1.2 Кедендік бақылау механизмін ұйымдастырудың негізгі бағыттары
Кедендік бақылау кедендік қатынастарды реттеу формасы ретінде. Халықаралық кедендік ресімдеуі мен кедендік бақьшауы тауарларды бекітілген тәртіппен халықаралық шарттарды орындау арқылы өткізуте бағытталған. Халықаралық кеден қатынасындағы жүктерге шекарадан өтетін барлық заттар мен ұйымдар, жеке түлғалардың заттары мен көлік құралдары жатқызылады. Қазіргі уақытта халықаралық қатынастар шеңберінде кедендік бақылау операцияларының келесідей кызметтерінің түрлері кездеседі:
Кеден қызметі мен кеден шекарасы арқылы сыртқы сауда жүктерін өткізуде ресімдеу қызметі. Мүндай өткізулер халықаралық сауда келісім шарттары мен келісімдердің талаптарын орындау аркылы жүргізілуі керек. Осындай өткізулердің негізгілері болып табылатындар:
- Кеден жүк декларациясы;
- тауар, көлік құжаттары.
Соның ішінде 1966 жылдың 9-қарашасында қабылданған №17 резолюциясына сәйкес өндірілген халықаралық түп нүсқалы накладнойы болып табылады. Егер кеден шекарасының өсімдіктердің, жемістердің, жануарлардың, құстардың, тері мен жүн заттарының импорты болғанда, кедендерге сәйкесінше санитарлық және мал дәрігерлік куәліктері көрсетілуі қажет. Бұл құжаттар экспортер елінің санитарлық және мемлекеттік бақылаушы органдарының өсімдіктердің карантиндік инспекциясы береді. Егер жүктер мен тауарлар заңсыз түрде өндірістік таңбалар немесе баска елден шыққан деген таңба болса және сәйкес келмесе, сондай-ак импорттауға тиым салынған болса, ол тәркіленеді.
1. Халықаралық су арқылы тасымалдаудағы кеден бақылау " Порттық кеден режимін шекарадан тыс жүзетін кемелер мен үлкен тасымалдау кемелерінің режимдерін ескере отырып жүргізіледі. Кедендік бақылау жолаушыларға, кеме экипажына, кеме қорына, кеме экипажы мен жолаушыларының декларациялануына, жолаушылардың қол жүктеріне жүргізіледі. Шекара болып табылатын немесе шекарадан өткен өзендердегі бақылау тәртібі Рейн, Мальта, Конго және тағы басқалары халықаралық өзендерде жүргізілетін кедендік тәртіптеріне сай қолданады.
2. Халықаралық тасымалдаудағы кедендік бақылау мең кедендік ресімдеу операциялық қызмет келесілерді көрсетеді:
Жүк поездерін ресімдеу;
Тиелген вагондарды кедендік тінту үшін ашылғандар ресімдеу;
Кеден жүк декларациясын тексеру;
- Кеден жүк декларациясындағы деректер мен жүктің нақты болуын салыстырып тексеру;
Халықаралық қатынастардағы жолаушылар поездерін кедендік қарау, тінту; Тасымалдау құжаттарын тексеру.
3. Халықаралық автокөлік тасымалдаулар сферасындағы кеден қызметінің арнайы жолдарымен тасымалданатын жүктерді, жолаушыларды және жүргізушілер күрамын, көлік құралдарымен бірге бір жүйелі кедендік тексеру арқылы іске асырылады.
4. Әуе тасымалдауларын кедендік бақылау сол әуе кемелерімен тасымадцанатын жүктерге, жолаушыларға, олардың қол жүктеріне, сондай-ақ әскери-көліктік үшақтарға бақылау жүргізу арқылы орындалады.
5. Кедендік қоймалардағы жүктерге кедендік тексеруді елдің ішкі
зандарына сәйкес жүргізіледі.
2. Кедепдік тексеру, кедендік бақылау бойынша Халықаралық шаралар жуйесінің элементі ретінде.
Кедендік тексеру — халықаралық кеден бақьиіауының негізгі әдісі болып табылады. Мемлекеттік шекарадан өтетін қол жүктерін, жүктерді кедендік тексеру декларацияны тексеру негізінде жүргізіледі. Кедендік тексеру тәртібі елдердің үлттық зандарымен анықталынады. Кедендік бақылау мен тінту кезінде мөр қою, қол қою және басқа да осыған келетін істерге көп көңіл бөлінеді. Халықаралық пошталық жіберулерді кедендік тексерулерде дипломатиялық пшықгарды және транзиттік пошта қапшықгарының бүтіндігіне көңіл бөлінеді.
3. Әлемдік Денсаулың сақтау Ұйымыньщ халықдралық тәртіптегі санитарльщ режимге сәйкес кедеп қызметкерлерінің функциялары.
Кеден қызметі, Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы сертификатынын болуына бақылау жүргізеді. Бүл сертификаттауда егу (вакцинация) бойынша сырттан келетін жүқпалы аурулардан халықты қорғау үшін, Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының Халықаралық санитарлық тәртіптерін заңды және жеке түлғалардың үстануы бойынша елге зиянкестермен өсімдік ауруларының енуін ескерту мақсатында береді.
Мемлекеттік шекараны санитарлық қорғауды 1951 жылдың 25-ші мамырындағы Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының 4-ші Ассамблеясында қабылданған және 1955, 1956, 1976 жылы қосымша ендірілген "Денсаулық бақылау бойынша максималды шараларды" қарастыратын халықаралық санитарлық тәртіпке сәйкес санитарлық эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып жүргізіледі. Санитарлық, карантиндік қызмет немесе Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының қызметі — бүл шекарадан немесе қалада, кеден аудандарынада орналасқан санитарлық эпидемияға карсы күресу ұжымынын жиынтығы. Бұл ұжымның жүйесіне кіретіндер:
санитарлы-карантиндік бөлімдері немесе пунктері; саниатарлы-эпидемиялогиялық обаға қарсы күресу станциялары мен лабораториялары.
Халықаралық санитарлы шаралар қолданатын жүқпалы ауруларға немесе "карантиндік" ауруларға келесілерді жатқызамыз: оба, сүзек, табиғи оспа және тағы басқалар эпидемиялогиялық тез жұғатын аурулар. Бұл тәртіптерменен елге келетін және кететін тұлғаларға медициналық куәләндірудің бірыңғай процедуралары орнатылып вакциналармен егу жөніндегі қүжаттардың сәйкестігін тексереді.
Мемлекетттік шекараны қорғау үшін мемлекеттер әкімшілік-санитарлық шараларды қолданады: орнатылған санитарлық тәртіптерді орындауға бас тартқан түлғалардың елдің шеңберінен шығуға немесе кіріге рұқсат етпеу; оба, сүзек сияқты ауруларға байланысты эпидемиялогиялық жағдайдағы елдерден халықаралық пошта жіберулеріне тыйым салу; мемлекеттік шекараны карантиндік ауру жүріп жатқан қауіпті учаскілерді уақытшажабу.
Санитарлық ресімдеулерді атасақ, 1963 жылғы Халықаралық саяқат және туризм бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Римдік дипломатиялық конференциясы өзінің үсыныстарында Біріккен Үлттар Ұйымындағы Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының қабылдаған халықаралық санитарлық тәртіптері, халықаралық ауысулар жолымен тарайтын карантиндік аурулармен күресте әр елде рүқсат етілген шараларын максимум қолдануына қамтамасыз ететіндігін атап көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |