1. «Машиналар механизмдерінің теориясы» пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттері


Кинематикалық талдау мақсаттары мен орындау тәсілдері



бет8/17
Дата20.05.2022
өлшемі1.15 Mb.
#458195
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Термех сессия теория ответ 22

13. Кинематикалық талдау мақсаттары мен орындау тәсілдері.

Механизмдерді кинематикалық талдаудың негізгі мәселелері:



  • буындардың орын ауыстыруын анықтау (механизмнің күйі сызбасын құру);

  • нүктелердің траекторияларын сызу;

  • нүктелердің жылдамдықтары мен үдеулерін анықтау;

  • буындардың бұрыштыққ жылдамдықтары мен бұрыштық үдеулерін анықтау.

Сонымен, механизмді кинематикалық талдауының мағынасы бастапқы буынның (бастапқы буындардың) берілген қозғалыс заңы арқылы механизм буындарын қозғалысын анықтауда болады. Ал бастапқы буынның уақыттың функциясы ретінде қозғалыс заңдылығы берілмеген болса, онда кинематикалық талдау механизм буындарының жалпыланған координаттар, жылдамдықтар, үдеулер уақыттың функцияларын анықтауда болады. Мұның бәрі тек геометриялық арақатынастарды ескерумен ғана жүргізіледы, яғни осы қозғалысты туғызатын күштер есепке алымбайды. Сондықтан, кез келген жағдайда кинематикалық талдау үшін механизмнің кинематикалық сұлбасы не белгілі не берілген болу керек, басқаша айтқанда, буындар өлшемдерін көрсететін құрылымдық сұлбасы берілген болады.Кинематикалық талдаудың мәселелерін графикалық немесе аналитикалық әдістерімен шешуге бола ды.
Графикалық әдістерге графиктер әдісі (аса дәл емес және аса қиын емес) және сызбалар әдісі (аса дәл және аса еңбек етуді қажет ететін) жатады.Аналитикалық әдістер ең нақты және көп еңбекті болып табылады.Кинематикалық талдаудың нәтижелері механизмнің жұмыс процесін әзірлеу және оны жобалау кезінде қолданылады. Буындардың жылдамдықтары күштерді, қуаттарды, төзімділікті есептеу үшін, сонымен қатар, машина қозғалысын және үдеулерін анықтау үшін пайдаланылады. Үдеулер буындар мен қозғалмалы қосылыстарға жүктемелерді есептеу үшін пайдаланылады.
Айтылғандай, егер кірер буындардың (бастапқы буындардың) қозғалысы берілген болса, кинематикалық талдауды орындауға болады.
14. Жұдырықшалы механизмдердің негізгі түрлері.
Жұдырықшалы механизм деп құрамында жұдырықша (жұмыс беті айнымалы қисықтығы бар бөлім) бар механизмді айтады. Жұдырықшалы механизм жұдырықша мен ілгерілемелі немесе тербеліп айналу қозғалысты атқаратын иегіштен тұрады. Үйкелісті азайту үшін итергішке ролик қосылады.
Жұдырықшалы механизмдер кеңістік, жазық, итергішінің ұшы үшкір, ролик немесе жазық келетін болулары мұмкін (5.1-сур.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет