйкесі) – ganglion inferius-тен бастау алып, ішкі ұйқы артерияның бойымен төмен жүре отырып, жоғарғы мойын симпатикалық түйінінің және жұтқышнақ өрімінің тармақтарын өзіне қабылдайды да, көмейдің бүйір аймағына барып, екі тармаққа бөлінеді:
а)Сыртқы тармақ, ramus externus – көмейдің шырышты аймағын, қалқан безді және екі бұлшықетті жүйкелендіреді: m.constrictor pharyngis inferior, m.cricothyreoideus
б)Ішкі тармақ, ramus internus - жуан, көмей мен тіл түбірінің шырышты қабығын жүйкелендіреді.
3) Rami cardiaci cervicalis superiores et inferiores-тің бір бөлігі n.laryngeus superior құрамынан шығып, жүрек өрімін түзеді.
ІІ. Кеуде бөлімі
1.N. laryngeus recurrens- қайтарма көмей нерві кезбе нервтің қолқадоғасының немесе бұғанаасты артериясының алдында (оң жағында) жатқан жерінен шығады. Бұл нерв оң жағында a.subclavia-ны астынан артына қарай,ал сол жағында да астынан артқы жағына айналып өтіп, содан кейін өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жоғары көтеріле, оларға көптеген тармақтар береді. Нервтің, n. laryngeus inferior, соңғы ұшы көмей бұлшықеттерінің бір бөлігін, оның дауыс байламдарынан төмендегі шырышты қабығын, тіл түбірінің көмей қақпағы жанындағы шырышты қабығының бөлігін, сондай-ақ кеңірдек,жұтқыншақ, қалқанша және айырша бездерін мойынның лимфа түйіндерін, жүрек пен көкірекаралықты жүйкелендіреді.
2. Rami cardiaci thoractici-көмейдің қайтарма нерві мен кезбе нервтің кеуде бөлігінен басталып, жүрек өріміне барады.
3. Rami bronchiales et tracheales симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронх қабырғаларында өрім plexus pulmonalis-ті түзеді. Бұл өрім тармақтары кеңірдек пен бронхтардың бұлшықеттері мен бездерін нервтендіреді, сонымен қатар онда кеңірдек, бронхтар мен өкпеге арналған сезімтал талшықтар да болады.
4.Rami oesophageales, өңеш тармақтары сезімтал және парасимпатикалық, өңештің кеуде бөліміне барады.
5. Rami pericardiales, Перикардиалды тармақтар- сезімтал және парасимпатикалық перикардты жүйкелендіреді.
ІV. Құрсақ бөлімі
1.Rami gastrici anteriores et posteriores - кезбе жүйкенің артқы және алдыңғы сабауынан шығып, алдыңғы және артқы асқазан өрімдерін түзуге қатысады. 2. Rami hepatici – бауыр өрімінің құрамына кіреді. 3. Rami renales - бүйрек өрімін түзуге қатысады. Кезбе нервтің өңештен жүретін өрімдері асқазанға созылып, алдыңғы және артқы сабаулар- trunci vagales-терді түзеді. Әрбір truncus vagalis парасимпатикалық ғана емес, сондай-ақ симпатикалық және афферентті анималды нерв жүйесінің нерв өткізгіштері кешені болып табылады және онда екі кезбе нервтің де талшықтары болады.
Балалардағы кезбе нервінің ересектерден ерекшеленетін кейбір анатомиялық ерекшеліктері бар. Олардың кейбіреулері мыналарды қамтиды:
Кезбе ядроның орналасуы: Жаңа туылған нәрестелер мен нәрестелерде кезбе нервтің ядролары жүрек деңгейіне жақын орналасқан, бұл жүйкенің проекциясының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Жүйке ұзындығы: Балаларда кезбе жүйке ересектерге қарағанда қысқа, бірақ бала өскен сайын оның ұзындығы да бірге артады.
Тамырлар мен мүшелерге қатынасы: Балаларда кезбе нерві неғұрлым мобильді және тамырлар мен органдарға жақын орналасады, бұл жүйкенің жұмысына әсер етуі мүмкін және хирургиялық араласу кезінде ықтимал асқынуларды тудыруы мүмкін.
Тармақтары: Балаларда кезбе нервтің тармақтары ересектерге қарағанда саны жағынан аз болуы мүмкін, бірақ бұл жасына қарай өзгеруі мүмкін.