Бірінші бағыт (өкілі Степанов) концептіні қарастыруда үлкен назарды культуралогиялық аспектіге аударады, мұнда барлық мәдениет концептілер мен олардың қатынастарының жиынтығы ретінде түсініледі. Осылайша, концепт – адамның ментальді әлеміндегі мәдениеттің негізгі ұясы.Олар ұжымдық тілдік санадағы орталық орынға ие болғандықтан олардың зерттелуі өзекті мәселеге айналуда. Концептіні осылайша түсіну тіл рөлін тек көмекші құрал ретінде екінші орынға қоюмен байланысты.
Екінші бағыт ( Н.Д.Арутюнова және оның мектебі, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев т.б.) концепт мағынасының қалыптасуының жалғыз құралы деп тілдік таңбаның семантикасын санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |