1. Тұтынушы деген кім ?
2. Қажеттіліктерді білу – табысқа жету жолы.
3. Тұтынушылар іс-әрекетінің үлгісі.
1. Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негізгі себептерін анықтау және тұтынушылардың құлықтарын талдау ісі қазіргі нарықта табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсінудің өзі фирмаға кең мүмкіндіктер жасайды, атап айтқанда:
әлуетті тұтынушылар мен қарым қатынасты жақсартады:
олардың қажеттерін болжауға көмектеседі.
сұранысы көбірек тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді:
тұтынушылардың мұқтажын түсініп, оларды қанағаттандыру арқылы олардың сеніміне ие болады:
тиісті маркетинг стратегиясын тауып, жүргізуге көмектеседі:
Маркетинг көзқарасына сәйкес тұтынушыларды екі топқа бөледі:
түпкі тұтынушылар – тауарды өзіне тұтыну үшін алатын тұтынушылар:
кәсіпқой-тұтынушылар – тауарды өндіру процесінде қолдану немесе басқаларға сату үшін сатып алушылар.
2. Адам қажеті дегеніміз жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, отбасының және жалпы қоғамның өмір сүруін және дамуын қамтамасыз ету үшін белгілі заттарға немесе қызметтерге мұқтаждық деген сөз. Нарық жағдайында адам қажеті оны төлей аларлық сұранысы ретінде әйгіленеді. Қажеттілік құрылымы жөнінде толық біліп отыру үшін, оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау керек. Ол факторларға ұлттық, рухани, тарихи, географиялық, саяси, көптеген т.б. факторлар жатады. Мысалы, жастар мен қарт адамдардың аяқ киімге деген қажеттіліктері әртүрлі.
Тарихи орнына байланысты қажеттерді бұрынғы, қазіргі және болашақтағы түрлеріне бөлуге болады.
Қанағаттандыру деңгейіне сәйкес қажеттерді түгел, жартылай қанағаттандырылған және қанағаттандырылмағандарға бөлуге болады.
Қажеттердің қалыптасу қарқыны қажеттің жаңа түрінің пайда болуына әсер етеді. Мысалы, әйелдер жаңа көйлек кисе, оған сәйкес басқа аяқ киімге, басқа сумочка, өзге шарфқа сұраныс қалыптастырады. Сондықтан сол өзгерген қажеттерге сай белгілі тауарды ұсынуға болады.
Қалыптасу түріне байланысты қажеттерді ашық және бүркемелі қажеттерге бөлуге болады. Ашық қажеттерді тұтынушы нақты және оңай айта алады. Ал, бүркемелі қажеттерін тұтынушыларды өздері сезбейді. Мысалы, «ксерокс» фирмасы жазба көшірмесін көбейтетін техникасымен нарыққа шыққанға дейін кәсіпорындар құжаттарын қағаз басатын машинкасы және көшіргі қағаз арқылы ғана көбейтетін. Демек, ксероксқа деген қажеті бүркемелі болып келген.
3. Өндірушілер өздерінің және бәсекелестерінің тауар сипаттамаларына, жарнамасына тұтынушылар қалай жауп беретінін білуі және түсінуі аса қажет. Тұтынушы қылықтарын зерттеу қорытындысында сатылатын тауар сапасы және ассортименті оңтайландырылады. Сондықтан іскерлік әлемде тауарды таңдау кезінде сатып алушыларға түрткі әсер ететін факторларды анықтау үшін көптеген құралдар, қаражат бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |