Маркетингті бақылау.
Маркетинг мақсатына жету үшін маркетинг іс-әрекеттердің барысы бақылануы керек. Маркетингті бақылаудың үш негізгі түрі анықталған, олар мыналар:
жылдық жоспардың орындалуын бақылау.
пайда деңгейін бақылау.
стратегиялық бақылау.
Жылдық жоспардың орындалуын бақылау- бұл бақылауда фирманың жылдық нәтижелері жоспармен салыстырылады. Нәтижелер жоспар көрсеткіштерінен ауытқыған жағдайда жоспарға түзетулер енгізіледі.
Пайда деңгейін бақылау. Фирма мамандары жылдық жоспарды бақылаумен қатар әртүрлі өнімдердің, сату аймақтарының, нарық сегменттерінің және өткізу арналарының пайда деңгейін талдайды. Бұл бақылаудың мақсаты, маркетинг іс-әрекеттердің сапасын бағалау және керек болса ол әтекеттерге өзгерістерге енгізу керек болады.
Стратегиялық бақылау. Фирмалар әрдайым маркетинг іс-әрекеттерінің тиімділігін зерттеулері қажет. Бұл зерттеулер жылдық жоспарды және пайда деңгейін бақылауға кеңірек жүргізіледі.
Фирманың макро және микроортасындағы өзгерістер оның маркетинг мақсатына, стратегиясына және бағдарламасына өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы тәрізді бақылау түрі стратегиялық бақылау деп аталады.
14. Тақырып. Халықаралық маркетинг.
Халықаралық маркетинг мәні.
Халықаралық маркетинг ортасы.
Сыртқы нарыққа шығу тәсілдері.
Халықаралық маркетинг мәні. Халықаралық маркетинг -*маркетингтің жоғары мектебі* болып саналады. Себебі экспорт барлық уақытта сауда ісін ұйымдастырудың жоғары деңгейңмен сипатталады, ал сыртқы нарықта әрекеттенетін кәсіпорындар маркетинг жетістіктерін қолдану қажеттілігін сезеді.
*Халықаралық маркетинг* ұғымын *экспорт* ұғымынан айырған жөн. Дәстүрлі экспортта отандық кәсіпкер өзінің өнімдерін басқа мемлекет фирмаларына, яғни импортерлерге жеткізумен ғана айналысады. Жабдықтаушылардың өніммен ие болғаны, тұтынушылардың қажеті қаншалықты қанағаттанғаны экспортшыны қызықтырмайды. Ал халықаралық маркетингке келер болсақ, мұнда тұтынушыға тауарды жеткізу жолындағы халықаралық нарықтың әр сатысын белсенді, жоспарлы және жүйелі игеру, оны өңдеу іс-әрекеті қамтылады.
Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын екі фактор бар. Біріншіден, ішкі нарықтың даму деңгсйі. Осыдан шетел нарықтарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа құю қажеті қалыптасады. Екіншіден, фирма тауарлары басқа елдерде сатылу мүмкіндіктерінің өсуі. Шетел нарығына шығу мүмкіндіктері қалыптасқан жағдайда қосымша шығындарға және басқа да қиыншылықтарға қарамастан ішкі нарықтан қол үзбей-ақ, фирма өзіне тартымды сыртқы нарықтарды игеруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |