Шығыршық жүйке n.trochlearis
IV жұп бас сүйек жүйкесі. Қызметі бойынша қозғалтқыш нерв, ортаңғы мида орналасқан. Жүйке ми негізіне ми сыңарының самай үлесі мен ми аяқшалары арасындағы саңылаудан шығады. Кейін шығыршық нерві алға бағытталып, қатты ми қабығына тесіп өтіп үңгірлі қойнаудың сыртқы қабырғасына барады. Жоғарғы көздік саңылау арқылаы көз ұясына еніп, көздің жоғарғы қиғаш бұлшық еттерін нервтендіреді.
Әкететін жүйке n.abducens
VI жұп бас сүйек жүйкесі, Қызметі бойынша қозғалтқыш нерв. Әкеткіш жүйкенің ядросы (nucleus nervi abducentis) көпірде орналасады. Ми түбінде сопақша мидың пирамидасы мен көпірдің артқы жиегі арасынан бульбо-көпір жүлгесі арқылы шығады. Бас сүйекте көз ұяның жоғарғы көздік саңылау арқылы көз ұясының ішіне еніп, көзқозғатқыш жүйкенің алдынан жүреді. Көз алмасының латералды тік бұлшықетін жүйкелендіреді
15. Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің жалпы принциптері. Вегетативтік нерв жүйесінің орталық және шеткері бөлімдері.
Вегетативтік (автономды) нерв жүйесі, systema nervosum autonomicum, жүректі, кан және лимфа тамырларды, ағзаларды және құрамында бірыңғай-салалы жасушалары мен безді эпителийі бар кейбір ағзаларды нервтендіретін нерв жүйесінің бөлігі. Systema nervosum autonomicum барлық ішкі ағзалар жұмысына жауапты, алмасу, адам денесіндегі барлық ағзалар мен тіндердің трофикалық процестерін реттейді, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қолдайды. Вегетативтік нерв жүйесінің қызметі біздің санамызға бағынбайды. Ол жұлынға, мишыққа, гипоталамусқа, соңғы мидың базалді ядроларына және нерв жүйесінің жоғарғы бөлімі - ми қыртысына тәуелді. Бірақ та үлкен ми қыртысында вегетативтік нерв жүйесінің қызметіне жауапты мамандандырылған бөлімдер (ядролар) осы уакытқа дейін анықталмаған.
Вегетативті (автономды) нерв жүйесі орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді.
Орталық бөліміне:
ми бағанасында (mesencephalon, pons, medulla oblongata) орналасатын III, VII, IX, X жүп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары;
жұлынның VIII мойын, барлық кеуде және екі жоғарғы бел сегменттерінің бүйір аралық бағанасында орналасатын вегетативтік (симпатикалық) ядро;
жұлынның 3 сегізкөз сегменттерінің сұр затында орналасатын сегізкөз парасимпатикалық ядролары, nuclei parasympathici sacralis жатады
Вегетативтік нерв жүйесінің шеткі бөліміне:
жұлын мен мидан шығатын вегетативтік нервтер, тармақтар және нерв талшықтары;
вегетативтік (автономды, висцералді) өрімдер, plexus autonomic (visceralis);
вегетативті(автономды, висцералді) өрімдер түйіндері, ganglia plexum autonomicum (visceralis);
симпатикалық сабау және оның түйіндері, түйінаралық, дәнекер тармақтары, симпатикалық нервтері, truncus symphaticus (оң, сол);
вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі - соңғы түйіндері, ganglia terminalia, жатады
17. Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы, қызметтері. Статокинетикалық және есту анализаторлары.Кіреберіс- ұлу нерві( ҮІІІ- жұп).
Құлақ 3 бөлімнен тұрады; сыртқы құлақ, ортаңғы және ішкі.
Сыртқы құлаққа (auris externa), құлақ қалқаны (auricula), сырткы есту өтісі (meatus acusticus externus) және дабылдық жарғақ (membrana tympani) жатады, соңғысы сыртқы жэне ортаңғы құлақ шекарасында орнығады.
Құлақ қалқанының жоғарғы 2/3 бөлігі терімен жабылған эластикалық бөліктен тұрады. Төменгі 1/3 сырғалық (lobulus) бөліктен тұрады. Қалқанның қайырылған жері-құлақ шиыршығы (helix) оған қарама қарсы (antihelix) орналасқан. Және 2 төмпекті байқаймыз; tragus және antitragus.
Сыртқы есту өтісідабыл жарғағымен аяқталатын ұзындығы 3.5см өзек. Оның 1/3 бөлігі шеміршекті болса, қалған бөлігі сүйекті.
Дабыл жарғағы-сыртқы және ортаңғы құлақтың арасында жатады. Ол сопақ пішінді қалыңдығы 0,1-0,15см дәнеркер тінді табақша. Жарғақтың керілмеген бөлігі (pars flaccida) және керілген бөлігі (pars tensa) деп аталады. Ал ішіне қарай тартылған жері кіндігі яғни umbo.
Ортаңғы кұлақ (auris media) құрамына, дабыл қуысы (cavitas tympani), есту сүйекшелері (ossieula auditus) және есту түтігі (tuba auditiva) кіреді.
Дабыл қуысы самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы және ішкі құлақ арасында орналасқан. Ол бізде 3есту сүйекшесі мен 6дабыл қуысының қабырғасынан тұрады.
Есту түтігі дабыл қуысын мұрын-жұтқыншақпен байланыстырып тұрады, осы арқылы, қуыс іші мен сыртқы атмосфера қысымы арасындағы тепе теңдік сақталады. Дабыл қуысына есту түтігі дабыл тесігімен (ostium tympanicum tubae auditivae), мұрынжұтқыншаққа жұтқыншақ тесігімен (ostium pharyngeum tubae auditivae) ашылады.
Ішкі кұлақ (auris interna) самай сүйегі пирамидасы бойында жатады. Онда екі бөлікті айырады; сүйек лабиринтті (labyrintum osseus), және жарғақты лабиринт (labyrintum membranaceus). Сүйек лабиринтінің қабырғасы дәнекертінді қабатпен жамылған. Сүйек лабиринті перелимфа деп аталатын (регіlympha), сұйықтыққа толы болады, онда жарғақты лабиринт бар, мүның іші өз алдына эндолимфаға (endolympha) толы болады.
Сүйек лабиринтін (labyrinthus osseus) үш бөлікке бөледі: кіреберіс (vestibulum), алдыңғы – үлу (cochlea) және құрамына үш жартылай дөңгелек өзек енетін артқы (canalis semicirculares).
Кіреберіс-дабыл қуысы мен ішкі есту өтісі арасындағы сопақша пішінді қуыс. Біріншісінде жарғақты лабиринттің сопақша қалташасы, ал екіншісінде дөңгелек қалташа орналасады.
Ұлу-ұзындығы 20-30мм иірімді сүйекті өзек, ол кіреберістен басталып екі жарым оралым жасап, ұлу қабыршағына ұқсап оралады.Ұлу өзегі қуысына, оның барлық айналымдары бойына сүйекті табақша өтеді.
Жартылай дөңгелекті өзектер- перпендткуляр орналасқан доға тәрізді қайырылған түтіктер пішінінде болады. Алдыңғы жартылай дөңгелекті өзек фронтальды жазықтықта, артқы жартылай дөңгелекті өзек саггитальды жазықтықта, латеральды жартылай дөңгелекті өзек горизонтальды орналасады.
Жарғақты лабиринт (labyrinthus membranaceus) сүйек лабиринті ішінде орналасады; жарғақтық лабиринттің барлык бөліктерінің көлемі сүйектіктің тиісті бөліктерінен кіші болады. Оның вестибулярлы және ұлу лабиринтін ажыратады.
Вестибулярлы лабиринт (labyrinthus vestibularis) сопақша және дөңгелек қапшалардан және үш жартылай дөңгелекті түтіктерден тұрады.
Ұлу лабиринті (labyrinthus cochlearis) сүйекті ұлудың бір бөлігін алып жатады. Сүйекті иірмелі табақша екі дәнекер байланыстырушы табақшалармен толтырылады.
Кіреберіс ұлу нерві
Кіреберіс-үлу нерві (n.vestibulocochlearis), екі бөліктен тұрады: ұлулық бөлік (pars cochlearis) және кіреберістік бөлік (pars vestibularis).
Ұлулық бөлік, n.cochlearis, немесе ұлу нерві (n. Cochlearis s. п. cochleae), спиралді түйіншектен басталады, ganglion spirale, ол өзекшенің спиралді өзегінде жатады, canalis spiralis modioli
Кіреберістік бөлік (pars vestibularis), немесе кіреберіс нерві, (n. vestibularis, s. п. vestibuli) ішкі есту өтісінің түбінде орналасқан кіреберіс түйіншегінен, ganglion vestibulare, басталады. Осы түйіншек нерв жасушаларының шеткері өсінділері кіреберіс нервінің алдыңғы және төменгі тармақтарын, rami anterior et inferior п. vestibularis, қүрайды.
Кіреберіс нервісінің төменгі бөлігі ішкі есту өтісінің area vestibularis inferior және foramen singulare өтеді. Төменгі тармақтың area vestibularis өтетін бөлігін сфералық қап нерві деп аталады, п. saccularis. Ол macula cribrosa media арқылы ішкі құлакка еніп, macula sacculi бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |