Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар
ескерілуі қажет.
1. Экономикалық жағдайлар:Нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың,
қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша- қаражат көлемі, яғни олардың сатып
алу қабілеттілігі, жұмыс орны- ның және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы
қорының артық- кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.
2. Әлеуметтік жағдайлар. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалып- тастыру үшін
тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген
талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның
жұмыс орнын- дағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер
денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау сияқты
әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс.
3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-
құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық
туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын
органдар, меншікке құқықтық заңдар.
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары. Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру,
сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.
• Өндірістік кәсіпкерлік– бұл тауар өндірумен және қызмет көрсетумен
байланысты кәсіпкерлік.
• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланысты емес тауарлар мен
қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
• Қаржылық кәсіпкерлік – бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды
қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке
54
коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.