1. Жұлын.Ішкі құрылысы. Жұлын қабықтары. Балалардағы жастық ерекшеліктері Қызметі


Ромб тәрізді ми қылтасы(isthmus rhombencephali)



бет9/21
Дата01.06.2023
өлшемі92.27 Kb.
#474586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Анат сессия (нерв система)

Ромб тәрізді ми қылтасы(isthmus rhombencephali)ортаңғы және ромб тәрізді мидың арасында орналасады,жоғары ми желкенінен және латералды ілмектің үшбұрышынан тұрады.
Латералды ілмектің үшбұрышы алдынан ортаңғы ми табақшасының төменгі төмпешігі сабымен,артынан және жоғарыдан жоғарңы мишық аяқшасымен,бүйірінен ми аяқшасының латераллды жүлгесімен шектеледі.Үшбұрыштың тереңінде латералды ілмек өтеді.
Ретикулярлық формация
Торлы формация, formatio reticularis – бұл әртүрлі жүйке орталықтары мен бас ми қыртысы арқылы құралған ауқымды торлы байланыстары бар жұлын мен ми бағанының нейрондарының жиынтығы (грек тілінен reticulum – тор).
Ретикулярлық формация (РФ) жұлын мен ми бағанының жабынында шашыраңқы жасушалар, cellulae dissiminatae. Ми бағанасында бірқатар РФ жасушалары маңызды орталықтарға айналды:
- тыныс алу және қан-тамыр орталықтары – сопақша мида;
- көздің координация орталығы (Кахал және Даркшевич ядролары) - ортаңғы мида;
- терморегуляция орталығы; аштық пен қанықтылық орталығы – аралық мида;
Торлы формация келесі функцияларды орындайды:
- сегменттік рефлекстерді қамтамасыз ету: шашыраңқы жасушалар жұлын және ми діңінің аралық нейрондары ретінде әрекет етеді (жұтыну, қасаң қабық рефлексі және т.б.);
- қаңқа бұлшықеттерінің тонусын сақтау;
- ми бағанасы мен ми қыртысының ядроларының тонустық белсенділігін қамтамасыз ету, ол жүйке импульстарын одан әрі талдау және өткізу үшін қажет;
- жүйке импульстарын өткізу кезінде түзету: РФ арқасында импульстар жүйке жүйесінің күйіне байланысты айтарлықтай күшейеді немесе айтарлықтай әлсіреуі мүмкін;
- ми жарты шарлары қыртысының жоғары орталықтарына белсенді әсер ету, бұл не қыртыс тонусының төмендеуіне, апатияға және ұйқының басталуына, не жұмыс өнімділігінің жоғарылауына, эйфорияға және т.б.;
- жүрек қызметін, тыныс алуды, тамыр тонусын, бездердің секрециясын және басқа да вегетативті функцияларды реттеуге қатысу (ми діңінің орталықтары);
- ұйқы мен сергектіктің реттелуіне қатысу: көгілдір дақ, locus coeruleus, тігіс ядросы, nuclei suturaliae - ромб тәрізді шұңқырға проекцияланады;
- бас пен көздің біріктірілген бұрылысын қамтамасыз ету: Кахал мен Даркшевичтің ядролары.
Таламустың ретикулярлық ядроларынан ми жарты шарлары қыртысының әртүрлі аймақтарына таламокортикальды талшықтар барады: олар ми жарты шарлары қыртысының барлық қабаттарында аяқталады, ерекше тітіркендіргіштерді қабылдауға қажетті ми қыртысын белсендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет