1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет24/27
Дата01.10.2022
өлшемі491 Kb.
#461734
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
лекции-Маркетинг-каз

Стратегиялық жоспарлау үдерісі. Стратегиялық жоспарлау үдерісі фирманың мақсаты мен әлеуетті мүмкіндіктері арасындағы стратегиялық сәйкестікті келтіруді және оны қолдауды басқару үшін жүргізіледі. Стратегиялық жоспарлау:

  1. ұйым жұмысының бағытын анықтауға және маркетинг зерттеулері құрылымын, тұтынушыларды зерттеу және өнімді жоспарлау үдерісін жақсы игеруге мүмкіндік береді;

  2. фирманың жалпы мақсаты мен оның бөлімшелерінің міндеттерін дұрыс үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  3. фирманың және бәсекелестердің мықты және әлсіз жақтарын бағалауға мүмкін береді;

  4. қолдана алатын баламалы әрекеттерді анықтауға жағдай жасайды;

  5. фирма қорларын дұрыс бөліп пайдалануға негіз жасайды.



Стратегиялық жоспарлау үдерісі келесі өзара тығыз байланысты тауарлардан тұрады:
І. Мекеменің мақсатын белгілеу тарауы. Бұл тарауада фирма мақсатын орындау нәтижесінде қандай тұтынушылар тобына қызметтер көрсетілетіні, қанадай қыщметтер түрлері орындалаиыны және қанда йөндіріс үдерістері қолданылатыны анықталады.
ІІ. Стратегиялық шаруашылық бөлімшелерін құру тарауы. Стратегиялық шаруашылық бөлімшелері дегеніміз фирма құрамындағы белгілі нарыққа әрекетін шоғырландырып және барлық іс-қимылын стратегияға бағындырып, толық жауапкершілікпен ассортименттік топ не тауар бөліміне байланысты жұмысын жүргізетін тәуелсіз фирма бөлімшелері болады.
ІІІ. Маркетинг мақсатын белгілеу тарауы. Әрбір стратегиялық шаруашылық бөлімшелері өзінің маркетинг мақсатын белгілейді. Ол мақсаттар сан және сапа көрсеткіштерімен анықталады.
IV. Жалпы фирма жағдайын талдау тарауында маркетинг мүмкіндіктері және кездесетін мәселелері анықталады.
V. Маркетинг стратегиясын дайындау тарауы. Маркетинг стратегиялары мақсатты нарықты тауарға қалай қызықтыруға, оның қажетін қалай қанағаттандыруға және фирманың мақсатына жету үшін маркетинг кешенін қалай қолдануға болатынын анықтайды.
VІ. Тактиканы қолдану тарауы. Тактика дегеніміз қабылданған маркетинг стратегиясын іске асыру үшін орындалатын нақты әрекеттерді қамтиды.
VІІ. Нәтижелердің орындалуын бақылау тарауы. Бұл тарауда жоспарланған көрсеткіштер белгілі бір мерзім аралығында қол жеткен нәтижелермен салыстырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет