1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Азқылтанды құрттардың айқындаушы белгілерін көрсетіңіз



бет4/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

5. Азқылтанды құрттардың айқындаушы белгілерін көрсетіңіз
Азқылтанды құрттар (Оlydochaeta) – буылтық құрттар өкілі. Ғылымға шамамен 35 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігі тұщы суларда, ылғалы мол топырақта, кейбір түрлері теңіздерде тіршілік етеді.
Азқылтанды құрттардың арасында ұзындығы бірнеше см-ден 3 м-ге (Мegascolіdes australіs) жететіндері де кездеседі.Ірі түрлері тек тропиктік аймақта тіршілік етеді.
Азқылтанды құрттардың денесі қайталанып отыратын 500 – 600 біркелкі сақиналардан тұрады.
Дене сегменттерін сыртынан тығыз жамылғы (қабықша) жауып тұрады. Көпшілік түрлерінің терісінде әр түрлі шырындар шығаратын тері бездері, әр түрлі түс беретін пигменттер бар. Жүйке жүйесі көмегімен сыртқы дүниені сезіне алады, бірақ көбінің көзі болмайды. Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі - пигидиум орналасқан.
Жануарлар дүниесінде алғашқы қан айналу жүйесі Азқылтанды құрттарда пайда болған.
Топырақта өмір сүретіндері терісі арқылы, ал теңізде тіршілік ететіндері желбезектерімен тыныс алады.Азқылтанды құрттар балдырлармен, бактериялармен, әсіресе, өсімдіктердің шіріген қалдығымен қоректенеді.Көбею жолы қос жынысты (гермофродит), тура дамиды (метаморфозсыз).
Қазақстанда көп тараған түрі – жауын құрты. Олар топырақ құнарлылығын арттырады. Ал суда тіршілік ететін түрлерін балықтар қорек етеді.
Азқылтанды құрттарды айқындаушы белгілер: денесі гомономды сегменттелген
Азқылтанды құрттарды айқындаушы белгілер: жыныстық жетілген құрттарда безді белдеуше бар
Азқылтанды құрттарды айқындаушы белгілер: параподиялары жоқ


6. Ақ сұламаның асқорыту жүйесінің құрылысын түсіндіріңіз
Ақ сұлама (планария) сияқты құрттар ауызы арқылы жұтқыншағын айналдырып сыртқа шығарады да, қорегіне сұғындырып, оны тұтас жұтады. Қорек ішекте қорытылады. Сөйтіп ауыз, жұтқыншақ және ішек ақ сұламаның асқорыту жүйесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет