2. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы мәдениеттану, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты.
Мәдениет сөзінің шығу тарихына, этимологиясына көз жүгіртетін болсақ, «мәдениет» термині қазақ тіліне арабтың «маданият» – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Қазақ тіліне арабшадан енген кірме сөз болып табылады. Әлемнің екінші ұстазы атанған жерлесіміз ұлы ойшыл әл-Фараби (870-950) өз еңбектерінде адамды – «хайуани мадани», яғни мәдениетті адам, мәдениетті жан деген анықтама берген. Ал орыс тіліндегі «культура» термині латынша «cultura» – өңдеу, өсіру деген сөзден шыққан. Бұл терминнің алғашқы мағынасы жерді, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Оны тұңғыш рет ежелгі Римнің мемлекеттік қайраткері, тарихшы Марк Порций Катон (Үлкені) «Ауыл шаруашылығы» («De Agri Cultura») атты трактатында қолданған екен. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Кейін мәдениет терминінің мағынасы кеңейіп түрлі өзгеріске ұшырады. Әйгілі римдік шешен, философ Цицерон өзінің «Тускуландық сұхбаттар» атты еңбегінде алғаш рет мәдениет сөзін егін шаруашылығынан бөлек мағынада, адам жанын рухани жетілдіру деп түсіндірген. Ол философияны «жанның мәдениеті», «жанды жетілдіру» («cultura animae»), онымен айналысатын адамды ақыл-ой мен рух мәдениетіне ие деп есептеді. Сөйтіп, ол мәдениетті рухани құбылыстар қатарына жатқызды. Мәдениет жайлы түсініктердің тарихи дамуына, оларды ғылым саласы ретінде жүйелеп саралауға неміс оқымыстылары көп еңбек сіңірді. Мәдениетке алғаш рет жеке ұғым ретінде анықтама берген неміс ғалымы Самуэль фон Пуфендорф (1632-1694) болды. Ол мәдениет ұғымына білімсіз, оқымаған «табиғи адамға» қарама-қарсы түсінік ретіндегі қоғамда тәрбиеленген «жасанды адам» деген анықтама берді. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны түсінікті, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Ал мәдениет сөзінің ғылыми және күнделікті айналысқа түсуінде үлкен рөл атқарған неміс тіл маманы И.К.Аделунг (1732-1806) еді. Ол 1782 ж. «Адамзат ұрпағы мәдениетінің тарихи тәжірибесі» атты еңбегінде мәдениетті адам мен халықтың бейімділігі мен қабілеттілігін жақсартатын, ізгілендіретін іс-әрекет деп анықтады. Сөйтіп, мәдениет дегеніміз табиғаттан бөлек адам қолымен жасалған құбылыстар. И. Кант айтқандай, адамды жабайылықтан бөліп көрсететін – мәдениет, ақыл-ой, моральдық жетілу. Мәдениетті – адам жасаған «екінші табиғат» деуге де болады. Мәдениет тұжырымдамасы тарихи тұрғыда жер өңдеу, егіншілік түсінігінен бастау алып, ХІХ ғасырда тұлғаны жетілдіру, әсіресе, тәрбие мен білім беру арқылы адамды дамыту, кейінірек ұлттық ұмтылыстар мен мұраттарды білдіретін түсінікке айналды. Мәдениет бірқатар академиялық пәндердің зерттеу нысаны мен пәні болып отыр. Олардың ішінде негізгілері: мәдениеттану, мәдени зерттеулер, мәдени антропология, мәдениеттің философиясы, мәдениеттер социологиясы және т.б. Ресейде мәдениет туралы негізгі ғылым ретінде мәдениеттану саналады, бұл термин Батыста, көбінесе ағылшынтілді елдерде тар мағынада, мәдени жүйе ретіндегі мәдениетті зерттеу мағынасында түсініледі. Мәдени үдерістерді зерттейтін пәнаралық саланы осы елдерде мәдени зерттеулер (ағыл. cultural studies) дейді. ХХ ғасырда «мәдениет» ұғымы әлемдік антропологиядағы негізгі ұғымдардың біріне айналды. Ол генетикалық мұрагерлік жолымен берілмейтін адами құбылыстардың жиынтығын қамтиды. Сонымен, мәдени антропология адам мәдениеті мен қоғамның алуан түрлілігін зерттеумен айналысады және осы әр алуандылықтың себептерін түсіндіру оның негізгі міндеті болып табылады. Әлеуметтану ғылымының әдіснамалық тәсілдері арқылы мәдениет пен қоғам арасындағы байланыстарды мәдениеттер социологиясы зерттейді. Мәдениеттер философиясы мәдениеттің мәнін, дәрежесін арнайы философиялық тұрғыдан қарастырады.
3. Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері. Рухани мәдениетке қарағанда материалдық мәдениет табиғи объектілердің сапалары мен белгілеріне, адам материалдық заттарды, ішетін тамақ және өмір сүру үшін қажетті басқа да жабдыктарды жасағанда негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланатын заттар түрлері, энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді. Материалдық мәдениетке өндірістің әр түрлі құрал-жабдыктары - энергетикалық және шикізат ресурстары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам өмір кешетін ортаның инфроқұрылымы, байланыс және көлік құралдары, тұрмыстык, ойын-сауықтық ғимараттар, пайдаланылатын әр түрлі құралдар жатады. Тұтастай алғанда адам қызметінің нәтижесі болып табылатын материалдық құндылыктардың жиынтығы.
Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.
Қазақ халқының материалдық мәдениетіне не жататынын айта кетсек – киіз үй, ыдыс аяқ түрлері (саба, тегене, зерен, шара, қазан), киім-кешек түрлері жатады.
Ал рухани мәдениетке – өзіндік наным-сенім, салт-дәстүр, қонақжайлық сынды нәрселер жатады.
4 Мәдениет типологиясы – ғылыми таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйешелер мен объектілерді және олардың топталуын қорытындылаған, идеяланған үлгінің немесе тектің көмегімен бөлшектеу жатыр.
Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әр түрлі объектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғалымдар бірыңғай «құрылым жоспарын» іздеумен әуестене бастаған XVIII-XIX ғасырларда кең қолдана бастады. Н.Я.Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А. Тойынбидің мәдени- тарихи мектептері зерттеуді осы бағытта жүргізді. Марксизм өз жүйесін қоғамның экономикалық үлгілерінеқұрып, оның негізгі өндіріс қабілетінің өлшемін алды. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебер идеялық үлгілерді құрудың әдісін әзірледі. Нақты өмір сүрмейтін, атап айтқанда, абстрактылы, «таза түріндегі» мәдениетің типологиялық моделі ретінде мәдениет типологиясының мәнін, тетіктерінің құрылымын М.Вебер толық қарастырды.
Мәдениеттерді типологияландыру немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, яғни мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық- танымдық амалдардың көмегімен жүзеге асады.
Мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінген жалпы маңызды сипаттамалар ретіндегі негізлердің өздері әр түрлі бола алады. Олар мыналар:
этнографиялық критарийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, тіл және т.б. көрініс таба алады);
мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістік- географиялық критерийлер: батысеуропалық, латынамерикандық, қиыршығыстық, африкалық, сібірлік т.б.;
төмендегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық- уақыттық: алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық мәдениет, қайта өрлеу мәдениеті, ағартушылық мәдениеті, жаңа заман мәдениеті, модернистік мәдениет, постмодерн т.б.
Мәдениет және өркениет.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
• 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
• 2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
• 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
• 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
• 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі»
5. Мәдениет... Мәдениет ұғымын сонау мектеп кезінен адам баласына жете таныстырады. Бұл сөздің өзі қандай да бір түсінікті беріп тұрғандай. Мәдениеттің қандай түрлері бар, нешеге бөлінеді, мәдениетті адамға қандай қасиеттер тән екендігін де әрбір жан білуі тиіс. Себебі мәдениет, адам өмірінде маңызды орын алады. Мәдени құндылығы арқылы адамның өмір салтын, жан-дүниесін, рухани қазыналарын байқауға болады. Біздің тіл мәдениетіміз, дін мәдениетіміз, салт-дәстүріміз-сонау ғасырлар үнінің жаңғырығы. Кез келген халықтың мәдениеті бос нәрсеге емес, адамдар мен оны қоршаған ортада әрекет етеді. Ол – заман ағымның өрісі. Мәдени нысанның ең басты артықшылығы оның тылсымдық қасиетінде. Мәдениеттің негізгі қайнар көзі, өзегі салт-дәстүр, әдеп-ғұрып болып табылады.Мәдениеттің адам өміріне тікелей қатынасы бар деп нақты айта аламын. Өйткені мәдениет арқылы мен өз-өзімді тәрбиеледім, қоршаған ортаға не берерімді үйрендім, анау ғасырда болған тарихыма көз салдым. Сонымен, мәдениет ұғымы бір жақты да емес, бір сатылы да емес болып табылады. Мәдениет түсінігі аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, ұлтқа, мемлекетке және Әлемге қатысты мәдени ұстанымдар жүйесі енеді. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптары нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Әр елдің өздеріне тән мәдениеттері қалыптасқан деп саралаймын. Әр елдің халқы әртүрлі мәдениеттерді ұстанады, сол арқылы адам да мәдениетке бейімделеді десе де болады. Мысал ретінде қазақ халқын алсақ, біздің елдің мәдениетінде адамның қоршаған ортаға әрекеті тікелей осы ұғымға байланысты болып келеді деп ойлаймын. Керемет ұлы тұлғамыз Олжас Сүлейменовтың мынадай жанды сөзі бар:”Гүлденген мәдениет дегеніміз- сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі”. Яғни екі ел азаматы бір-біріне өзінің гүлденіп, тамыр жайған мәдениетін таныстырып, сол арқылы әрекет жасайды. Адамның қоршаған ортаға жасаған әрекеті мен өмір сүру салты оның мәдениетін көрсетеді деп білемін.
6. Мәдениет анатомиясы дегеніміз ең алдымен мәдениет типологиясы болып табылады. Бұл жерде тип дегеніміз ежелгі грек тілінен үлгі, пішін, модель яғни мәдениеттің түрлері, үлгілері, модельдері туралы білім болып табылады. Жалпы алғанда мәдениеттер типіне келетің болсақ әлемдік мәдениет екі типке бөлінеді біріншіден шығыс мәдениетті, батыс мәдениетті. Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әр түрлілігі оның сан алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі.Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады:Мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік;Мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қортындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас:Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүйесі ретінде көрінеді.Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; — мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; — мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: — ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; — әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.
7. Ұлттық код – ұлттың қуаты. Ұлттық құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана сүтімен бойға дарыған рухани құндылықтарды, имандылық пен инабаттылықты, қазақшылықты айтпақ һәм үйретпек керек. Қазақ мұны атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Ұлттық код қайда? Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.
XX ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді. Еліміз тәуелсіздік жолының жиырма жетінші жылына қадам басқан тарихи шақта, басқа елдермен иығын тең тіресер кезеңде тіліміздің қазіргі жайы кімді болмасын толғандырмай қоймайды. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді.
Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі ерекше.
Тіл - ұлттың жаны, жүрегі болғандықтан, тіліміз тұғырлы, ғұмырлы болуы керек емес пе? Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматының бір-бірімен қазақ тілінде сөйлеп, ана тіліміздің мәртебесін өркендетуі керек. Бұл - азаматтың ел алдындағы борышы, міндеті!
8. Мәдениет тілі түсінігі. Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. Жасанды тілдер және олардың мәдениет дамуындағы рөлі. Сандық мәдениет тілі. Тілдердің әлеуметтік-мәдени дифференциациясы (бөлінуі). Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейленуіндегі рөлі. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі. Қазақ тілінің коммуникативтік қызметтері. Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.
Мәдениет семиотикасы. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар. Мәдени код. Мәдени код түсінігі. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы. Мәдениет этосы. Этос және мәдениет коды. Жаһандық мәдени код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық. Бұқаралық мәдениет коды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің коды. Қазақстандық мәдениет коды. Конвенционалды белгілер. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері. Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Сақ және скиф мәдениетінің рәміздері. Материалдық мәдениеттегі ғұндардың рәміздері мен белгілері. Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері. Миф рәміздері. Антикалық мифтер рәміздері. Шығыс мифтері рәміздері. Сақ мәдениеті мен мифтері рәміздері. Түркі мифтері рәміздері. Қазақ мифтері рәміздері. Дін рәміздері. Зороастризм рәміздері. Тәңіршілдік рәміздері. Буддизм рәміздері. Индуизм рәміздері. Иудаизм рәміздері. Христиандық рәміздері. Ислам рәміздері. Өнердегі рәміз. Көркем өнер рәміздері. Сәулет өнеріндегі рәміздер. Музыкадағы рәміздер. Би және балет рәміздері. Саясаттағы рәміздер. Мемлекеттік-саяси рәміздер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-саяси рәміздері. Ғылым мен техниканың негізгі рәміздері.
9.Мәдениет тіл түсінігі
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану
10. Мәдениеттің негізгі рәміздері
Қолда бар деректерге сүйенсек, елтаңбалардың қарапайым формалардан күрделі құбылысқа дейін көтерілген эволюциялық жетілу жолын алты кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезенде
алғашқьі әлеуметтік айырым белгілері пайда болған. Қазақ қоғамында осы күнге дейін үзілмей келе жатқан малға ен салу дәстүрі осы сипатты қүбылыс. Екінші кезең қарапайым рәміздік
таңбалардың қолданысқа түсуімен ерекшеленеді. Далалық мәдениетте өзгеше орын алатын рулық таңбалар осы деңгейде дүниеге келген қүбылыс. Үшіншісі - морлердің, төртіншісі - әулеттік
таңбалардьщ, бесіншісі - қалалар мен аумақтық бөліністер елтаңбаларының пайда болуымен, ал алтыншы, ең жоғары, деңгей - ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалардың шығуымен дараланады (Қазақстанда қалалық елтаңбалар XIX ғасырда пайда болды. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын
бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып
табылады. Жоғары отаншылдық еезімдермен астасьш жатқан рухани қуат - үлы күйші
Қүрманғазының әйгілі "Сарыарқасьшың” да ерек табигатын даралайтын қасиеттердің
бірі. Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні де (созі Ж.Ножімеденовтікі) - озінің
аса кең таралуы мен ел сүйіспеншілігіне боленуі жонінде қазақ топырағында халықтық
гимн деңгейіне котерілген болек туынды. Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздерін қабылдау азақтар үшін және республпкада түратын барлық үлттардың өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қогамның ескі іріпшіріген белгілерін жай жаңарту ғана емес, - деген болатын олардьщ түеау кесер еалтанатьшда Президент Н.Ә.Назарбаев, - Бүл - республиканың демократиялық және қүқықтық мемлекет қүруға, жеке адам еркіндігіне, этникалық түрғыдан эр текті халқымыздың бірлігін сақтау принциптеріне негізделген жаңа қоғам қүруға берік бетбүрыс
жасағандығымыздың белгіеі"
11. Мәдениеттің көшпелілік типтері: мәдени мәліметтерді кодтаудың формалары мен тәсілдері.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасқан. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Олар мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды.
Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды.
Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты. Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 - 20-ғасырларда, әсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дәйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дәлелдеп отыр.
Қазақтың ұлттық коды деп қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілерді айтқан жөн болар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары бағаланатын қасиеттері, солардың сығымдалып тұжырымдалған формуласы қазақтың ұлттық болмысының сырын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын құпия кілттің тап өзі боп шығуы ғажап емес.
Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие.
Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді. Өйткені, бағзы заманда әділеттілік, адалдық, шыншылдық және ахлақ (мораль) дәулет атаулыдан әлдеқайда артығырақ бағаланатын.
Бірақ заман ауысты, бір кездері құбылмалы саясат билеген уақыт ыңғайынан туындаған кемшіліктер кейіннен үлкен дертке айналды. Бұрындары «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» делінетін, барша игіліктен арды, ұятты, ахлақты жоғары қоятын қазақтың өмір сүру ережесі қатты өзгеріске ұшырады. Ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр. Салдары – бүгінгі қоғамның барлық саласын жайлаған сыбайластық пен сыбайлас жемқорлық, көпке түсініктірек тілмен айтқанда – коррупция. Тілге тиек етіп отырған бағдарламалық мақала осы құбылыспен күресуге шақырады, адамгершілік ұстанымды нығайтуға меңзейді.
12. Ғылымда сонымен қатар діннің көне наным нысандары бар. Олар – фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шамандық (бақсылық).
Фетишизм. Алғашқы адамдар үшін қоршаған географиялық ортаның өте маңызды болғаны белгілі. Адам табиғаттың дүлей күштері алдында өзін дәрменсіз сезініп, оған бағынышты күй кешті. Осыдан әр түрлі табиғат денелеріне: тасқа, ағашқа, аң-құстарға, суға, күнге табыну пайда болды. Осылар фетиш (португал тілінде – ерекше қасиеті бар зат) болып табылады. Яғни фетишизм - адам құдірет күші бар, жаудан қорғайтын, емдейтін қасиеті бар деп сенетін әртүрлі дүние объектілерін қастерлеу. Фетишизм сарқыншақтары күрделі діндерде де кездеседі. Мысалы, христиан дінінде иконалар, шірімей сақталған мүрделер; исламда Меккедегі Қағбаның қара тасына табыну, әулиелер жатқан мазарларды қастерлеу және т.б., буддизмде Лхасадағы реликвиялар, субурган (қасиетті ступа, қасиетті ғимарат) табыну.
Тотемизм – ежелгі діндердің тағы бір түрі. Солтүстік Америка үндістері тайпаларының тілінде тотем - оның тегі, туысы дегенді білдіреді. Адамдар топтары мен белгілі бір өсімдік, жануарлардың арасындағы туысқандық, құдіреттілік байланысы барына нанымды білдіреді. Тотемизмнің мәні туралы ғылымда әлі бірегей пікір қалыптаспаған. Тотемизм рулық құрылыспен тығыз байланысты. Анимизм алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болды. Анимистік наным алғашқы адамдарға тән бейнелеуден, қоршаған ортаны жандандыру талабынан шықты. Қиыр Шығысты зерттеуші В.К. Арсеньев «Дерсу Узала» атты кітабында Приморье өлкесінде жүріп, Жапон теңізі жағалауында болған мынадай оқиғаны суреттейді. Кенеттен әуеде теңіздің бетінен жоғарыда пароход, екі шхуна, таудың бейнесі көрініп, кейіннен тағы да әлдеқандай құрылыстың сүлделері көрінді. Біраз уақыт өткен соң осы көрініс сейіліп кеткен. Бұл осы өлкеде жиі кездесетін сағым болатын. Дерсу Узаланың пікірінше адамдардың, жануарлардың, құстардың, балықтардың, жәндіктердің, тіпті өсімдіктер мен тастардың, жалпы барлық жансыз заттардың жаны – көлеңкесі ( ханя) бар, адамдар ұйықтағанда жан қыдырады, ал ханя шегіншектесе адамдар оянады. Адам ұйықтағанда жаны денені тастап шығып, қыдырып көп нәрсені көреді. Түс көруді ол осылайша түсіндіреді. Жансыз денелердің жаны да өз материясын тастап кете алады, ал денелер бұл кезде тыныштық күйде болады.«Пантеизм» - грек философиясы бастап аудармасы бұл термин болып табылады «барлық Құдай». айырғысыз бейім Бұл наным жүйесі, тіпті «Құдайдың» түсініктерін анықтау және «табиғат». Осылайша Құдай белгілі бір жақсыз басталғанын білдіреді, ол барлық осы болып табылады, ол өмір ажырағысыз. Деизм – құдайды бейнесіз әлемнің алғы шарты ретінде мойындайтын ілім. 17-18 ғасырларда тараған құдайды дүниенің тек алғашқы бейнесіз жасаушысы ретінде қарастырады. Монотеизм (грекше: μονος — бір, θεος — Құдай) - тек бір ғана Құдай - Аллаһ тағала бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері. Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яһуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып
13 Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.
Сақалар көсемінің катафракт сауыт-сайманына бейнелі алтын қабырышақпен оқаланған тері сауыты, Есік обасы.
Достарыңызбен бөлісу: |