Қазыбек би (1667—1763 жж.)
Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының ұлы биі. Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан Қазыбек би 1667 жылы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Оның әкесі — Келдібек би. Қазыбек туғанда оның анасы Тоқмейіл былай депті: «Айналып-толғанып өсірсем, Ақ сүтімді кешірсем, Адалдан болар нәсібің. Тіліңнен болар кәсібің». Бір орында байыз тауып отыра алмайтын баладан белгі шешен, ұлы би шығады деп кім ойлаған… Қазыбек бидің пікіріне хандар, беделді сұлтандар да құлақасқан. Қазақ халқы оны Қаздауысты Қазыбек би деп атап кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |