1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі



бет20/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Анат сессия (нерв система)

Көру мүшесі
Көз алмасы – дұрыс емес шар тәрізді. Polus anterior/ posterior ажыратады. Anterior-да көру білігі (axis Opticus ) орналасады, ол foveo centralis- ке дейін өтеді.
3 қабықтан тұрады:
1) Фиброзды( tunica fibrosa bulbi)
-сыртқы қабық, көз алмасының негізі, қорғаныш қызмет атқарады. Мөлдір ж/е ақ қабықта тұрады:
-Мөлдір қабық ( cornea)
Мөлдір, қан тамырсыз дәнекер тіндік табақша, негізгі жарықсындыпғыш оптикалық қызмет. Қоректенуі: көздің алдыңғы камерасынан диффузды түрде өтеді.
Ажыратылады:
Epithelium anterius - алд.эпителий
Laminate limitants anterior - алд.шектелген табақша
Substantia propria - меншікті зат
Lamina limitants posterior -арт.шектелген табақша
Epithelium posterior-арт.эпителий
- Ақ қабық( sclera)
Тығыз, мөлдір емес дәнекер тіндік қабық. Мөлдір қабықпен тікелей жалғасқан, алдынан конъюктивамен жабылған, артынан ақ қабықтың торлы табақша тесігімен ( lamina cribrosa sclerae) шектеседі.
* ақ қабық пен мөлдір қабық арасында sulcus sclerae орналасқан.
2) Тамырлы (tunica vasculosa bulbi)
Фиброзды қабықпен жанасып жатады. Нұрлы қабықтан, кірпікті денеден, меешікті қантамырлы қабықтан тұрады.
1. Нұрлы қабық( iris)
- құрамында меланин бар. Қарашықты (Margo pupilaris) ж/е кірпікті жиектен(Margo ciliaris) тұрады. Қарашықты жиек – нұрлы қабықтын ортасында орналасады да , сәулелерді басқарып тұратын – диафрагма ролін атқарады. Қарашықты кеңейткіш(m.dilitator pupillae) ж\е кішірейткіш бұлшықеттер (m.sphincter pupillae).
Нұрлы қабықтың алд.беті мен мөлдір қабық арасында – көз алмасының алд.камерасы (camera anterior bulbi oculi).
Н.қ арты мен көзбұршақ арасы – арт.камерасы (camera posterior bulbi oculi).
2. Кірпікті дене(corpus ciliare)
Пішіні сақинаға ұқсас, алдыңғы жағынан жуандайды, артқы жағынан - жіңішкеріп меншікті қан тамырлар қабығына ауысады.
Ішкі бөлігі- кірпікті тәж (corona ciliaris) 70 дейінгі кірпікті өсінділіерден тұрады, кірпікті белдеу талшықтарына бекінеді.
Сыртқы бөлігі - кірпікті шеңбер (orbiculus ciliares) - кірпікті бұлшықеттен тұрады, иілуінен аккомодация қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет