1 Карипова М. Р


•  Кеңес беру кәсіпкерлігі



Pdf көрінісі
бет57/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

• 
Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық 
шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен 
айналысатын кәсіпкерлік. 
• 
Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан 
сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі. 
• 
Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды 
біріктіретін кәсіпкерлік. 
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-
экономикалық кәсіпкерліктер жатады. 
Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік 
қоғамды біріктіреді. 
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен 
айналысуы. 
Серіктестік – бұл екі немесе одан да көп адамдардың капитал салымдары 
(үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері: 
1. 
Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие 
болады. 
2. 
Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни 
біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді. 
3. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана салынған капиталы 
негізінде тәуекелге барады және жауап береді. 
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) 
бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып 
екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда 
акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда 
акциялары құрылтайшылары арасында сатылатын, акциялардың құны басылымдарда 
жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі. 
Ұйымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары: 
1. 
Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы 
корпорацияның кең тараған формасы. 
2. 
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. 
Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және 
әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. 
3. 
Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің 
бірлестігі. 
4. 
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. 
5. 
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, 
патент айырбастау жөнінде келісім. 
6. 
Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік 
бірлестік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет