3. Соңғы ми және оның туындылары.
Соңғы ми (telencephalon) немесе үлкен ми- ОЖЖ ең ірі бөлімі. Соңғы мида ОЖЖ басқа да бөлімдерінің қызметін реттеп отыратын орталықтар орналасады. Соңғы и бойлық саңылау (fissura longitudinalis cerebri) арқылы миды оң және сол ми сыңарларына бөлінеді. Соңғы ми мишықтан үлкен мидың көлденең саңылауы арқылы бөлінеді. Ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене (corpus callosum) арқылы байланысады.
Әрбір үлкен ми сыңары: ми жабынынан, иіс сезу миынан және олардың арасындағы жолақты денеден және бүйір қарыншаларлдан тұрады. Соңғы мидың қуысы- бүйір қарыншалар(ventriculi laterales) болып табылады.
Үлкен ми сыңарларының бедері
Әрбір ми сыңарының үш беті: жоғарғы-латеральды,медиальды,төменгі беті болады.
Әрбір ми сыңарының үш полюсі: маңдай полюсі,шүйделік полюсі,самай полюсі болады.
Ми сыңарларының бетінде жүлгелер мен олардың арасындағы қатпарлар мен иірімдерден тұрады.
Ми сыңарларының жүлгелерін 3 топқа бөлеміз: біріншілік,екіншілік және үшіншілік.
Біріншілік жүлгелер терең орналасады және тұрақты. Үлкен мидың біріншілік жүлгелері(бүйірлік,орталық,төбе-шүйде)- үлес аралық жүлгелері әрбір ми сыңарын үлестерге бөледі. Әрбір ми сыңарында бес үлес болады:маңдай,төбе,самай,шүйде және латеральды жүлгенің түбінде аралша үлесшені ажыратады.
Екіншілік жүлгелер біріншілік жүлгелерден кейін дамиды. Олар үлестерді үлесшелерге және қатпарларға бөледі.
Ми сыңарларының жоғарғы латералды бетінің жүлгелері мен қатпарлары
Ми сыңарларының жоғарғы латералды бетінің ең терең жүлгесі латералды жүлге(sulcus laterales) болып табылады. Ми сыңарының жоғарғы артқы жиегінен басталып, алға және төмен қарай орталық жүлге(sulcus centrales) өтеді.Ми сыңарларының орталық жүлгесінің алдындағы бөлікті маңдай үлесі д.а. Орталық жүлгенің артында төбе үлесі жатады. Оны алдынан орталық жүлге, төменнен – латералды жүлге, артынан- төбе шүйде үлесі(sulcus perietooccipitalis) шектейді. Латералды жүлгеден төмен самай үлесі орналасқан, артына қарай шүйде үлесіне ауысады. Маңдай үлесі. Осы үлестің сыртқы бетінің артқы бөлігінде орталық жүлгеге параллель sulcus precentralis өтеді. Одан бойлық бағытта екі жүлге шығады жоғарғы және төменгі маңдай жүлгелері. Осы жүлгелер маңдай үлесін 4 қатпарға бөледі: орталық алдындағы,жоғарғы маңдай,ортаңғы маңдай, төменгі маңдай. Төбе үлесі. Орталық жүлгенің артында және оған параллель орталық артындағы жүлге sulcus postcentralis өтеді, ол көбінесе төбе ішілік жүлгеге қосылып кетеді. Осы жүлгелердің орналасуына қарай төбе үлесі біреуі вертикалды, екеуі горизонталды үш қатпарға бөлінеді. Вертикалды қатпар gyrus postcentralis орталық жүлгенің артында орналасып, орталық алдындағы жүлгемен бірге жүреді. Төбе үлесінің қалған бөліктерін төбе ішілік жүлгелер арқылы жоғарғы және төменгі үлесшелерге бөледі. Самай үлесі. Самай үлесінің жоғарғы латералды бетінде бойлық жоғарғы және төменгі самай жүлгелері(sulcus temporalis superior et sulcus temporalis inferior) өтеді. Латералды және жоғарғы самай жүлгелері арасында жоғарғы самай қатпары орналасқан. Жоғарғы және төменгі самай жүлгелерін ортаңғы самай қатпары шектеп тұрады. Төменгі самай жүлгесінің астында төменгі самай қатпары орналасады.Шүйде үлесі. Шүйде үлесінің жоғарғы латералды бетінің қатпарлары өзгергіш және тұрақсыз. Аралшық үлесі- үшбұрышты пішінді, аралшықтың дөңгелек жүлгесімен қоршалған.
Ми сыңарларының төменгі бетінің жүлгелері мен қатпарлары
Маңдай үлесі
Бүйір жүлгенің алдында орналасқан, ми сыңарының алдында орналасқан ми сыңарының төменгі беті маңдай бөлігіне жатады. Мұнда сагитталды бағытта мидың бойлық саңылауына параллель иіс сезу жүлгесі sulcus olfactorius өтеді. Мидың иіс сезу жүлгесі және бойлық саңылау арасында тік қатпар gyrus rectus орналасқан. Иіс сезу жүлгесінен сыртқа қарай көру қатпарларын шектейтін – көру жүлгелері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |