Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.
Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.
Скифтер (көне грекше: Σκύθης, Σκύθαι), Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. V ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Геродоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанған. Сонымен қатар олар Азов түбегі маңында “патшалық” скифтер болғанын, олардың көшпелі тұрмыс кешетіндігін, доңғалақты киіз үйлерде тұратындығын мәлімдейді. Ежелгі грек авторларының жазбаларына қарағанда, скифтер арасында құл иеленушілік орын алған. Құлдар негізінен көршілес елдерге жасалған жорықтар кезінде қолға түскен тұтқындардан тұрған. Скифтердің тайпалық бірлестігін құруда Атей патшаның белсенділік танытқаны жайлы деректік мәліметтер сақталған. Оның билігі тұсында скифтер Доннан Төменгі Дунайға дейінгі аралықты мекендеді. Б.з.б. III ғасырдың соңында скифтер патшалығының астанасы Неапол (Симферопол маңы) қаласы болған. Төменгі Днепрдегі Көлин қалашығы оның екінші орталығы болған. Скифтер киммериялықтармен соғысып, Кіші Азияға жорықтар жасап жүрген. Сирияны, Палестинаны жаулап алып, Алдыңғы Азияға үстемдік жүргізген. Фракия тайпаларына, Ескендір Зұлқарнайынға қарсы соғысқан. Скифтер өнерінің ежелгі мұралары Қаратеңіздің солтүстік жағалауында мол шоғырланған. Бұл мәдени ескерткіштер негізінен қорымдарда сақталған. Қазба жұмысы кезінде табылған сәндік бұйымдар: қорамсақтың қабы мен қын, қылыш сабы, жүген мен үзбелері, қаптырмалары мен ер-тұрманы, сауыттар мен әйелдердің сәндік бұйымдары (айнаның сабы, білезік, шолпы, т.б.) алтын мен күмістен жасалған қайуанаттар мүсіндерімен (бұғы, бұлан, арқар, жыртқыш, құстар, фантастикалық жануарлар, т.б.) нақышталған. Бұл сәндік бұйымдардағы бедерлеп немесе құйма әдіспен жасалған өрнек сюжеті көбінесе жыртқыш немесе самұрық құстардың аң алу әрекетін бейнелейді. Әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде Днепр жағалауында скиф ақсүйектерінің алып қорғандары пайда болды. Олардың биіктігі 20 м-ден асқан. Бұларға патшалар мен жасақшылар жерленген. Ақсүйектер қабіріне олардың әйелдері немесе күтуші қызметкерлері мен аттары бірге жерленген. Жауынгерлер жанына қару жарақтары қойылған. Ауқатты адамдардың зираттарынан мыс, алтын, күміс ыдыстар, шарап құйылған грек көзелері, әр түрлі заттар жиі табылған. Б.з. I ғасырының II-жартысында Парзой мен Инисмей патшалардың тұсында скифтер күшейіп, Боспор патшалығына қарсы бірнеше рет соғыс ашқан. Қырымдағы скифтер III ғасырдың II-жартысына дейін өмір сүрген. III ғасырда скифтер өз билігінен біржолата айырылған. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде олар басқа тайпаларға сіңісіп, жеке этникалық ерекшеліктерінен аыйрылған. Дегенмен олар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың экономика, соғыс ісі саласындағы табыстары кейін Ресейдің оңтүстігін мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне елеулі ықпалын тигізді.[1]
14 Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым - қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір - біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата - баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.
“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба - ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.
табылады және шығу тегі бір. Бірақ бұл түсінік мағынасында ғана, өйткені шын мәнінде бірде-бір дін монотеистік негізде құрылмайды. Монотеизм діндердің даму тарихында өте кеш пайда болды
15)Материалдық мәдениеттегі ғұндардың рәміздері мен белгілері. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар дәуірінде қалыптасты. Ғұндардың кезінде патриархалды-рулық қарым-қатынастық белгілері өте күшті болды. Ғұндар ішінара 24 руға бөлінген және әр рудың басында ағамандар тұрған. Сол уақытта ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Сонымен бірге, ғұндар әскери тұтқындардан тұратын құлдар ұстаған.Бір қызығы, ғұндар ер азаматтардың барлығын қатардағы жауынгер деп саналған. Жазба деректерде ғұндар билеушісінің шаньюй деп аталғаны көрсетілген. Елді шаньюй билесе, олардан кейін түменбасылар тұрған. Ғұндар жауынгер ғана емес, сондай-ақ керемет қолөнер шебері болған. Оларда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Соның арқасында көшпелі халық зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкеледі. Ғұндар өмір сүрген заманда сауда қатынасы мен қолөнер жақсы дамыды. Олар металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан бұйымдар жасап, қөлөнермен айналысқан.
16)Саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениеттің атқаратын қызметтері: танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.
Танымдық қызметі — коғам мен саясаттың дамуын айқындайтын зандылықтар мен принциптерді танып-білуге,субъектіні саяси салада табысты жүмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдык тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі — әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жүмылдыру.
Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.
17. Үйсін мен қаңлылар мәдениеті.
Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері- б.з.д. III ғасыр- б.з. IV ғасыр. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Үйсіндердің мал құрамы- қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек. Ақтау қыстас-қонысты қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы- тас кетпендер және егін жинау құралы- қола орақ (сынығы). Ақтау қонысының төңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығын белгілері байқалды. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді. Жетіуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады
Сыма Цянь дерегі бойынша үйсін мемлекеті басшының лауазымы- гуньмо, тайпа көсемдерінің атауы- бек. Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өріс алған. Құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызы орын алды. Зергерлік бұйымдары- алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған.
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жауынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Битян қаласы. Қаңлылардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.
1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті
2. Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
3. Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бұлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәдениетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.
4. Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.
18. Түркілердің мәдени ескерткіштері: Орхон-енисей, Ленско-Прибалтийлік, Алтай, Ертіс жағалауындағы, Шығыс-түркістандық, Орта Азиялық (жетісулық руналар, ферғандық руналар, сырдариялық руналар) және Шығыс еуропалық ескерткіштер.
Көне түріктердің негізгі жазуы руна жазуы деп аталған. Бұл жазу скандинавиялық руна жазуына ұқсас. XVIII ғасырдың басында жазуды алғаш рет Д. Миссершмидт пен Ф. Страленберг атты ғалымдар Енисей аңғарынан тапқан. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытас XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзені маңынан Н. М. Ядринцев тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В. В. Радлов пен дат ғалымы В. Томсон оқыған. Бұл жазу «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады.
Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихи тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған. Түркі жазбаларының ішінде ең маңыздысы-Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі- 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі 735-жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі- Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым- қатынастары, жетістіктері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған
19)Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Әбу Насыр Әл-Фараби (870—950 ж.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады.Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемле-кет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа (синкреттік) мөдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму — таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды, Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды. Фарабидің ғылыми-философиялық шығармашылық қызметінде логика мәселелері үлкен орын алады. Логика ойлау жүйесі мен пікірлерді мүлтіксіз дәлелдеуді қажет етеді, сондықтан да Фараби оны шындыкты табудың және оны негіздеудің бірден бір әдісі ретінде жоғары бағалайды. Фараби өзінің дүниеге көзқарасын социология, этика және эстетика мәселелерін қамти отырып жүйелендіре, нақтылай түседі. Егер біз, қазіргі заман термологиясымен айтатын болсақ, - эстетика мәселелерімен, осы кезге дейін әл-Фарабидің музыка, риторика, поэтика еңбектерінде көрініс тапқан. Оның эстетикалық көзқарастары аз зерттелген. Екінші ұстаздың мұрасына арналған М.Хайруллаевтың және ортағасырлық Шығыстағы эстетикалық ойдың тарихы бойынша Г.Сарадиевтің жұмыстарында ғана әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары туралы ойландыратын пікірлер бар. Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде әл-Фарабидің негізгі эстетикалық концепциялары мен оның жалпы философиялық доктринасының мәні мен табиғатынан туындайтын, олардың айырықша ерекшеліктері ғана ашылған. Әл-Фарабидің эстетикалық ілімі туралы да олар жалпылама сипаттама айтқан. Бұл, біріншіден, эстетикалық мұраттары көрініс тапқан Екінші Ұстаздың негізгі еңбектерінің ғылыми айналымға енгізілмегенінің өзіндік себептері бар. Бұл 1992 жылы әл-Фарабидің «Музыка және поэзия туралы трактаты» және «Фарабидің таңдамалы трактатының» басылып шығуымен мүмкін болды. Егеменді Қазақстанның талаптарына сай осындай еңбектер жарық көрді. Әл-Фарабидің көптеген шығармаларына қарағанда, көркем шығармашылықты адамдардың бақыты (өмірі) үшін пайдалы игіліктерді жасаумен байланысты. Әл-Фараби өз трактаттарында эстетиканың негізгі категориясын, атап айтқанда әсемдік категориясын ашуға және оны негіздеуге үлкен назар аударады. Ойшылдың пікірінше, әсемдік – бұл адамның дене, рухани және өнегелік сұлулығының көрінісі. Оның эстетикасында әсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен пайда біртұтастықта көрсетілген. Олар үйлесімді қосылған, бір-бірінен ажырамайды. Адамдарда үйлесушілікке, ырғақтылыққа және сұлулыққа деген табиғи (туа біткен) бейімділік бар. Біздің мақсатымыз әл-Фарабидің эстетикалық мұрасын жай ғана талдау емес, оны сонымен қатар оның идеяларының түркі, ислам әлемі ойшылдарына ғана емес, әлемдік мәдениетке тигізген ықпалын ашу.
20) Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. «Жібек Жолы»— Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы 7 мың шақырымнан астам Ұлы Жібек жолының дүниежүзілік өркениеттің дамуында үлкен роль атқарғаны бәрімізге мәлім. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Бұл трасконтинентальды жол тек қана сауда - саттықтың көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар қалалар мен өнердің гүлденуіне, мәдениеттер, діндер мен тілдердің араласып толысуына, жалпы айтқанда, адамзат мұрасының қалыптасуына қатты әсер етті. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен. Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры ІІ Юстинианның стратгі Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған.Осымен қатар ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған. . Тараз қалды бірі орталықтарының түрлі-түсті металлургия. Мыс бұйымдар шеберханасында Тараз – құмыралар, қобдишалар, шамдар, әшекейлер үшін қаруды, киім-кешек, ат әбзелдерін, тағы басқа расходилось бүкіл әлем бойынша.Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отрар-Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған.Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атында сақталып, осы күнге дейін жеткен.Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдария өткелінен өтіп, Васиджа қаласына баратын болған. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып, Шашқа, ал төмен қарай — Жентке кеткен. Ал Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен Ургенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Кавказға асып кететін болған. Жібек жолының осы бөлігі XIII ғ. өзгеше жанданып кетеді және Жент, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу сияқты шулы-дулы шаһарлар үстімен жүретін болады. Шавғар VIII ғ. деректерінен белгілі, оған, әсілі, Түркістан төңірегінде орналасқан Шүйтөбе қала жұрты сәйкес келетін секілді. Казіргі Түркістан тұрған жерде, Шавгармен қатар X—XIII ғғ. Яссы шаһары ірге тебеді, атақты ақын, сопы Ахмет Яссауи сол шаһарда тұрып, уағыз-насихатын жүргізеді. Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III—ІІ-мыңжылдықтарда басталған.
21. Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде.
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б. з. д. I мыңжылдықтың орта шеніндегі "далалық сақ жолынан" басталады. Геродоттың жазуы бойынша, жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савроматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың тамаша жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Еуразияның бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық нәрсе-қазіргі заманғы көлік жүретін жолдар мен темір жол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы.
22. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті және оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері.
Жердің бүкіл тарихында түркі әлемі теңдесі жоқ орын - бүкіл әлем тарихының барысына шешуші әсер еткен алғашқы және ең қуатты мәдениеттер мен өркениеттердің отаны болды. Бұл жағдай басты себепке негізделген: түріктер Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір болды. Сонымен, түркі мәдениетінің ерекшелігі оның шығыс пен батыстың әлемдік мәдениетінен барлық жақсылықтарды сөзсіз сіңіргендігінде, бірақ осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өзінің ерекше және төл мәдениетін сақтай білді.
Түркі әлемі адамзат тарихында шешуші рөл атқарды, дүниежүзілік тарих пен әлемдік саясаттың даму бағыты мен бағытын бірнеше рет өзгертті, өзінің тарихи істерімен және бағындыруларымен әлемдік мәдениетке орасан зор үлес қосты». Әлемдегі алғашқы мемлекеттік рәміздер мен билік белгілері, сондай-ақ саяси терминдер алғаш рет Далада пайда болды, бұл дала халқы арасында болған, содан кейін бүкіл Еуразияға таралған дамыған мемлекеттік құрылым туралы куәландырады. Түркі (қыпшақ) тілі 16 ғасырға дейін көптеген ғасырлар бойы Орталық Еуропада ұлтаралық қатынас тілі рөлін атқарды. Түріктердің басқа халықтардың этногенезіндегі рөлі, 17 ғасырға дейінгі Еуропаның мәдени тарихында. маңызды болды. Шығыстан халықтардың үлкен қоныс аударуы батысқа архитектуралық жаңалықтар берді, одан Еуропадағы готикалық (гот) көркемдік стиль басталды. Англия, Франция, Германия, Скандинавия, Египет, Венгрия, Украина, Қазақстан қорғандарындағы археологиялық қазбалар әлемге түркі зергерлік бұйымдарының, соның ішінде Алматы маңындағы Есік қорғанынан шыққан «Алтын адамды» таңғажайып кереметтерімен танытты.
Азия түріктері әлемнің көптеген елдеріне қоныс аударды. Археологтар өздерінің қорғандарын Дания, Швеция, Франция, Төменгі Саксония (Германия), Англиядан табады. Олар Ежелгі Тұрандағыдай, Қазақстандағы, Хакасиядағы, Дағыстандағы түріктермен бірдей.
23. Қазіргі заманғы қоғамда ежелгі мәдениеттер коммуникациясы мен реконструкциясы маңызды орын алады. Осы орайда мемлекетіміздің «Қасиетті Қазақстан» жобасы тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қорғау, пайдалану ісіне ерекше серпін беріп, қоғамда зор серпіліс тудырды. «Қасиетті Қазақстан» жобасын қолға алу қазақ мәдениетіне жаңа ұлттық рух беріп, ұлттық бірегейлік регенерациясын жасаудың жаңа механизмін қалыптастырып үлгірді. Тарихи дәуірлерден келіп жеткен мәдени, рухани, табиғи мұраларын біртұтас қарастыратын жаңа саяси-идеологиялық стратегия бағыт алды. Сакральды (ағылш. sacral және латын sacrum\ sacralis– қасиетті, қасиеттілікке ие, Құдайға арналған, Құдай деп танылған), – кең мағынада алғанда Құдаймен, дінмен, көктегі әлеммен, басқа әлеммен, иррационалдылықпен, мистикалық, қалыпты заттардан ерекшеленетін құбылыстармен байланысты ұғым. «Сакральды» термин ретінде ғылыми айналымда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінен қолданыла бастаған. Сакральдылық ғылыми тұжырымдамасымен байланысты бірнеше ұстанымдар бар. Олардың қатарында «сакральды география», «сакральды геометрия», «басқа», «нумендік», «сакральды ант», «иеротопия» категорияларын айтуға болады. Сакральды география – ертедегі адамдардың жер бетінде қалдырған, әртүрлі діни культпен, рәсімдермен байланысты, ерте кезеңдерден қалыптасқан, қасиетті деп танылған ескерткіштеріне қатысты танымдар, білімдерінің жүйесі. Адамдардың мистикалық ұғымымен байланысты жерлеу орындары, кремация орындары, құрбандық орындары да «қасиетті жер» болып саналады. «Сакральды география» шетелдік сакральтану ғылымында «естегі/жадыдағы орындар» деп те аталады. Есте сақталған орындар тарихи дәуірлердегі мұраларды бүгінгі күнмен байланыстырады, әрі болашаққа сақтап жеткізуге міндеттемелер қояды. 1920 жылдары француз әлеуметтанушысы Морис Хальбвакс: «өткендегіні есте сақтау арқылы бүгінгі күннің болмысы анықталады... «Есте сақтау» уақыт жылжыған сайын трансформацияланады, бірақ оны қоғам қазіргі заманғы талапқа сай қайта жаңғырта алады», – деген.
24. Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Бұл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін, қолөнерін және жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді. Орта Азия мен Қазақстанның 8 – 11 ғасырларда араб халифатына кіруіне байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің ықпалы күшейе түсті. Батыс Еуропадағы латын тілі сияқты араб тілі халифат аумағында халықаралық әмбебап тілге айналды. Алайда жергілікті мәдениет пен тіл сақталып қалды. Араб мәдениетін жасауға және дамытуға халифаттың бір кездегі арабтар жаулап алған елдерінен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне мәлім болды. Қалалардың арасында Үндістан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жібек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының географиялық және экономикалық жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-егіншілік аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Отырар (Фараб) қаласы ерекше көзге түсті. Отырар кітапханасы қолжазба кітап қорының байлығы жағынан Египеттегі Александрия кітапханасынан кейінгі аса ірі кітап қоймасы болды. Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра – жүзден астам ірі еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 – 941) және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бірге әйгілі астрономиялық кестелерді жасауға қатысқан астроном әрі математик – Ғаббас әл-Жәуһари (9 ғасырдың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары – Ысқақ әл-Фараби және 40 мың сөзден тұратын араб тілінің түсіндірме сөздігін жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Ертіс жағалауында қимақтар арасынан географ әрі тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи шықты. 10 – 11 ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарахан әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 жылы жазылған “Құтадғу білік” кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне тарады және оны ғалымдар бүгінге дейін зейін қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттің дамуында Ежелгі Грекия мәдениетінің елеулі ықпалы болғаны сөзсіз. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін сол кездің өзінде-ақ Еуропа ғалымдары да мойындаған болатын, мұны 10 – 12 ғасырларда Шығыс ғалымдары мен ақындары кітаптарының Францияда, Италияда, Испанияда және Еуропаның басқа да елдерінде аударылып кеңінен таралғандығы да дәлелдейді. Олар: Ибн Синаның (Авиценна) “Медицина каноны”, әл-Хорезмидің “Алгебрасы мен теңдеуі”, Ибн Рушдтің (1126 – 98), т.б. еңбектері. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің 9 – 11 ғасырлардағы дамуы туралы айта келіп, орыс шығыстанушысы Н.И. Конрад ғылыми тәжірибеге
“Шығыстың дәуірлеуі” деген терминді енгізді
25. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары.
Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді. Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше. Қазақ халқының ішінде ерекше атаққа ие болған аңыз әңгімелер бірталай.
Қазақ мифологиясы — Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы, мифтердің мазмұнында ертедегі халықтардың жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктері көбірек ұшырасады. Мифтер – адамдардың дүниетанымының көрінісі. Ертедегі адамның санасы мифологиялық сипатта болған. Сол замандарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін абыздар мифтерді пайдаланған, мифтік бейнелер арқылы жаратылыстың сырлары мен шығу тегін ұғуға тырысқан. Қазақтар жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, перизат т. б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ т. б. деп атайды. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады. Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата», түйенің «Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының «Қамбар ата», ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» бар деп есептейді.
26. Ұлы қазақ билері.Қазақ даласының шешендері.
Қазақтың би – шешендері от тілді, орақ ауызды, кез – келген дау-дамайды шеше білген, елінің тәуелсіздігі үшін дарынымен тас жарған адамдар ретінде тарихта қалған. Олар өз дәрежесіне қарай руішілік, руаралық, тіпті екі елдің арасындағы дауды да соғысқа жеткізбей ділмарлығымен шешіп отырған.
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
Достарыңызбен бөлісу: |