26.Педагогиканың ғылым ретінде калыптасуын тұжырымдап дәлелдеңіз.
Жауап:
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы оның ғылыми пән ретіндегі мәртебесін растайтын бірқатар негізгі факторлардың арқасында болды:
1. Оқу объектісі: Педагогика Оқыту мен тәрбиелеу процестерін, білім беру контекстіндегі тұлғаның дамуын зерттейді. Оның объектісі-адам оқыту мен тәрбиелеудің субъектісі, сондай-ақ білім берудің шарттары, әдістері мен құралдары.
2. Зерттеу әдістері: Педагогикада бақылау, эксперимент, статистикалық деректерді талдау, сұхбат, сауалнама және т.б. сияқты ғылыми зерттеу әдістері қолданылады. Білімді жүйелі түрде жинақтау және оларды тексеру педагогиканы ғылыми пәнге айналдырады.
3. Теориялық негіз: педагогиканың оқыту мен тәрбиелеу процестерін түсіндіретін және болжайтын өзіндік теориялары, тұжырымдамалары мен модельдері бар. Мысалы, тұлғаның даму теориялары, ілімнің мотивациясын қалыптастырудың педагогикалық тұжырымдамалары және басқалар.
4. Эмпирикалық тексеру: көптеген педагогикалық зерттеулер бақылаулар мен эксперименттерден алынған эмпирикалық дәлелдерге негізделген. Нәтижелер мен тұжырымдар дәлелдер негізінде расталады немесе жоққа шығарылады.
5. Кәсіби қоғамдастық: педагогика ғылымының дамуы мен дамуына белсенді қатысатын, өз зерттеулерінің білімімен, тәжірибесімен және нәтижелерімен алмасатын педагогтардың, ғалым-педагогтардың және зерттеушілердің кең қауымдастығы бар.
Осылайша, педагогика өзінің зерттеу объектісі, ғылыми әдістерді қолдану, теориялар мен тұжырымдамалардың болуы, нәтижелердің эмпирикалық тексерілуі және оның дамуына кәсіби қоғамдастықтың белсенді қатысуы арқасында ғылым болып табылады.
27. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі. Негізгі категорияларын анықтаңыз.
Педагогика термині гректің «paida» - бала, «qoqik» - жетектеу деген сөздерінен құралған. Ежелгі Грецияда құл иеленушілердің балаларын мектепке жетектеп алып барып, алып келетін құлдарды педагог деп атаған. Біртіндеп «педагог» деген сөз анағұрлым кең мағынада – баланы өмірде жетектеуші – деген мағынада қолданыла бастады. Яғни баланы оқытатын, тәрбиелейтін, оның еркі мен денесін тәрбиелейтін адамды педагог деп атады. Уақыт өткен сайын бала тәрбиесі жайлы білімдер жинақталып, педагогика деген ғылымның негізін құрады. Сөйтіп педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу жайлы ғылым болып қалыптасты.Сонымен, педагогика – жалпы адамды тәрбиелеу туралы ғылым.
Әрбір ғылымның өзіне тән негізгі категориялары болады. Категориялар – обьективтік құбылыстарды, қатынастарды, қасиеттерді бейнелейді. Педагогикалық категориялар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын байқаймыз. Педагогикада мақсат, әдіс, құрал, даму, қалыптасу, тәрбие сияқты т.б. көптеген категориялар кездеседі. Осылардың ішінде ең негізгілері – тәрбие, білім беру, оқыту. Қалған категория басқа ғылымдарға да ортақ, мысалы философия, психология, т.б. Сондықтан оқыту мен тәрбиеге ортақ осы үш категорияны анықтайық.
Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата- аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Кең мағынада, тәрбие дегеніміз табиғат пен әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл қоғамның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы.
Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру ұғымын педагогикаға алғаш енгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту мұғалім мен оқушының арасындағы екіжақты процесс. Біріншіден, мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік пен дағдыларға үйретеді. Екіншіден, оқушы сол білім, іскерлік, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
28.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық әдіснамалық тәсілдерін реттеңіз
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптастыру деп атайды.Жеке адамның қалыптасуы- күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.Педагогика ғылымында "тұлға" , "даму" және "қалыптастыру" ұғымдары жиі қолданылады. Даму-ол табиғи процесс, соның негізінде адам организмінің сапа және сан жағынан өзгеруінің нәтижесі көрініс береді.
Бала жарық дүниеге келгенде биологиялық тұрғыдан тірі жан иесі, яғни адам туды дейді. Бірақта ол «тұлға» деп аталмайды. Мағжан Жумабаевтың тәрбие туралы айтқан мына бір мазмұндағы пікірімен, ойымен: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туылғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туылады. Малдың төлі туа салып аяқтанады, тауықтың балапаны жұмыртқадан жарыла салып жүгіріп кетеді. Адам баласы туылғанда іңгәлаған айқайы мол бір кесек ет, ақыл есі жоқ, денесі тым әлсіз, өсуі, ұлгаюы тым сараң, тым шабан келеді. Адам баласы осылай өте әлсіз болып туып, аса сараң өсетіндіктен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей яғни тәрбие қылмай болмайды»
Жеке тұлғаның дамуы және оның дүние тануы түрлі жағдайларға байланысты.Даму проццесінде негізгі ықпал жасайтын факторлар: туқым қуалаушылық, табиғи және әлеуметтік орта мен тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу.
Тұқым қуалаушылық- жеке тұлғаның ата-анамен биологиялық ұқсастығы. Атап айтқанда:
-дене ерекшеліктері: баланың шашы, терісінің түсі, бет келбеті, басының формасы, т.б биологиялық ұқсастығы;
-әлеуметтік қасиеттері: сөйлеуі, көруі, естуі, тік жүруі;
-дара психикалық ерекшеліктері, қабілеттері: музыкаға қабілеттілігі, бейнелеу өнеріне, биге икемділігі, есеп шығаруға, есте сақтау қабілеті т,б нышан түрінде болады. Нышандар қабілеттілікке айналады.
-жоғары жүйке қызметінің белгілі бір түрі-холериктік, сангвиникалық, флегматикалық, меланхоликалық.
Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе» атты мақаласында: «Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки деректік болады» деген көзқарасын баяндайды. Адам дамуында орта зор рөл атқарады. Табиғи орта- бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы: ауа райы, жері, суы. Әлеуметтік орта-жеке тұлғаның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметті қатынас, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасытары көпжақты әрекеттері. Тәрбие- жеке тұлғаның дамуында жетекші рөл атқарады. Адамның туғаннан ержету кезеңіне дейін дамуы негізінен тәрбие арқылы, мақсатты түрде сырттай ықпал ету жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ықпал ететін факторларға біржақты көзқарас, шешім болмауы қажет. Мысалы, 30 жылдардың аяғында, кейбір кеңес педагогтары жеке тұлғаның дамуында ортаның рөлі басым деген идеяны қуаттап, тәрбиенің жетекші рөлін бағаламады. Сол секілді тәрбиенің рөлін тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортадан жоғары қою факторлары кездеседі.
29. Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу дағы мәселесін шешіңіз
Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде .
Жеке тұлға дүниетанымының қалыптасу үдерісінің заңдылықта-ры. Оқушылардың ғылыми дүние-танымы мектептің гуманитарлық, жаратылыстану пәндері мен отба-сындағы тәлім-тәрбие негізінде қа-лыптасады. Дәл осы ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазір-гі ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүние-танымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әреке-ті және мінез-құлық принциптерін, қоғамдық бағыттарын анықтайды,
Оқушылардың жағымды эмоцио-налдық күйі олардың жеке тәжіри-бесіне, әлеуметтік психологиялық жағдайына сүйенеді. Бірақ танымдық тапсырмалардың ролі ғылыми сенім-діліктерді қалыптастыру жолында да өз маңызын жоймайды. Таным-дық тапсырмаларды бір мезетте қа-лыптастыру диагностикасы мен се-німнің тәсілі болып қызмет етеді.Психология-педагогикалық әде-биеттерге талдау жасай келе, тұлға-ның дүниетанымын, ғылыми сенімін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:• объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру;• олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімді-лік;• құбылыстар мен әлеуметтік де-ректерді бағалау және ғылыми тал-даудың тәсілдерін меңгеру, адамдар-дың өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс деректерін талдау және бағалау;• белсенді іс-әрекетке субъекті ре-тінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын құру және не-гіздеу, бағалау, қабылданған шешім-нің дұрыстығын дәлелдеу).
30. Отандық ғалымдардың жеке тұлғаны дамыту туралы ой-пікірлерін талдаңыз.
Оқушының дүниетанымын қа-лыптастыру мінез-құлқының ең ма-ңызды қозғаушы күші болып табы-лады, оның іс-әрекетінің себеп-сал-дарын анықтайды. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру іс-әре-кеті жетістігінің маңызды шарты тә-жірибелік іс-әрекеттер мен сенім-дер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық үдеріс болып табылады. Бұған тек қана педагоги-калық үдерісте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырған-да ғана жетуге болады. Ол жүйе-лер: танымдық көзқарасы бар білім жүйесі, зерттеліп жатқан деректерге, құбылыстарға тұлғалық қарым-қа-тынас, тәжірибеде ойластырылған және алынған жеке іс-әрекеттік жос-пардағы білім және т.б.Адамдардың көзқарастары мен сенімдері әрқашан тәжірибелік бі-лімдермен сипатталады. Тәжірибе негізіне сүйене отырып, олар жеке тұлғаның діни әлемін, оның қажет-тілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін анықтайды, сонымен қатар тек қана оқушылардың танымына, сезіміне, еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық және іс-әрекет тәжірибесінде оған белгіленген әлеуметтік-мәнділігін анықтауды және жинақтауды ұйым-дастырады.Профессор Г. Н. Филоновтың ойынша, тұлғалық іс-әрекеттік тұр-ғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей топ-тастырады:– тұлғаның интеллектуалдық, эмо-ционалды-еріктік және іс-әрекет тә-жірибе саласына әсерін іске асыру;– жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие үде-рісін дараландыру, еңбек және оқыту-да жеке тұлға мен ұжымның өзара әсерінің органикалық біртұтастығы. Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тә-жірибемен тығыз байланысына не-гізделген тәжірибе факторының бел-сенді қызметі – оқушылардың дүние-танымын қалыптастырудың міндетті шарты
Білім берудегі тұлғаның қызметін зерттеуші М. Н. Скаткин: «Түсініктер-ді, ұғымдарды, заңдарды оқушылар-дың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегі-мен қалыптастыруы қажет. Білім тү-сініктерінің пайда болуы, заңдарды жете түсінуі – оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі», – деп келтіреді.
Профессор И. Я. Лернер таным-дық тапсырмалардың ролін зерт-тей келе: «Оқушылардың өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағ-дары және білімді пайдалануы се-зінуге жол ашады, яғни білімдер сенімге айналу үшін жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік бо-лып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айна-луы қажет», – дейді.
Профессор И. Ф. Харламов: «Әр-бір тұлғаның дүниетанымдық көзқа-растары ұзақ, күрделі интеллектуал-дық іс-әрекет нәтижесінде қалыпта-сады», – деп келтіреді. Ал көзқа-растар болса өз кезегінде оның руха-ни мәдениетінің, оның «Мен» деген сезімінің мәнін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының не-гізін құрайды. Сенім – көзқарастар-дың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адам-дардың ұжымды жеке тәжірибе-сін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлдебір «білетін» немесе «түсіне-тін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.
31.Жеке тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін факторларға тәжірибе келтіріңіз
Жеке адамның дамуына үш фактор әсер етеді: а) Биологиялық - тұқым қуалаушылық; ә) Әлеуметтік - қоршаған орта, табиғат; б) Қоғамдық - тәрбие. Тұқым қуалаушылық арқылы ата-анадан балаға тік жүруге бейімділігі, ақыл, сана, сезім мүшелерінің дамуы, сыртқы белгілерінің ұқсастығы, нәсілдік, ұлттық белгілері, сонымен қатар жүйке жүйесінің түрі, қабылеттердің нышаны беріледі. Әлеуметтік орта бірнеше түрге бөлінеді: микро орта - ең жақын адамдар, отбасы, мезо орта - мектебі, ауылы, қаласы, макро орта - мемлекет, қоғам, мега орта - бүкіл әлем, космос. Табиғат, климат та адамның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Осы үш фактордың ішінде тәрбие ең маңызды болып есептеледі. кең мағынада тәрбие дегеніміз қоғамдық құбылыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан тәжірибе. Шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
32."Дүниетаным" ұғымының мазмұнын ашыңыз және мысал келтіріңіз
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатыстығылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады. Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгерунәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі,өзгертеді. Жеке адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның “Мен” деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір “білетін” немесе “түсінетін” емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялардүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады.
33.Қазіргі және бұрынғы мектептегі білім беру мазмұнын салыстырыңыз.Айырмашылықтарын көрсетіңіз
Бұрынғы мектептер:
Дәстүрлі пәндік фокус:
Бұрынғы мектептер математика, тіл өнері, жаратылыстану және қоғамтану сияқты дәстүрлі пәндерге көп көңіл бөлетін.
Оқу бағдарламасы көбінесе оқулықтар мен стандартталған бағалаулар төңірегінде құрылды, фактілерді есте сақтау мен регургитацияға баса назар аударды.
Мұғалімге бағытталған нұсқау:
Оқыту әдістері негізінен мұғалімге бағытталды, тәрбиешілер білімнің негізгі көзі ретінде қызмет етті.
Сыныптағы іс-әрекеттер көбінесе лекциялар, жазбалар және жеке орындармен жұмыс жасау төңірегінде болды, студенттердің өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастық мүмкіндіктері шектеулі.
Есте сақтау және есте сақтау:
Есте сақтау және есте сақтау жалпы педагогикалық тәсілдер болды, әсіресе тарих даталары, көбейту кестелері және емле сияқты пәндер үшін.
Бағалау әдетте сыни ойлау немесе проблеманы шешу дағдыларын емес, еске түсіруді тексеруге бағытталған.
Технологиялардың шектеулі интеграциясы:
Алдыңғы мектептердегі технологияларды біріктіру тақта, кодоскоп және оқулықтар сияқты дәстүрлі оқу құралдарына сүйене отырып, аз болды.
Сыныптарда компьютерлер көп болмады, интернет ресурстары шектеулі немесе мүлдем жоқ болды.
Ағымдағы мектептер:
Кеңейтілген оқу жоспары:
Қазіргі мектептерде көбінесе негізгі пәндерді ғана емес, сонымен қатар информатика, қоршаған ортаны зерттеу, өнер және сауықтыру сияқты ұсыныстардың кең ауқымын қамтитын кеңейтілген оқу жоспары бар.
Пәнаралық оқытуға, жобаға негізделген тәсілдерге және білімнің нақты әлемде қолданылуына баса назар аударылуда.
Оқушыға бағытталған оқыту:
Оқыту әдістері оқушыға бағытталған тәсілдерге ауысты, тәрбиешілер ақпаратты жалғыз таратушы емес, көмекші және бағыттаушы рөлін атқарды.
Сынып бөлмелері белсенді оқыту стратегияларымен, топтық жұмыстармен, пікірталастармен және оқушыларды оқу процесіне тарту үшін практикалық әрекеттермен көбірек сипатталады.
Сыни тұрғыдан ойлау және мәселені шешу:
Оқу бағдарламасы бойынша сыни ойлауды, мәселелерді шешуді, шығармашылықты және коммуникация дағдыларын дамытуға көбірек көңіл бөлінеді.
Бағалау көбінесе ақпаратты талдау, идеяларды синтездеу және жаңа жағдайларға түсініктерді қолдану сияқты жоғары дәрежелі ойлауды қажет ететін тапсырмаларды қамтиды.
Технологиялық интеграция:
Технология компьютерлерге, планшеттерге, интерактивті тақталарға және білім беру бағдарламалық құралына кең қол жетімділікпен қазіргі мектептерде маңыздырақ рөл атқарады.
Мұғалімдер оқу тәжірибесін жақсарту үшін сандық ресурстарды, онлайн зерттеу құралдарын, мультимедиялық презентацияларды және виртуалды модельдеулерді біріктіреді.
Дербес оқыту және саралау:
Қазіргі мектептер оқушылардың жеке қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және оқу мәнерлерін қанағаттандыратын жекелендірілген оқыту тәсілдеріне басымдық береді.
Дифференциация стратегиялары мақсатты қолдау мен байыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге назар аудара отырып, әртүрлі оқушыларды орналастыру үшін қолданылады.
Қорытындылай келе, қазіргі мектептерде сыни тұрғыдан ойлауға, ынтымақтастыққа және студенттерді жылдам дамып жатқан әлемде жетістікке дайындау үшін технологияларды біріктіруге баса назар аудара отырып, білім берудің әртүрлі және оқушыға бағытталған тәсілі бар.
34.Тәрбие берудің мақсаты мен мәні неде көрсетіңіз.
Білім берудің мақсаты мен мәні көп қырлы және мәдени, әлеуметтік және жеке көзқарастарға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, кейбір жалпы тақырыптар пайда болады:
Мүмкіндіктерді кеңейту: білім беру жеке тұлғаларға білім, дағдылар және олардың әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін беру арқылы мүмкіндік береді. Ол оларды әлемді шарлау, негізделген шешімдер қабылдау және олардың ұмтылыстарын жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен жабдықтайды.
Жеке даму: Білім интеллектуалдық қызығушылықты, сыни ойлау қабілеттерін, шығармашылық пен эмоционалдық интеллектті тәрбиелеу арқылы тұлғаның өсуі мен дамуына ықпал етеді. Ол өзін-өзі ойлауға, өзін-өзі ашуға және өмір бойы оқуға деген сүйіспеншілікке шақырады.
Әлеуметтену: Білім әлеуметтенуде шешуші рөл атқарады, адамдарға әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды және әдет-ғұрыптарды үйренуге көмектеседі. Ол түсіністікке, эмпатияға және ынтымақтастыққа ықпал етеді, қауымдастық пен тиесілік сезімін қалыптастырады.
Азаматтыққа дайындық: Білім беру жеке тұлғаларды өз қауымдастықтарында және кеңірек қоғамда белсенді және белсенді азаматтар болуға дайындайды. Ол демократиялық принциптерді, азаматтық жауапкершілікті және әлеуметтік әділеттілік мәселелерін білуді, азаматтық өмірге қатысуды және оң өзгерістерді насихаттауды ынталандырады.
Экономикалық мүмкіндік: Білім көбінесе экономикалық мүмкіндіктерге және жоғары мобильділікке апаратын жол ретінде қарастырылады. Ол адамдарға жұмысқа орналасу, экономикаға үлес қосу және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қажетті дағдылар мен біліктілік береді.
Мәдениетті сақтау: білім беру мәдени мұраны, салт-дәстүрді және тілдерді ұрпақтан-ұрпаққа сақтауға және беруге көмектеседі. Ол әртүрлілікті бағалауды дамытады және әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастарды құрметтеуге шақырады.
Сайып келгенде, білім берудің мақсаты мен мәні білім мен дағдыларды меңгерумен шектелмей, жеке тұлғаның өсуін, қоғамдық прогресті және адам әлеуетін өсіруді қамтиды. Бұл адамның негізгі құқығы және жеке және ұжымдық гүлденудің ірге тасы.
Достарыңызбен бөлісу: |