Сурет 2.Оңтүстiк Қазақстан облысындағы 2000-2005 ж.ж. аралығындағы салық түсiмдерiнiң серпiндiлiгi
(млн теңге)
Кесте 2.Оңтүстiк Қазақстан облысының салық түсiмдерi
2005 жылдық 4-шi тоқсан есебi
(мың теңге)
Түсiмдер
Салықтық түсiмдер
Акциз
Зақды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы
әлеуметтiк салық
|
Бюджет
|
Есебi
|
%
|
4243605,0
1225839,0
5592,0
274771,0
243117,0
702359,0
|
431877,0
1420247,0
4135,0
185992,0
341170,0
888950,0
|
101,8
115967,7
73,9
67,7
140,0
126,6
|
Жергiлiктi бюджетiнiң кiрiс бөлiгi болғанымен күнделiктi бақылау жасау және қарызды өтеу кестесi бойынша бiрнеше жылдан берi келе жатқан бюджет пен бюджеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң жалақысы толығымен төлендi.
Төмендегi диаграммада облыс бойынша мәлiметтер келтiрiлген:
01.01.02 ж.
01.01.03 ж.
01.01.04 ж.
01.01.05 ж.
Кестеден көрiп отырғанымыздай облысымыздың кредиторлық қарызы 1.01.00 жылға 9260,0 мың теңге болатын, ал 1.09.03 жылға 1422,0 млн теңгенi құрады. 2004 жылға 954,2 млн теңгемен кiрсек, ендi мiне 2005 ж. үшiн облыстың ешқандай өсiмдерi болмай отыр.
Бюджеттiң кiрiс бөлiгi болжамының артығымен орындалуы тек жергiлiктi салық органдарының әкiмшiлiк iс-шараларының жетiлдiруiмен қатар салық салынатын базаның тұрақтылығын, яғни аймақта ауыл шаруашылығымен айналысатын субъектiлердiң экономикасында оң өзгерiстер болғандықтан көрсетедi.
2005 жылы тоқтап тұрған кәсiпорын iске қосылып, 1879,3 млн теңгенiң өнiмiн шығарып, тиiстi салығын төлеп отыр.
Негiзгi табыс көздерi – заңды тұлғалардың табыс салығын (129,6 %), жеке тұлғалардың табыс салығының (109,1 %), әлеуметтiк салыққа (108,9 %) болжамдары артығымен орындалды.
Сонымен қатар қосымша құн салығы (95,3 %) зақды тұлғалардың мүлік салығы (40,6 %), базаларда тауар сату құқығы үшiн төленетiн жиындар (80,6 %), т.б. болжамдаған көрсеткiштер төмен болды.
Заңды тұлғалардың табыс салығының болжамы 129,6 пайызбен орындалып, 10107,9 млн теңге түстi, ол жалпы түсiмнiң 37,1 пайызын құрайды. өткен жылмен салыстырғанда 3,7 есе артық болды.
Болжамның артық болуына негiзгi себеп облыс бюджетiне ШНОС ААҚ-ының бұл салық бойынша 7933,3 теңге (78,5 %), Қазақстан Темiр жолы аймақтық мемлекеттiк кәсiпорынның – 61367 млн теңге, Қазақтелеком – 56,7 млн теңге аударды.
Мемлекеттiк баж салығының болжамы 121,9 % орындалып, бюджетке 72,5 млн теңге бағытталды.
Болжамның асыра орындалуының негiзгi себебi өткен жылдар берешегiнен түсiм қамтамасыз етiлдi, сонымен қатар сот шешiмiнiң Таштехорталығының Сарыағаш филиалы бойынша 2,3 млн. теңге Сарыағаш санаториi 1,8 млн теңге көлемiнде салық төлендi.
Қосымша құн салығының 4,7 пайызға орындалмады, немесе 157,1 млн теңге түспей, жиналған салың мөлшерi өткен жылға жиналған салыңтан 809,1 млн теңге кем болды.
-
барлық түскені
-
Республикалық бюджет
-
Жергілікті бюджет
Бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң 2005 жылғы 12 айда жалпы контингент бойынша орындалуы 16488,8 млн теңгенi немесе 106 % құрады (жоспар бойынша 15500,8 млн теңге), оның iшiнде:
-
мемлекеттiк бюджетке – 9520,8 млн теңге немесе 102 % (жоспар бойынша – 9324,4 млн теңге);
-
облыстың бюджетке – 6967,9 млн теңге немесе 113 % (жоспар бойынша – 6176,4 млн теңге);
-
қалалың бюджетке - қалалың бюджеттен берiлген несиелердi қаутарылуы есепсiз – 2669,5 млн теңге немесе 102 % (жоспар бойынша – 2905,7 млн теңге);
-
реттеушi салың - 2070,5 млн теңге немесе 95 % (жоспар бойынша 2168,1 млн теңге).
Қалалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiндегi жалпы түсiмдердiң iшiнде реттеушi түсiмдердiң iшiнде реттеушi түсiмдердiң үлес салмағы 67,2 % құрады.
Облыстық бюджет:
ШНОС ААҚ түсiмдерiн қоса есептегенде 2005 ж. 12 айында 6967,9 млн теңге түстi; өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 1611,5 кем түстi. (2004 жылдың 12 айында – 1579,5 млн теңге).
ШНОС ААҚ түсiмдерiн есепке алмағанда 2004 ж. 12 айында 5356,4 млн теңге түстi, өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 1421,2 млн теңге артың түстi: (2005 ж. 12 айында – 3925,2 млн теңге).
Қалалың бюджет:
ШНОС ААҚ түсiмдерiн қоса есептегенде 2005 ж. 12 айында 3187,5 млн теңге түстi; өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 229,9 кем түстi. (2004 жылдың 12 айында 3417,5 млн теңге).
ШНОС ААҚ түсiмдерiн есепке алмағанда 2004 ж. 12 айында 2473,1 млн теңге түстi; өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 1122,9 млн теңге түстi. (2003 ж. 12 айында 1350,2 млн теңге).
Түсiмдердiң артығымен орындалуы мына салықтар бойынша қамтамасыз етiлдi:
-
әлеуметтiк салық – 111 %
-
жер салығы – 143 %
-
табыс көздерiнен үсталынатын жеке тұлғалардың ТС - 119 %
-
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың ТС – 103 %
-
заңды тұлғалардың көлiк салығы – 113 %
-
жеке тұлғалардың көлiк салығы – 100 %
-
заңды тұлғалардың мүлік салығы – 114 %
-
жеке тұлғалардың мүлік салығы – 139 %
-
бiрiңғай жер салығы – 101 %
-
базарда тауарлар өткiзгенi үшiн төлем – 100 %
-
су үшiн төлем – 107 %
-
басқа да салықтық түсiмдер – 100 %
Баж салығы бойынша:
-
айықтырғышқа түскен адамдардан түсiм – 121 %
-
әкiмшiлiк санкциялар мен айыптар – 118 %
-
басқа да санкциялар мен айыптар түсiмдi – 100 %
Жалпы түсiм көлемiнiң ең көп үлес салмаған мемлекеттiк салыңтар құрайды 168 % немесе 11180,9 млн теңге:
-
ҚҚС – 22,9 %
-
Заңды тұлғалардың ТС – 21,6 %
-
жеке тұлғалардың төлем көздерiнен алынатын ТС – 6,7 %
-
акциз – 16,7 %.
Келесi салық түрлерiнен түсiмдер қамтамасыз етiледi:
-
заңды тұлғалардың ТС – 88 %
-
акциз – 94 %
-
аукдиондық сатулардан алынатын алым – 24 %
-
басқа да салың емес түсiмдер – 76 %.
Қалалық бюджеттiң акциз салығы бойынша жоспардың орындалмауына байланысты, оның iшiнде шарап және арақ өнiмдерiне, ойын бизнесiне салынатын салыңтардан 8430,5 мың теңге бюджетке түспедi.
Шарап және арақ өнiмдерiнiң акциздiк салың жоспарының орындалмау себебi: Химфарм ААҚ және АзиаБио өнiмдерiнiң өтiмдiлiгi төмендедi, өйткенi базарында өте үлкен бәсеке байқалуда.
Бюджет төлемдерi бойынша қарыздар 1.01.2005 жылы контингент бойынша – 1872,9 млн теңгенi; облыстың бюджет бойынша – 734,2 млн теңгенi; қалалық бюджет бойынша – 329,3 млн теңгенi құрады.
Бюджетке төлемдер бойынша қарыздар 2004 ж. қаңтар айының 1-шi жұлдызымен (2967607,2 мың теңге) салыстырғанда, 63 % немесе 1094622,1 мың теңгеге төмендедi. 2005 жылдың 12 ай iшiнде 2357,2 млн теңге сомаға 27 кәсiпорындар банкрот болып тағайындалды.
Бюджетке салықтар мен салықтық емес түсiмдер толық түсуi мақсатында 2005 жыл бойынша 5270338,0 мың теңгеге 5404 өкiмдер шығарылды, оның iшiнде 176509,3 мың теңгеге акт бойынша тексерулерден 460 өкiмдер шығарылды, 268 өкiмдерден 24014,4 мың теңге алынды. Дебиторларға 67735,7 мың теңгеге 55 өкiм шығарылды, оның iшiнде бюджетке 31 өкiм кәсiпорындардан 61534,3 мың теңге түстi.
Салық комитетiмен 2005 жылда 740 салық заңын бузушылар 17327,7 мың теңге әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды, оның iшiнде 305 қауылы бойынша 5555,0 мың теңгеге түстi. 152 тiркiлмеген жеке тұлғалар 1108,0 мың теңге сомаға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды, оның iшiнде 15 қаулы бойынша 73 мың теңге бюджетке түстi.
Жыл басынан бастап салық комитетi 1895 тексеру өткiздi, оның iшiнде 710 деректi, 211 қарсылай, 779 тақырыптық, 197 рейдтiк тексеру. Экономика және бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 965841,6 мың теңге толың есептелдi, оның iшiнде 574586,4 мың теңге немесе 59,4% өндiрiлдi. 2005 жылы 2004 ж. 12 айымен салыстырғанда толық есептеу сомаларын өндiрудiң:
-
заңды тұлғалардың табыс салығынан 1511 мың теңге, акциздерден 303 мың теңге, заңды тұлғалардың мүлік салығынан 1591 мың теңге, табыс көздерiнен ұсталынатын жеке тұлғалардың табыс салығынан 1495 мың теңге, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың табыс салығынан 881 мың теңге артықтығы байқалды.
2005 жылдың қаңтар айының 1-iне дейiн салың комитетiнiң тiркеуiнде 12158 салық төлеушi тұр, оның iшiнде 6431 заңды тұлғалар, 5727 жеке тұлғалар.
Оңтүстiк Қазақстан облысындағы салық органдарының салықтық бақылау жүргiзуiнiң нәтижелерiн төменгi кестеден көруiмiзге болады.
Кесте 3.
Оңтүстiк Қазақстан облысындағы салық органдарының 1999- 2005 ж.ж. аралығында салықтық бақылау жүргiзуiнiң нәтижелерi
Көрсеткiштер
|
1999
|
2000
|
2003
|
2004
|
2005
|
2004
|
2005
|
Салық органдарында тiркеуге алынған заңды тұлғалардың саны
|
1471
|
1995
|
2348
|
2552
|
2710
|
2887
|
2797
|
құжатқа сәйкес тексерiлгендерi, мың
|
975
|
1688
|
1571
|
1326
|
843
|
736
|
719
|
Тексеру нәтижесiнде анықталған тәртiп бұзушылықтар, мың
|
643
|
1478
|
1051
|
689
|
441
|
422
|
398
|
Тәртiп бұзушылықтары анықталған заңды тұлғалардың үлес салмағы,%
|
65,9
|
87,6
|
66,9
|
52,0
|
52,3
|
57,3
|
55,4
|
Кестеден көрiп отырғанымыздай, салық заңдарын бұзған заңды тұлғалардың үлес салмағы 1994 жылмен салыстырғанда 38,1 % төмендеген. Сонымен қатар, талданып отырған кезең iшiнде заңды және жеке тұлғаларда тексеру нәтижесi бойынша қосымша сомалар бюджетке түскендiгiнiң үрдiсi байқалады. Егер де 1994 жылы заңды тұлғалардан қосымша қаржы өндiрiп алған сомалар 4,5 % құраған болса, 2005 жылы тиiсiнше 37,5 % құрады (кесте 4).
Кесте 4
Салықтық түсiмдердiң серпiндiлiгi
Көрсеткiштер
|
1999
|
2000
|
2003
|
2004
|
2005
|
2004
|
2005
|
Барлығы түскен сома, млрд. тенге
|
4,9
|
39,1
|
158,1
|
343,3
|
474,7
|
670,5
|
599,1
|
Іосымша түскен сомалар, млрд. тенге
|
0,22
|
3,4
|
31,2
|
51,6
|
165,1
|
256,9
|
225,0
|
Барлығы түскен сома мен қосымша түскен сомалардың ара қатынасы, %
|
4,5
|
8,7
|
19,7
|
15,0
|
34,8
|
38,3
|
37,6
|
Салық заңдылықтарын бұзудың серпiндiлiгi мен салық қызметкерлерiне салынатын ауыртпалықтың серпiндiлiгi келесi кестеде келтiрiлген (кесте 4 ).
Талдау көрсетiп отырғандай, бiр қызметкерге шаққандағы тәртiп бұзған салық төлеушi заңды тұлғалардың саны 2005-2005ж.ж. аралығында 15 - тен 19 дейiн өскен. Бұл салық қызметкерлерi санының жалпы төмендеуiмен байланысты болып отыр. Сонымен бiрге, осы кезең аралығында салық заңдылықтарын бұзған заңды тұлғалардың саны төмендеп отыр. Бұл салық қызметкерлерi тарапынан жүргiзiлiп отырған салықтық бақылау жұмыстарының белсендiлiгiнiң артып отыруына байланысты.
Республикалық деңгейде заңды тұлгалардың табысына әсер ететiн тағы да бiр фактор ол салық төлеушiлердiң саны болып табылады. Сондай-ақ салықтық әкiмшiлiктендiру процесiн автоматтандыру керек. 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы заңды тұлғалардың табыс салыгы — 7 %-ға төмендедi. Оған әсер еткен факторлардың бiрi занды тұлғалардың салықтары. Оны 2005-2005 жылдар аралығында талдап көрейiк. Бiр жұмысшымен өндiрiлген есептеуге дейiнгi сомманың үлес салмағы 2005 жылдың нәтижесiнде 2004 жылмең салыстырғанда 36,7 %-на немесе 1614,2 мың теңгеге төмендедi. 2005 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 10604 жалпы қатысушы санында республика бойынша орташа алганда әрбiр аймақтық Салық Комитетiне 20 занды тұлғадан келедi. Бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер бойынша есеп әрбiр жұмысшыға 2004 жылмен салыстырғанда 2777,8 мың теңгенi құрады. 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы есептелген соммалардың бiрден төмендеуi Батыс Қазақстан облысы (80%), Алматы, Астана қалалары және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша (60%) Салық Комитеттерiмен бақыланады. Еңiрi есептеу 2005 жыл Алматы қаласы бойынша Салық Комитетiнде 5447 004 мың теңгеге, Маңғыстау облысы 2 985680 мың теңге, Қарағанды облысы 2 796 130,0 мың теңгеге, Павлодарда 2318 491 теңгеге жасалды. өткiзiлген талдауда бiр жұмысшыға Салықтық ауыртпалық бойынша Ақмола облысы, 817,7 мың теңге. Алматы 977,0 мың теңге. ОҚО 1198,6 мың теңге. Жамбыл облысы бойынша 1462,9 мың теңгеге тең болды, бұл салық органындағы өте нашар көрсеткiш болып саналады.
Кесте 5
Салық заңдылықтарын бұзудың және салық қызметкерлерiне салынатын ауыртпалықтың серпiндiлiгi
Көрсеткiштер
|
2003 ж.
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2004 ж. % -бен
|
Салық төлеушi заңды тұлғалардың саны
|
2710
|
2887
|
2797
|
103
|
Салық органдары қызметкерлерiнiң саны
|
150
|
155
|
148
|
95,5
|
Бiр қызметкерге келетiн салық ауыртпалығы
|
15
|
18
|
19
|
105
|
Бiр қызметкерге шаққандағы тәртiп бұзған салық төлеушi заңды тұлғалардың саны
|
24
|
23
|
20
|
83
|
Заңды тұлғалар бойынша тексеру нәтижесiнде анықталып, қосымша алынған сомалар, млн. тенге
|
1,4
|
1,6
|
1,5
|
107
|
Бiр қызметкерге шаққандағы әкiмшiлдiк айыппұл шаралары қолданылған заңды тұлғалардың саны
|
2,7
|
2,8
|
2,6
|
96
|
Кесте 6 ҚР заңды тұлғалар бойынша салықтар
Аймақтар
|
Барлық берiлiм
|
өсiм
|
2004 ж.
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2005 жылдан 2005 ж.
|
2005
жылдан 2004 ж.
|
Атырау
|
359478,7
|
731577,0
|
536667,8
|
210,0
|
427,5
|
Маңғыстау
|
1178620,7
|
1287673,0
|
2851722,0
|
221,5
|
242,0
|
Павлодар
|
1034105,5
|
714781,5
|
2029895,2
|
284,0
|
196,3
|
БКО
|
.1819209,4
|
1426372,5
|
3084818,8
|
216,3
|
169,6
|
Алматы
|
547685,8
|
420172,1
|
68I940,3
|
162,3
|
124,5
|
ОҚО
|
1232421,2
|
1434415,1
|
1123693,4
|
78,3
|
91,2
|
Қостанай
|
1267255,7
|
888308,6
|
1132072,8
|
127,4
|
89,3
|
Ақтөбе
|
1056896,8
|
450442,3
|
832272,9
|
184,8
|
78,7
|
Ақмола
|
616416,0
|
658343,1
|
456041,0
|
69,3
|
74,0
|
ҚР бойын-ша барлығы
|
33914694,7
|
17743025,5
|
24705847,2
|
139,2
|
72,8
|
Қарағанды
|
3581838,4
|
1849693,9
|
2567064,3
|
138,8
|
71,7
|
ОҚО
|
1301408,7
|
387812,0
|
759209,7
|
195,8
|
58,3
|
Қызылорда
|
1094449,3
|
62398,5
|
538033,4
|
862,3
|
49,2
|
Жамбыл
|
1985891,3
|
210563,9
|
808155,5
|
383,8
|
40,7
|
Астана қ.
|
3096653,8
|
478890,2
|
1239574,5
|
258,8
|
40,0
|
Алматы қ.
|
11861480,9
|
5771763,4
|
4689475,6
|
81,2
|
39,5
|
ШҚО
|
1880882,5
|
969818,4
|
373480,0
|
38,5
|
19,9
|
Республика бойынша салық төлеушiлердiң саны заңды түлғалардың табыс салығына өсер етедi. Яғни әр жылда салық төлеушiлер санының көп болуы немесе аз болуы салық түсiмiне әсер тедi. Мысалы, 2004 жылда табыс салығының көп болуына сол жылдағы салық төлеушi заңды тұлғаның санының кеп болуы тiкелей әсер етедi. Мұны бiз республикалық деңгейде барлық облыстар ойынша келесi кестеден байқай аламыз.
2.2 Салықтық заң бұзушылықтарға қарсы шараларының жүзеге асырылуы
Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеушiге мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолданғаннан кейiн, мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануға құқылы. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану салық төлеушiге жiберiлген хабарлама негiзiнде жүргiзiледi. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алу мынадай тәртiппен:
-
банк шоттарындағы ақшасының есебiнен;
-
қолма-қол ақшасының есебiнен;
-
дебиторларының шоттарынан;
-
билiк ету шектелген мүлікiн өткiзу есебiнен;
-
акциялардың қосымша эмиссияларын мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.
Салық берешегiн банк шоттарындағы ақша есебiнен өндiрiп алу.
Декларациялар және есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексеруi нәтежиелерi бойынша салық төлеушiге есептелген салық берешегiнiң сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық төлеушiнiң келiсiмiнсiз салық берешегi сомасын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндiрiп алуға құқылы.
Салық төлеушiнiң банк шоттарынан салық берешегi сомасын өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Банк салық төлеушiнiң бiр банктiк шоттаррынан салық берешегiн өндiрiп алу туралы салық органының инкассолық өкiмiн орындаған кезде, банк салық органына салық төлеушiнiң аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық өнiмдердi, егер салық органы мұндай инкассолық өнiмдердi сол сомаға, берешектiң сол түрi бойынша сол есептi кезең үшiн Үсынса, салық органының инкассалық өнiмдердiң орындалғандығын растайтын төлем құжатын қоса тiркеп, салық органына орындаусыз қайтарады.
Инкассалық өнiм Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген нысан бойынша ұсынылады және онда салық төлеушiнiң немесе салық агентiнiң салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн банк шоты көрсетiледi.
Салық төлеушiнiң теңгелiк банк шоттарында ақша болмаған жағдайда салық берешегi салық төлеушiнiң валюталық банк шоттарынан салық органдары теңгемен ұсынған инкассолық өкiмдерi негiзiнде өндiрiп алынады.
Салық берешегiн өндiрiп алуға инкассолық өкiмдi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым бiрiншi кезекте және атылған өнiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей банк шотында бар сомалар шегiнде орындайды.
Салық төлеушiнiң банк шотында ақша жеткiлiксiз болған немесе жоқ болған жағдайда, инкассолық өкiм осы шотқа ақша түсуiне қарай орындалады.
Салық органы салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарған салық төлеушiнiң банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассолық өкiмдi орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушунiң банк шоты жабылған кезде аталған инкассолық өкiмдi салық төлеушiнiң банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.
Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу.
Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргiзiледi. Бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша көрсетiлген салық төлеушiнiң қолма-қал ақшасын (соның iшiнде шетелдiк валютамен) салық органының алып қоюы салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу деп танылады.
Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасы есебiнен салық берешегi сомасын өндiрiп алуды салық берешегiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану туралы Хабарламаның негiзiнде салық органы жүргiзедi.
Қолма-қол ақшаны алып қою уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша алып қою туралы актiмен ресiмделедi.
Қолма-қол ақшаны алып қою тек қана Салық комитетiнiң нұсқамасы арқылы жүргiзiледi. Нұсқаманы алу үшiн салық инспекторы ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң бастығына белгiленген нысанда нұсқамаға сұраныс толтырады. Нұсқаманы алғаннан кейiн, ол мiндеттi түрде Прокуратурада тiркеуге алынады. Қолма-қол ақшаны алып қоюдың нәтижелерi бойынша Прокуратура мiндеттi түрде есеп алады.
Салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша алып қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнінен кешiктiрiлмей, кейiннен бюджетке аударатындай етiп салық төлеушiнiң банк шоттарына есептеу үшiн банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша өндiрiп алынған құннен бастап бiр жұмыс күнінен кешiктiрiлмей бюджет есебiне алынуға тиiс (Қосымша 5).
Салық төлеушiнiң салық берешегiн дебиторлардың шоттарынан өндiрiп алу. Салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы өздерiнiң салық мiндеттемелерiнуақтылы және толық орындауы үшiн банк шоттарында меншiктi ақша қаражаттары немесе қолма-қол ақшасы болмаған немесе жетiспеген жағдайда, салық органы Салық кодексiнiң 52-бабанда көзделген тәртiппен жиналып қалған салық берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуға құқығы бар.
Салық кодексi күшiне енгенге дейiн ,,салық берешектерiн заңды және жеке тұлғалардан мәжбұллеп өндiрiп алу туралы,, уақытша әдiстемелiк нұсқама қолданылған болатын, оның екiншi тарауында құжаттық тексеру актiсi дебиторлық берешектiң растамасы болып табылады деп белгiленген. Салық заңдарына 2004 жылы 1-қантарынан бастап енгiзiлген өзгерiстер дебиторлардың банк шоттарына инкассалық өнiмдi қоюға негiздеме (Салық кодексiнiң 52-бабының 3-тармағы) жасалған және салық төлеушi де, дебитор да қол қойған өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi ғана болып табылады.
Дебиторлардың банк шоттарындағы ақша қаражаттары есебiнен салық берешегiн өндiрiп алу сүтемелiк iс жүзiнде былайша көрiнiс табады:
-
Салық комитетi салық берешегi бар салық төлеушiлiрдiң барлығына дебиторларының тiзiмiн, олардың деректемелерiн және дебиторлық берешектiң сомасын көрсету үшiн сұрату хатын жолдайды.
Кәсiпорынның дебиторлары бойынша мұндай тiзiм алынғаннан кейiн салықтық тiркеудiң деректер базасында олардың iс-әрекет жасауы, сондай-ақ ашылған банк шоттарының бар-жоғы тексерiледi. Бұған қоса, дебитордың заңдық және нақты мекен-жайы және оның СТН-i анықталады. Салық төлеушiнiң дебиторы “Банкроттық туралы” Қазақатан Республикасының заңының нормаларына сәйкес банкрот деп тану жолымен тарату жағдайында түрса, мәжбұрлеп өндiрiп алу шаралары дебиторға қолданылмайды, ал салық төлеушi өзiн кредиторлар комитетiне енгiзу үшiн уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы. Салық төлеушi – дебитор белгiлi бiр себептерге байланысты кәсiпорынды тарату туралы өтiнiшпен салық органына өз бетiнше жүгiнген жағдайда, ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық төлеушiлердiң барлығын өзiнiң таралу мүмкiндiгi жайында өз бетiнше хабарландырады. Жарияланған сәттен бастап екi айдың iшiнде таратылатын салық төлеушi – дебитор өзiнiң кредиторларымен есеп айырысуға тиiс. Дебитор мен оның кредиторы дебиторлық берешектiң сомасын өтеу (есептен шығару) туралы өзара келiсiмге келмесе, дебиторды тарату сот органдары арқылы оны банкрот деп тану жолымен жүргiзiледi.
Дебиторлық берешектi заңды тұлға қармастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғалардан өндiрiп алу заңды тұлға – дебиторлардан өндiрiп алғандағы тәртiппен жүргiзiледi. Алайда аталған жағдайда өндiрiп алу кәсiпкерде ашылған банк шоттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Дебиторлық берешектi жеке тұлғадан өндiрiп алу тек сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.
-
Бүкiл ақпарат жиналғаннан кейiн Салық кодексiнiң 49-бабына сәйкес дебиторларға “Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшаға өтем салу туралы” хабарлама жiберiледi.
Жiберiлген әрбiр хабарламаға реттiк нөмiр тағайындалады және жасалған күні қойылады. Хабарламаға салық төлеушi ұсынған мәлiметтерге сәйкес дебитордың салық төлеушi алдындағы сомасы туралы ақпарат жазылады. хабарлама тапсырылғаны туралы белгiнi алу мiндеттемесiмен дебиторға жеткiзiлуге тиiс. Дебиторға жiберiлген хабарлама адресаттың болмауына байланысты қайтарылған жағдайда, салық қызметiнiң органдары салық төлеушi – дебитордың орналасқан жерiн анықтау үшiн шаралар қолданады. хабарлама мұндай дебиторға нақты тапсырылғанға дейiн салық қызметiнiң органдарында оған дебиторлық берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алудың шараларын қолдану мүмкiндiгi болмайды.
Салық төлеушi бюджет алдындағы салық берешегiн өтеу есебiне белгiлi бiр соманы дебитордан өндiрiп алу туралы өтiнiш жазылған хатпен бiрге тапсырған өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiне сәйкес дебиторлық берешектi өндiрiп алуға рұқсат етiлмейдi. өйткенi Салық кодексiнiң 52-бабының нормаларына сәйкес өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiн дебитор салық төлеушiмен бiрлесе отырып, хабарлама алынған күнге жасайды.
Сонымен, өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiн жасау күні хабарламаны дебиторға табыс ету күнінiң алдында болуға тиiс емес.
-
Хабарлама табыс етiлген күннен бастап дебитор жиырма жұмыс күнінiң iшiнде хабарлама жiберген салық органына салық төлеушiмен бiрлесе отырып хабарлама алынған күнге жасалған өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiн тапсыруға мiндеттi.
Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiн жасау дебитордың мiндетiне енгiзiлген, ал дебитор тарапынан оны жасаудан және оған қол қоюдан бас тарту « әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралың Қазақстан Республикасы кедексiнiң 219-бабына сәйкес оны әкiмшiлiк жауапқа тартуға әкеп соқтырады.
өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi еркiн нысанда жасалады,бiрақ мынадай мәлiметтердi мiндеттi түрде қамтуға тиiс:
-
салық төлеушi мен оның дебиторының атауы;
-
олардың СТН-i;
-
салық төлеушi мен оның дебиторы тiркеу есебiнде түрған салық органының атауы;
-
екi тараптың да банк деректемелерi;
-
дебитордың салық төлеушi алдындағы берешегi не оның болмауы;
-
екi тараптың да заңды деректемелерi;
-
акт жасалған күн;
-
кәсiпорындардың мөрлерiмен расталған екi тараптың қойылған қолдары;
өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi тараптардың бiрiнiң дебиторлық берешектiң саласымен келiспеуiне байланысты жасалмаған жағдайда, дебитор өзi нақты мойындаған берешектiң сомасын көрсетiлген өзара есеп айырысуды салыстырудың алдын ала актiсiн қоса беру арқылы салық органын қабарландыруға тиiс. Бұл салыстыру актiсi өкiлеттi тұлғалардың қойған қолдарымен және дебитор – ұйымның мөрiмен расталуға тиiс. Назар аударатын жайт – Салық кодексiнiң 52-бабының 1-тармағында салық төлеушiнiң дебиторлық берешегiн оның дебиторларының банк шоттарынан өндiрiп алу шартқа сәйекс ағымдағы кездегi дебиторлық берешек сомасы ретiнде таныған сала шегiнде жүргiзiледi делiнген.
Практика көрсеткенiндей, салық төлеушi салық органының сұрауына жауап ретiнде дебиторлық берешек туралы мәлiмет тапсыратын, алайда, дебитор белгiленген мерзiм өткеннен кейiн салық төлеушiнiң алдында берешегiнiң жоқтығын растайтын салыстыру актiсiн табыс ететiн жағдайлар да кездеседi. Мұндай жағдайларда салық органы тапсырылған өзара есеп айырысуды салыстырудың “нөлдiк” актiсiн шынайылығын айқындыуғы шаралар қолданады. Соңғысының дебиторлық берешектiң бар болуы туралы мәлiметтi тапсырған сәттен басталған кезең үшiн дебитордың салық төлеушi алдында өзара есеп айырысу фактiлерi мен тәсiлдерi анықталады. Дебитордың берешектi өтеу фактiсiн растайтын құжаттар болмаған жағдайда, салық төлеушi немесе оның дебиторы салық органынадұрыс емес (жалған) мәлiмет бергенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатын болады. Бұл шара ең алдымен салық төлеушi дебиторымен қарым-қатынасын нашарлатқысы келмейтiн, бiрақ бұл ретте салық берешегiн өз бетiнше өтей алмайтын жағдайда салық төлеушi мен дебитордың арасындағы дебиторлық берешектi жасыру туралы келiсiмiнiң алдын алуға бағытталған.
4. өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң өкiмдi ұсыну сәтiнде бюджет алдында қалыптасқан, бiрақ салыстыру актiсiмен расталған дебиторлық берешектен аспайтын салық берешегi сомасы шегiнде өкiмдi дебитодың банк шотына ұсынады.
Дебиторға қызмет көрсетушi банкке жолданатын инкассолық өкiмге дебитордың шотынан ақша қаражаттарын өндiрiп алудың дұрыстығын растайтын өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi мiндеттi түрде қоса берiледi. өндiрiп алу, сондай-ақ, салық төлеушiден басқа салық төлеушiнiң пайдасына дебиторлық берешектiң сомасын өндiрiп алу туралы сот органдарының шешiмдерiн (дебитор өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда) қоса беру арқылы жүргiзiлуi мүмкiн (“Төлемдер және ақша аударымдары туралы” ҚР заңының 15-бабы). Инкассолық өкiм жоғарыда аталған заңның 15-бабында көзделген құжаттардың бiрi оған қосылмай беоiлген жағдайда, банк мұндай инкассолық өкiмдердi акцепттеуден бас тартуға, яғни инкассолық өкiмдi орындамастан оны жiберген салық органына қайтаруға мiндеттi.
Инкассолық өкiмдер дебитордың кез келген банк шотына, соның iшiнде есеп айырысу, валюталық, транзиттiк, депозиттiк және т.б. шоттарына қойылуы мүмкiн. Инкассолық өкiмде төлемнiң мақсаты, өндiрiп алынатын сомасы көрсетiледi және ақшаны жiберушiнiң келiсiмiнсiз ақшаны алу құқығын көздейтiн заңнама актiсiне сiлтеме жасалады (Салық кодексiнiң 52-бабы). Банкке келiп түскен өкiм, егер мұндай нұсқаудың шарттарында оны орындаудың басқа мерзiмi белгiленбесе, алынған инкассолық өкiм акцепттелген күннен кейiнгi келесi операциялық күннен кешiктiрiлмей орындалуға тиiс. Дебитордың банк шотында ақша болмағанда не бұл шотта бұрын жiберiлген басқа инкассолық өкiмдер болған жағдайда, өкiм картотекаға орналастырады және ақшаның түсуiне қарай орындалуға тиiс. Инкассолық өкiмдердi орындау Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып, күнтiзбелiк кезектiлiкпен олардың банкке түсу тәртiбiне қарай жүргiзiледi. Күнтiзбелiк кезектiлiк нұсқаулардың алушы банкке түсу күні мен уақытын қарастырады.
Дебитордың банк жағдайда, салық қызметiнiң органдары дебитордың барлық банктiк деректемелерi туралы бүкiл мәлiметтердi анықтау және қосымша өкiмдердi ұсыну жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi. Бұл қатте инкассолық өкiмдер дебитор тiркелген аймаңтан (қаладан) тыс жерде орналасқан қызмет етушi банкттердiң шоттарына да қойылуы мүмкiн.
Егер салық төлеушiнiң дебиторы Қазақстан Республикасының басқа қаласында орналасса, салық төлеушi тiркелген салық органы дебитордың салық органына соңғысына қабарламаны тапсыруға, өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiн жасап уақыттылығын бақылауға және оны қабарламаны жiберген салық органының атына жiберуге ықпал жасауын жазбаша өтiнедi.
-
Дебитордың банк шоттарынан ақша өндiрiп алынғаннан кейiн слманың есептеп шығарылуын салық органдары оған қатысты дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлген салық төлеушiнiң жеке шоттарында көрсетедi. өндiрiп алуды жүргiзген салық органы салық төлеушiнiң немесе оның дебиторының өтiнiшi бойынша дебиторлық берешектi өтеу фактiсiн бухгалтерлiк есептiлiкте көрсету үшiн инкассолық өкiмдер бойынша есептен шығарылған сомалар туралы жазбаша растама хат бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |