1-модуль жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата05.09.2023
өлшемі420.06 Kb.
#476651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.4-дәріс

Жаңа сөздерді таныстыру 
1. Сөз мағынасы мен формасын түсіндіру (жағымды/жағымсыз немесе 
болым/болымсыз мағыналарын ажырату) 
2. Сөзді дұрыс айту үлгісін көрсету не түсіндіру (екпінге көңіл бөлу) 
3. Сөзді дұрыс айтуға жаттықтыру (топта, жұпта, жеке) 
4. Сөзбен сөйлем құрату (қолдану үлгісіне мән беру) 
5. Сөздің дұрыс жазылуын тақтада көрсету 
Жаңа сөздермен жұмыс жасауда мынадай әдіс-тәсілдерді пайдалануға 
болады: 
✓ Суретті карточкалармен жұмыс 
✓ Куезенейер таяқшасы немесе түрлі түсті доптармен жұмыс 
✓ Сөздіктен іздету 
Көрнекі затты пайдалану 
✓ Қысқа мәтіндерді оқуға ұсыну 
✓ Интенсивті және экстенсивті оқылым ұсыну 
Интерактивті ойындар ойнату 
✓ Жаттығу орындату 
✓ Сұрақ, өлең, жұмбақ, әңгіме т.б.құрастыру 
Білім алушыларға сөздерді беру барысында оларды төмендегі белгілер 
бойынша іріктеп отыру қажет: 
Тілде жиі қолданылатын сөздер
✓ Оңай құралатын сөз тіркестері
✓ Тақырып, мәтінде кездесетін сөздер; 
✓ Сөз жасау жолдарын түсіндіру үшін қолданылатын сөздер. 
15 
Слайда бастауыш сыныптарда лексикалық минимумды меңгерту бойынша бірнеше 
мысалдар берілген.
Лексикалық минимумды меңгертуде берілген сөз түрлі грамматикалық формада 
қолданылады. Мысалда көрініп тұрғандай «қызғалдақ» ж»не «қызғылт» сөздерінің 
әрқайсысы түрлі формада бірнеше рет қайталанып қолданылады.
Мұғалім жаңа сөздерді баяу, анық айтады және оның грамматикалық формаларына 
екпін түсіреді. Алайда грамматикалық формаларға арнайы тоқталудың қажеті жоқ. 
Әсіресе грамматикалық терминдерді қолданбау керек.
16 
Лексика-грамматикалық минимумда берілген жаңа сөздерді дыбысталуы, 
мағынасы жағынан әр сабаққа жіктеп бөліп алу ұсынылады. Жаңа сөздердің айтылуын 
меңгерту барысында төл дыбыстардың артикуляциясын қадағалау керек. Жаңа 
сөздердің мағынасын меңгерту барысында бірнеше жұмысты түрлендіріп қолдану 
ұсынылады.
Жиі қолданылатын сөздер оқушы деңгейі мен жаттығуларда берілетін тапсырмаларға 
сай болуы тиіс. Бұл сабақтар жүйелілікпен оқытылуы керек: қайталау және түзету, 
оқыту, тәжірибелену, қолдану.


Оқушылар сөздерді бөліп жазуды үйренгенге дейін дыбыстарды біріктіріп оқу үшін 
әріптерді жақсы білуі керек. Оқушылардың оқудағы қиындықтарын ерте анықтау 
үшін бағалау кезеңінде жетістіктерін нақты бақылап отыру керек. Бөлімді бастамас 
бұрын назарда ұстайтын грамматикалық элементтерді таңдалады. 
Оқушы белгілі бір тақырыпта сөйлеу үшін біршама сөздік қор қажет, бірақ соның 
ішінде екі-үш сөз тақырыпты ашу үшін өте маңызды болады. Оқушының белгілі бір 
тақырыпта сөйлеуге аса қажетті сөздердің ең аз мөлшері бір сабақта 2-3 сөзді қамтиды.
Мысалы, орман тақырыбында сөйлеу үшін «орман, ағаш, жапырақ, құс, аң» деген 
сөздер керек. Берілген суретте шамамен орманға қатысты ақпарат беретін заттар мен 
құбылыстар бейнеленген. Кейбір сөздерді оқушы бұған дейінгі сыныптарда меңгерген 
деп есептеген күннің өзінде, бір сабақта аса қажетті деген 2-3 сөзді меңгерту қажет, 
яғни оқушы бір сабақта тек жаңа екі сөзді ғана саналы түрде меңгере алады. Егер 1 
сабақтың ішінде оқушыға түсініксіз, оқушыға таныс емес сөздер көп болса, оқушы 
олардың көпшілігін автоматты түрде қабылдамауы мүмкін. Сондықтан да бір сабақта 
2 немесе 3 (кейде 1 сөз ғана) меңгертуді жоспарлау қажет. 
17 
Лексикалық минимум: актив және пассив болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет