1-модуль жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата05.09.2023
өлшемі420.06 Kb.
#476651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.4-дәріс

негізделеді. Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін мұғалім лексикалық-
грамматикалық минимумда берілген актив сөздерді үнемі басшылыққа алып отыруы 
тиіс. 

Лексикалық минимумды (әрі қарай – ЛМ) анықтауда актив сөздер үш түрлі 
ұстанымы 
бойынша 
іріктелді: 
статистикалық, 
лингвистикалық 
және 
әдістемелік. Бұл ұстанымдар өзара тығыз байланыста қарастырылады:
1. Статистикалық ұстаным лексиканың сандық сипатын анықтауға, 
сөздердің қолданылу ерекшелігіне, жиілігіне және сөз санын айқындауға 
негізделеді. 
2. Лингвистикалық ұстаным сөздердің семантикасын, құрылымдық 
ерекшелігін және басқа сөздермен тіркесу мүмкіндігін негізге алады. 
Мұнда төмендегі мәселелерге айрықша көңіл бөлінеді: 

сөздердің тіркесімділігі: актив сөздердің басқа да көптеген бірліктермен 
кең шеңберде тіркесуі; 

сөз тудырушы қабілеті: туынды сөздерді жасаудағы әлеуеті; 

сөз қатарын түзудегі мүмкіндігі мен рөлі: ауызша және жазбаша ойын 
жеткізуге қолайлы сөздер реті. 


3.Әдістемелік ұстаным: оқытудың мақсаты, тілді оқыту деңгейлері, қарым-
қатынасқа түсу салалары (әлеуметтік-тұрмыстық, отбасылық, ойын-еңбек
әлеуметтік-мәдени, іскери және қоғамдық-саяси) және оқу бағдарламасында 
көрсетілген жағдаяттық-тақырыптық бағытына қарай жинақталады.  
Осы ұстанымдардың негізінде қарапайым (А1), базалық (А2), ортадан жоғары 
(В1) және жоғары деңгейлерінің (С1) лексикалық минимумдары түзіледі. 

Лексикалық минимумда қазақ тілі мен әдебиетін қазақ тілді емес мектептердің 
1-11 сыныптарында деңгейлік тұрғыдан меңгеру мақсатында оқу бағдарламасында 
көрсетілген тақырыптар бойынша лексикалық минимумдар саны іріктелді. 
Лексикалық минимум сөздік қордың кеңеюіне, актив және пассив сөздік қордың 
қалыптасуына ықпал ететін, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін 
(қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер) шектеулі сөздер 
мен сөз тіркестерінің жиынтығын қамтиды. 
Қарапайым деңгейде бейтарап сөздер қатары буын саны мен қолданылу 
жиілігіне қарай іріктелді. Ал орта және жоғары деңгейлерде терминдер, 
архаизмдер, абстракт, күрделі, кірме сөздер қатары қамтылды. Сөздердің 
синонимдік, антонимдік, омонимдік қатары қарапайым деңгейде мейлінше 
шектеулі берілді. Қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық минимумдары өзара 
тығыз байланыста анықталды. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша, 
сонымен қатар күнделікті тұрмыс-тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын 
сөздер сұрыпталды.Сондай-ақ тарих және әдебиет пәндері бойынша пәнаралық-
әдістемелік байланысты ескере отырып, бағдарламаға сәйкес бейтарап сөздер 
алынады. Ал пассив сөздер ЛГМ-ді іріктеуде арнайы қарастырылған жоқ, себебі 
оқушыға бұл сөздер тек қана мәтінді оқығанда әрі тыңдағанда ғана мәнмәтін немесе 
сөйлем ішінде түсіндіріледі. 
Грамматикалық минимум коммуникативті-функционалдық қағиданың негізінде 
жүйеленді. Коммуникативті қағида тілдің сөйлеу әрекеттеріндегі қызметін ескерсе, 
функционалды-құрылымдық қағида белгілі бір сөйлеу мақсатын жеткізудегі тіл 
деңгейлері бірліктерінің өзара байланысты қызметін басшылыққа алды

Бұл 
қазақ тілінің грамматикалық құрылымы туралы іргелі тілдік білімді қалыптастыруға 
ықпал етеді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу бағдарламаларында әр сыныпқа қатысты 
лексика-грамматикалық минимум тізімдемесі әзірленіп, бағдарламаның құрамдас 
бөлігі ретінде енгізілген. Мысалы, 1-сыныптың 
оқу 
бағдарламасында 
І- 
тоқсанда ортақ тақырыптардың біріншісінде, «Өзім туралы» тақырыбы бойынша 
17 сөз берілсе, «Менің мектебім» – 17 сөз, «Менің отбасым және достарым» – 
12 сөз, «Қоршаған әлем» – 14 сөз, «Саяхат» – 16 сөз, «Салт-дәстүр және ауыз 
әдебиеті» – 16 сөз, «Тағам мен сусын» – 14 сөз, «Тәні саудың – жаны сау» – 14 сөз 
қамтылады. Жалпы барлық тақырыптар бойынша лексикалық-грамматикалық 
минимумда әр бөлім бойынша берілген лексикалық минимум (актив) толық 
қамтылып, 120 актив сөз меңгерілуі тиіс. 
Лексикалық-грамматикалық минимумды құрастырған авторлардың пікірінше, 
бастапқы кезде білім алушылар әр сабақта 2 сөзден, жылына 120 сөз меңгеруге тиіс. 
Қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 1-11-сынып 
білім алушыларына арналған лексикалық-грамматикалық минимум кестесінде 
көрсетілгендей, А2 деңгейі бойынша білім алушы кемінде 1076 сөз меңгерсе, 11-
сыныпты бітіргенде С1 деңгейі бойынша 2884 сөз меңгеріп шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет