№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен



Pdf көрінісі
бет38/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
91 эссе

мұғалім 
– 
ізгілікті 
тұлға. Оның 
ізгіліктілігі, 
қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен балаларға деген 
сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, 
жалпы балаларға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды 
құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс 
ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет 
өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана 
емес,ата-аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор. 
6. Шығармашыл мұғалім – азаматтық белсенді тұлға. Ол айналасында 
(ауылында, қаласында, елінде) болып жатқан жағдайларға бей жай 
қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің қатысын білдіріп отырады. 
Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық рөлін дұрыс түсінетін, саяси 
сауаттылығы жоғары маман. Оқушыларын да өмірдегі өзгерістерге сын 
көзбен қарап, объективті бағасын беруге, кемшіліктерге төзімсіз болып, 
түзету үшін үлестерін қосуға тәрбиелейді. 
7. Шығармашыл мұғалім – бәсекеге төтеп беретін тұлға. Жаңа заманға 
сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл 
мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетістіктері мен 
кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық 
тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар 
кешенінен қалмауды басты назарда ұстайды. Жаңа технологияларды 
меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады. 
8. Шығармашыл мұғалім – мәдениет адамы. Ол белгілі әлеуметтік мәдени 
ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан сол ортаның өнерін, тұрмыс-
салтын, мәдениетін бойына сіңірумен қатар, оны құрметтеп басшылыққа 
алады. Өзінің жалпы мәдениетін көтеру – оның айнымас өмірлік 
қағидаларының бірі. 
Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасы: 
• 
Кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы; 
• 
Жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік; 


• 
Инновацияға бейімділік; 
• 
Жалпы және кейбір арнайы интеллектінің жоғарғы деңгейде болуы; 
• 
Ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік, 
• 
Жақсы дамыған елестете алушылық; 
• 
Мінез-құлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлік; 
• 
Дербестік; 
• 
Өзінің 
ахуалын 
басқара 
алушылық, 
әсіресе 
шығармашылық 
белсенділігін ынталандыра білушілік. 
Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық 
импровизацияны жатқызамыз. Педагогикалық импровизацияны (суырып 
салмалық деуге де болады деп ойлаймыз). А.К.Маркова «күтпеген 
педагогикалық шешімдерді тауып, оны жүзеге асыра білу» деп түсіндіріп, 
оның төрт кезеңнен тұратынын атап көрсетеді: 1) педагогикалық ойдың жарқ 
етуі; 2) педагогикалық мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге 
асырудың жодарын жылдам таңдай алу; 3) педагогикалық идеяны жұртшылық 
алдында нақтылы түрде көрсете алу; 4) ой қорытып, көрсеткен педагогикалық 
идеяны тез арада талдай білу; 
Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын-ала жасаған қажырлы 
еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға 
болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі
шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына 
бастайды. 
Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір 
мәселе – мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп, әрине, театр емес. Дегенмен 
мұғалім үнемі халық алдында тұратын танымал адам. Олай болса ол 
аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Әртістік 
қасиет – педагогтың «образға ене алуы», сыртқы келбетінің тартымдылығы, 
тілінің түсініктілігі, көркемдігі, жатықтығы, мимикасы мен қимыл 
қозғалысының айтылып жатқанға сәйкестігі. Әртістік – образдармен ойлай 
алу, ашықтық, жағдайға терең эмоцианалдық шому, ішкі және сыртқы 
мәдениет, өзіне тарта алушылық. 
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің 
негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің 
«дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен 
құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын 
білдіру. Орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда ғана 
алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен 
жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. 
«Рефлексия» – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану 
барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп 
беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді 
мойындауы не жоққа шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған 


философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», 
«өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. 
Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша 
формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму» түрінде 
ұсынады. Г.С. Сухобская мен Ю.В: Кулюткин екеуі бірлесе жазған 
педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби 
әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы 
айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-
қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың 
жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің 
мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол 
әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің 
педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет