1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Ауыз аппараты кеміргіш типті насекомдар туралы түсіндіріңіз



бет8/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

9. Ауыз аппараты кеміргіш типті насекомдар туралы түсіндіріңіз

Насекомдардың басым көпшiлiгiнiң ауыз аппараты кемiргiш типтi — инелiктерге, тарақандарға, дәуiттерге, тiкқанаттыларға, термиттерге, коңыздарға және көптеген насекомдардың личинкаларына тән. Кемiргiш ауыз аппараты жоғарғы ерiннен және үш жұп жақ аппаратынан құралады: жоғарғы, төменгi жақтан және төменгi еріннен тұрады.


Инеліктер — жәндіктер класының бір отряды. Ұзындығы 14-120 мм. Құрсақ бөлімі жіңішке әрі ұзын. Аузы кеміруге бейімделген. Өте үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін алып орналасқан. Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Қанаттары торланып жүйкеленген. Басқа жәндіктерден ерекшелігі: арка-құрсақ қанатының бұлшық еттері жақсы дамыған, тыныштық күйде қанатарын денесіне жинамай, жайып жібереді. Қанаттарының құрылысына қарай инеліктер: теңқанаттылар, әр түрлі қанаттылар және Аnіsоzуgорtеrа (тек Жапония және Үндістанда ғана кездеседі) отряд тармақтарына бөлінеді. Инеліктердің 4500-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда 7 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Инеліктер — дара жыныстылар, шала түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын суға немесе су өсімдіктерінің сабағына салады. Дернәсілдері су астындағы заттарға жабысып тіршілік етеді. Қорегін (ұсақ су жәндіктері, т.б.) астыңғы еріні арқылы ұстайды. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы жазғытұрым бірнеше рет түлеп, маусым айында ересек инеліктерге айналады. Ересек инеліктер тұщы су қоймаларының маңында жиі кездеседі. Шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды. Инеліктер — пайда келтіретін энтомофагтар. Дернәсілдері — балықтың, су құстарының қорегі.
Тарақан Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндіз еден мен қабырғалардың саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағашқа ры на, плйталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады. Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Тарақанмен күресу үшін олар жұмыртқа салатын барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бекітіл, күн сайын тамақ қалдықтарын жинап, азық-түліктің бетін жауып, бекітіл қою керек.
Қоңыздар, қатты қанаттылар жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазба қалдықтары пермь кезеңінің шөгінділерінен табылған. Қоңыздар жер шарында, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Бұлар Антарктидада, Арктиканың мұзды белдемі мен биік тау шыңдарында ғана кездеспейді.
Қазақстанда 20 мыңнан аса түрлері кездеседі. Денелерінің ұзындығы 0,3 мм-ден 155 мм-ге дейін. Екі жұп қанаттарының бір жұбы мүйізденіп, қанат жүйкелері жойылып, қатты элитра деп аталатын үстіңгі қатты қанатқа айналған. Ол, негізінен, қорғаныш қызметін атқарады. Қанатының екінші жұбы жарғақты, біріншісінен ұзындау, тыныштық қалыпта ұзынынан және көлденеңінен бүктеліп үстіңгі қанаттарының астына жиналып орналасады. Ұшар алдында үстіңгі қанаттары көтеріледі де, астынан екінші жұп жарғақты қанаттары жазылып шығады. Қоңыздардың үстіңгі қанаттары, әдетте құрсағының ұшына дейін жетіп, құрсағын толығымен жауып тұрады. Үш жұп аяқтары жүруге, жүгіруге бейімделген. Бірақ кейбір түрлерінде, мысалы, тақтамұрттылар тұқымдасының өкілдерінде алдыңғы жұп аяқтары қазуға, жүзгіш қоңыздарда артқы жұп аяқтары жүзуге бейімделген. Жұп мұртшалары және фасетті көздері жақсы дамыған. Қоңыздардың көпшілігі қара түсті болып келеді. Кейбіреулерінің түсі жылтыр қара, көк-күлгін, әр түрлі жылтыр түсті, қоңыр. Бұлар толық түрленіп дамиды, яғни жұмыртқа (дернәсіл), қуыршақ сатысынан өтіп ересек түріне айналады. Дернәсілі құрт тәрізді, ақ түсті, жақсы дамыған басы және үш жұп кеуде аяқтары бар. Қуыршақтары ашық түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет