52
технологиялық бірлік ретінде қарастырылады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс
шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы
үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады.
Фирманың
неоклассикалық
тұжырымдамасы
нарықтың
тиімділігін,
ондағы
ақпараттың
толықтылығын, бағаның
автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің
ұтымды тәртіптерін,
фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей бол- уын есепке алады. Алайда, бұл
жерде фирманың ішкі ұйымдасушы- лық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама
нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады.
Сонымен қатар ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның
өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: