1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі


Үлкен ми қыртысының цитоархитектоникасы



бет4/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Анат сессия (нерв система)

4.Үлкен ми қыртысының цитоархитектоникасы
Үлкен ми сыңарларының бетін қыртыс жауып тұрады. Ол нейрондар мен нейроглия жасушаларының жиынтығынан тұрады, олардың саны 17млрдқа жетеді. Қыртыстың жалпы ауданы 1450-2200 см2 құрайды.
Ми қыртысы дамуы мен құрылысына сәйкес бөлінеді:
-жаңа қыртыс(neocortex)
-ежелгі қыртыс(paleocortex)
-ескі қыртыс(archicortex)
Жаңа қыртыста жүйке жасушаларының 6 қабаты болады:
-молекулярлы табақша(lamina molecularis)
-сыртқы түйіршікті табақша(lamina granularis externa)
-сыртқы пирамида тәрізді табақша(lamina pyramidalis externa)
-ішкі түйіршікті табақша(lamina granularis interna)
-ішкі пирамида тәрізді табақша(lamina pyramidalis interna)
-көп пішінді табақша(lamina multiformis)

Ми қыртысындағы цитоархитектоникалық алаңдар:


1,2,3,5,7 алаң-жалпы сезімталдық анализаторы (темп., ауырсыну, жанасу)
4,6 алаң-қимыл анализаторы
8 алаң-бас пен көзді бір мезгілде қарама-қарсы жаққа бұру анализаторы
11 алаң-иіс сезу анализаторы
17,18,19 алаң-көру анализаторы
20,21 алаң-вестибулярлық анализатор
22 алаң-музыканы есту анализаторы
39 алаң-жазуды көру анализаторы
40 алаң-жазудың қозғалыс анализаторы
41,42 алаң-есту анализаторы
43 алаң-дәм сезу анализаторы
45 алаң-сөйлеу және ән айтудың қозғалыс анализаторы


Ортаңғы ми (Анатомия)
Ортаңғы ми (mesencephalon) көпір мен аралық мидың арасында орналасқан. Оның құрамына ми аяқшалары және ортаңғы ми жамылғысының табақшасы кіреді. Ми аяқшалары (pedunculi cerebri) бойлық талшықтардан түзілген, екі жуан, екі жартылай ірі массивті түзілістер. Ортаңғы мидың латералды жүлгесі арқылы ми аяқшалары вентралді бөлігіне (crus cerebri) және ортаңғы мидың жамылғысына (tegmentum mesencephaali) бөлінеді.
Ортаңғы мидың төбесінің табақшасы(lamina tecti). Төбенің табақшасы екі жоғарғы және төменгі төбешіктерден (colliculi superiors et colliculi inferiores) тұрады. Жоғарғы төбешік арасында аралық мидың екі өсіндісі томпақ без (glandula pinealis) болады. Төбешіктердің сабы. Жоғарғы төбешіктің сабы (brachium colliculi superiores) латералды сүйелді денеге ауысады. Төменгі төбешіктің сабы (brachium colliculi inferioris) медиалды сүйелді денені құрайды. Сүйелді денелерді аралық миға жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет