Ішкі құрылысы. Таламус негізінен сұр зат ядролардан тұрады. 1) Таламустың алдыңғы ядролары, nuclei anteriores thalami иістің субкортикалық орталығы болып табылады. Таламустың алдыңғы ядролары жасушаларының аксондарының бір бөлігі ми қыртысының лимбиялық аймағына жіберіледі. Бір бөлігі таламустың медиалды ядроларының нейрондарында аяқталады. 2) Таламустың вентралатералды ядролары nuclei ventrolaterales thalami жалпы сезімталдықтың қыртыс асты орталығы болып табылады. Олар жұлын ілмегі, медиальды ілмек, тригеминальды ілмек талшықтарында аяқталады. 3)Таламустың артқы ядролары nuclei posteriors thalami көрудің субкортикалық орталықтарыболып табылады.
Таламусүсті аймағы epithalamus, құрамыына 1)томпақ дене, corpus pineale аралық мидың жоғарғы қабырғасының артқы учаскесінен дамиды. 2)жүген habenula, ол жүген үшбұрышынан, trigonum habenulae, және жүгендер дәнекеріне, commissura habenularu кейән тұрады. 3)эпиталамустың артқы дәнекері commissura epithalamica posterior кіреді.
Таламусарты аймағы metathalamus оның құрамына латералды және медиалды иінді денелер кіреді. Латералды иінді дене corpus geniculatum mediale таламус жастығының артында латералды орналасады. Бұл көрудің қыртыс асты орталығымен бірігеді. Медиалды иінді дене corpus geniculatum mediale таламус жастығының астында орналасады. Бұл естудң қыртыс асты орталығымен бірігеді.
Таламус асты аймағы hypothalamus 4бөліктен тұрады:
Алдыңғы гипоталамус бөлігі pars hypothalamica anterior. Шын мәнінде алдыңғы гипоталамус бөлігі нейросекроторлық ядролара: супраоптикалық, преоптикалық және паравентрикулярлы, вазопрессин (антидиуретикалық гормон)өндіреді.
Аралық гипоталамус бөлігі pars hypothalamica media гипоталамустың дорсалды ядросы, доға тәрізді ядро, перивентрикулярлы ядро.
Артқы гипоталамус бөлігі, pars hypothalamica posterior дорсалды емізік алдындағы ядро, емізікті ядролар, емізік үстіндегі ядро.
Жалпы гипоталамусқа: сұр төмпе, құйғыш, көру алдындығы алаң, көру қиылысы, көру жолы, нейрогипофиз, емізікшелі денелер жатады.
Гипоталамус ядроларының жүйке жасушалары өзінің секретін гипофиздің артқы үлесіне гипоталамус-гипофизарлы жол арқылы немесе қан тамырлар жүйесі арқылы гипофиздің алдыңғы үлесіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |