Лексикалық минимум қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін
шектеулі сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығын қамтиды.
9-10
«Жаңа сөздерді игертудің қандай жолдары бар?» деген сауалға мұғалімдер
«түрлі стратегияларды білу қажет», «түрлі ресурстарды пайдалану керек», «оқушыны
ең алдымен ынталандыру қажет» деген пікірлер айтып жатады.
Осы мәселелер төңірегінде Скотт Торнбери мынандай маңызды тұстарды атап
көрсетеді:
Қайталау – лексиканы меңгертуді түрлі формада беруге мүмкіндік береді.
Біріншіден, бір сабақта үйретілетін жаңа сөздерді түрлі әдіс-тәсілдермен қайталату,
қолданысқа ұсыну болып табылады. Екіншіден, қайталау деп - бірнеше сабақ
көлемінде лексикалық минимумның мақсатты ұшырасып отыруын, сонымен қатар,
сөздер қайталану тәртібімен жазылған әдеби немесе әдеби емес мәтіндерді оқу,
қайталауға негізделген өлеңдер мен жұмбақтарды, шаблонды айтылым модельдерін,
ойындарды қолдануды айтамыз.
Кейбір тіл үйренушілер сөздердің мағынасын өздерінің ана тіліндегі заттармен, сөз
атауларымен ассоциациялау арқылы меңгереді, осы тұрғыда елестету қағидасы
қажетке жарайды.
Жаттату деген сөз С.Торнберидің айтуынша «оқушыларға мәжбүрлеп сөздерді
жаттату» деген ойды білдірмейді, керісінше, оқушыларды сөздерді еш мәжбүрлеусіз,
аңғармай жаттатуға жағдай туғызу қажет деген мағынада қолданылады. Сөздерді
оқушыларға мәжбүрлеп жаттатуға болмайды, өйткені мұндай жағдайларда
оқушылардың ынтасы төмендеп, тілге деген жатсыну пайда болады.
Бір сабақта ұсынылатын тапсырмалардың барлығында меңгертуге жоспарланған
сөздер қолданыс тапса, оқушылар ол сөздерді қайта-қайта кездестіру арқылы тез
жаттап алады.
Сөздерге назар аударту дегеніміз - сөздің мағынасын оқушының жақсы түсінуі,
ерекше санасына тоқып алуы үшін ерекше оқиға, жағдаят туғызу: қимылмен,
мимикамен көрсету, оқушыларға әзіл әңгіме айту т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |