10. Бауыр сорғыш құрттардың ішкі және сыртқы құрылысына сипаттама жасап, көрсетіңіз
Төрт түлік әсіресе қой мен сиыр ылғалды жайылымда жайылған кезде оттыға алмай, денесі қызып, ісініп, арықтау салдарынан бауыршірік (ғылыми атауы-фациолез) ауруына шалдығады.Мұндай аурмен ауырған малдың өліп қалуы жиі үшырайды. Сондай малдың ішін жарса, оның бауырынан кішірейіп,өт өзегінің кеңейгені байқалады. Өт өзегінің кеңейген жерінде ауруды тудырушы паразит- бауырсорғыш деп аталатын құрт шығады. Бауырсорғыш мал бауырында тіршілік етеді.
Бауырсорғыш құрттардың түрлері көп. Ең көп тарағаны жануарлардың, кейде адамның денесінде паразиттік жолмен тіршілік ететін, тұрқы 3-4 см, жапырақ пішіндес жалпақ құрт - бауырсорғыш. Ересек бауырсорғыштарда денесін қаптайтын кірпікшелер болмайды, сондықтан олар бір орыннан қозғалуға дәрменсіз. Бауырсорғыш қоректену үшін өт жолының қабырғасына екі сорғышы арқылы бекінеді. Бауырсорғыштың тек дернәсілінде ғана кірпікше болады. Бір орыннан екінші орынға қимылдай алмайтындықтан, сорғыштардың қоректену тәсілі де өзгерген, олар қимылдамай, паразиттік тіршілік етеді.
Бауырсорғыштың алдыңғы сорғышы - ауыз, ал екінші - құрсақтағы сорғышымен иесіне бекінеді. Құрттың сыртын дене жабынының жасушаларынан бөлінетін тұтас жұқа қабықша - кутикула қаптайды. Кутикула бауырсорғышты сыртқы әсерден зақымданудан сақтайды.
Алдыңғы сорғыштың ортасында аузы болады. Ауыз жұтқыншаққа жалғасады, одан әрі ішек тармақтарына айналады. Бауырсорғыш иесінің қанымен және бауыр жасушаларымен қоректенеді.
Бауырсорғыш - гермафродит, яғни бір ағзада аталық та, аналық та жынысы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдағы қантамырлар арқылы ішекке шығып, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады.Мұндай жұмыртқалар суға түсуі және түспеуі мүмкін. Муға түспеген жұмыртқалар одан әрі дами алмай қалады да, суға түскен жұмыртқалар аралық иесі тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Бұлар тоспаұлудың денесінен суға түседі және құйрықты дернәсілге айналып, суда еркін жүзетін болады. Бауырсорғыштың жұмыртқасы құйрықты дернәсілге айналғанша 2,5-3 ай мерзім өтеді. Бұдан соң дернәсілдің құйрығы түседі, су өсімдігінің сабағына жабысып, денесін қабықша қаптағандықтан, қозғалмайтын күйге ауысады, яғни цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе суы кепкен жердегі циста жабысқан өсімдікті жеген кезде мал оны жұтады да, ішекке түскен кезде циста жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы бауырға, бауырдың өт жолына өтеді. Бауырсорғыш көбею барысында екі иеге: негізгі ие- сиыр, қой және аралық ие- кішкене тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.
Бауыр сорғыш - Fasciola hepatica мүйізді ірі қара малдар мен қойлардың және адамның бауырында паразиттік тіршілік етеді. Олардың салған жұмыртқалары өт жолы арқылы ішекке түсіп, иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Ары қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |