75
уақытта нарықтағы басқа бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанд
макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың
айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.
Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар мен шығындардың
қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге
қарай кете береді. Осындай айналымның бірнеше түрлері орын алады.
1.
Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен шығындардың
айналым үлгісі.
2.
Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен шығындардың
айналым үлгісі.
3.
Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.
9.1-сурет Ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым
үлгісі
Біздің мысаламызда мемлекет және сыртқы орта
қатыспайтын табыстар мен
шығындардың қарапайым айналым үлгісі сөз етіледі (10.1-сурет).
Осы сызбадан көріп отырғанымыздай, сағат тілі бойымен жүретін бағыт бойынша үй
шаруашылықтарынан өндіріс факторлары нарығына факторлық қызметтер (еңбек,
капитал, жер қызметтері) келіп түседі. Өз кезегінде,
игіліктер нарығы арқылы
фирмалардан үй шаруашылықтарына әртүрлі материалдық және материалдық емес
игіліктер келіп түседі. Сағат тілі бойымен жүретін ресурстар мен соңғы өнімдер ағынын
Достарыңызбен бөлісу: