1 нарық экономикасы жағдайындағы салықтардың РӨЛl ЖӘне уақытылы өНДlРlп алудың ҚажеттlЛlГl


ж. барлық залалдың ең көп бөлігі (69,9%) өнеркәсіп секторында алынған



бет5/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.72 Mb.
#11393
1   2   3   4   5

2005 ж. барлық залалдың ең көп бөлігі (69,9%) өнеркәсіп секторында алынған.


Бұл жерде 230 кәсіпорын 5380,8 млн.тг. залал көрді, оның ішінде өндеу кәсіпорындарына тиісті-3149,9 млн.тг., кең өндеуді 12 субъектісіне-1877 ,9 млн.тг.

Залал көрген кәсіпорындарының ең көбі Шымкент қласында (53%), ең азы- Байдибек ауданы- (0,2 %)


Кесте 8.Қарыздардың өзгеруінің динамикасы 2003-2004 жж..(млн.тг.)


жылдар

Дебитор қарыз

Оның ішінде тұтынушылардан және тапсырушылардан

Міндеттемелері бойынша

Оның ішінде

Құрал-жабдықтаушыларға

бюджетке

Банк несиелері

Банктік емес несиелері

басқалары

жалақыға

2004

96535,3

100


29812,4

31%


138081,1

100


37207,4

27%


3172,4

2,3%


49736,2

36


16579,7

12%


30527,0

22,1


1303,9

0,9


2005

94798,9

100


40473,3

42,7%


159853,6

100


49772,9

31,3%


3185,9

2,0%


55445,5

34,7%


18677,8

11,7%


31172,2

19,5%


1599,2

1,0%


2005/2004 %

98,2

135

116

134

100,4

115

113

102

123

*Ақпарат көзі. ОҚО Статистикалық басқармасының 2005 ж. сатистикалық жинақтары. Шымкент, 2006.
Кесте 8 көрсетіп отырғандай 2005 ж. 2004 ж. салыстырғанда бюджетке төленетін берешек сомалары 0,3 пайызға төмендеді.
2006 ж. 1 қантарына ОҚО 18764 заңды тұлға тіркелген , ол өткен жылдан 10,7% жоғары.

Олардың 74,5 % (14 мың) іс-әрекет ететіндер. 23,4%- саудада, а/ш-21,5%, білім-10%, өнеркәсәп-9,2%.

Ірі -0,9%; орта-7,9%; шағын-91,2%

жеке-79,9%, мемлекеттік-18,3%, шетелдік.-1,2%

серіктестіктер-57,6%;өндірістік кооперативтер-12,1%; мемлекеттік кәсіпорындары.-3,2%;

АҚ-1,4%


Жоғарыда көрсетiлген мекемелерге есептелген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы хабарлама жiберiлген.

Жалпы салық берещегiн мәжбүрлi түрде өндiрiп алу Үшiн Шымкент қаласы бойынша Салық комитетi 2004 жылдың 3 айында мынандай жұмыстар атқарған:

1. Салық берешегi 2058,3 мың теңгенi құрайтын 2 мекемеге салық берешегi есебiне мүлікке билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығарылып, билiк ету шектелген мүлік тiзiмдемесi жүргiзiлген.

2. Жалпы салық берешегi сомасы 56320,8 мың теңгенi құрайтын 73 салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылған.

3. Салық берешегi 2715762,3 мың теңгенi құрайтын 1833 салық төлеушiнiң банк шоттарына инкассолық өкiм жiберiлген, және 396108,5 мың теңге өндiрiлiп алынған.

4. 1381,1 мың теңгеге 4 салық төлеушiнiң дебиторларының банк шоттарына инкассолық өкiм қойылҚан, өндiрiлгенi – 1278,4 мың теңге.

5. Салық төлеушiлердiң қолма-қол ақша есебiнен 10311,2 мың теңге өндiрiлген.

өндiрiлiп алған ең iрi салық берешегi сомалары:



  • Қалалық аурухана МҰМ – 15031,4 мың теңге, оның iшiнде қолма-қол ақша есебiнен – 7000,0 мың теңге;

  • Асбоцемконструкция ААҚ – 1000,0 мың теңге;

  • Энергоцентр – 3 ЖШС – 5993,0 мың теңге;

  • Интеркомшина ААҚ – 4784,2 мың теңге;

  • Нұр-Қуаныш ЖШС – 1146,6 мың теңге.

2004 жылдың 1 кварталында Қазақстан Республикасының ,Банкроттық туралы, Заңына сәйкес 3 салық төлеушi сот шешiмiмен банкрот деп танылды. Олардың жалпы салық берешегi сомасы – 1316115,5 мың теңге, оның iшiнде:

  • негiзгi қарыз – 952681,7 мың теңге;

  • өсiмпұл сомасы – 285535,3 мың теңге;

  • айыппұл сомасы – 77888,2 мың теңге.

Банкрот деп танылған мекемелер:

  • Беркут ЖШС – салық берешегi – 12987,1 мың теңге;

  • Сәт ЖШС – салық берешегi – 3160,8 мың теңге;

  • Медфарм Юг ӨК – салық берешегi – 391,9 мың теңге.


3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілікті арттырудың әдістерін жетілдіру
Қазіргі кезде біздің елімізде экономика саласында болып жатқан көптеген өзгерістер жаңа шаруашылық қатынастардың пайда болуына әкеліп соғады. Олардың нәтижесінде әлбетте заң бұзушылықтар туындайды.

Олардың пайда болуының басты себебі: заңдық базаның әлі де тұрақтанмауы немес бүгінгі экономикалық даму қарқынына сай келмеуі. Мысалы, кейбір заң бұзушылықтар нақты зияндық келтірмейді, бірақ заң негізінде заң бұзуышылық болып табылады.

Салықтық заңбұзушылықтардың ішінде ең қауіптісі- бұл салықытық заңңаманы “айланып өтуге” ұмтылу шаралары. Бұл іс - әрекеттерді енлнсі топтарға бөлуге болады:

1) бейресми экономика- заңды шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың) мақсаты нақты табыс деңгейін жасырып немесе өтірік жалақыны төлеу, нәтижесінде салықтық төлемдерінің сомасын төмендету;

2)заң түрінде тіркелмеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс - әрекет етуі, олар мүлдем салық төлеуден тыс жерде қалады;


  1. Заңсыз экономика немесе заң мен тийым салынған қызмет түрімен айналасу ( заңсыз алкоголь өнімдерін шығару, қару жарықтарды шағару, т.с.с).

Осы аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында қаржылық органдары үлкен жұмыстарды атқарады.

Егер 1995- 1997 жж. заң бұзушылықтар ең көп мөлшерде жекешелендіру, жалған банктроттық жариялау, экспорт- импорт операцияларын жүргізу тәртібін бұзу мен байланысты болса, қазіргі кезде олардың көбі салық салу сферасында кездеседі.

Соңғы жылдары салықтардан “қашудың” ең тараған түрі – бұл жалған банкроттықты жариялау механизмі арқылы жасалынады, акцизделген тауарлардың өндіруімен байланысты, сонымен бірге салық органдарының заң бұзу фактілері де кем емес.

Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған экономикалық сферадағы заң бұзушылықтармен күресу Концепциясында келсі бағыттарды анықтады:



  1. бүгінгі экономика дамуына сәйкес келетін заңдық базаны қамтамасыз ету;

  2. салықтық заң бұзушылықтарды жою мақсатында жаңа әдістемелік және әдіснамалық базаны қалыптастыру, оның нәтижесінде салық органдарының қызметкерлері басқа да бақылаугы орган қызметкерлерімен тығыз байланыста осы жұмыстарды атқаруы тиіс;

  3. әр бір қаржылық бақылаушы органнның өкілеттілігін нақты белгілеу және олардың қызмет етуінің нақты тиімді бағыттарын белгілеу;

  4. салықтық және басқа да қаржылық органдарының іс - әреекттерін тек қылмыстық жазалау органдарымен тығыз қарым қатынастарда атқару тиіс.

Концепцияда басты мәселе бұл бақылау жұмыстарының шығындылығын азайтуға бағыт алу жөн делінген.

Соңғы жылдары ҚР кірістер Министрілігінің қызметкерлері салықытық берешегін өндіріп алуда әр түрлі региондарда әр түрлі әдістерін қоладануымен кездесіп отыр.

Миніистірлік бекіткен әдістемелік нұсақауларына сәйкес өсім пұлдарды келесі жаңа әдіспен есептеу тиіс:
өсімпұл сомасы =

салық сомасы Х рефинанс ставкасы / 100

Х 1,5 Х кешіктірілген күндер санына


365


Осы формуламен есептелген өсімақы сомасы бір қалыпты жасалынуы тиі.

Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына (ҚР Салық кодексінің 528 бабы) сәйкес салық төлеушінің мемлекеттік тіркеуден өту мерзімін бұзғаны үшін; салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру мен тіркеу есебіне қою кезінде табыс етілген мәліметтердің растығы, сондай- ақ салық есептігінде салық төлеушінің тіркеу нөмінрін қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де жағдайлар үшін жауапты болады.

Қазіргі кезде салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілікті арттыру мақсатында ең алдымен заң түрінде дұрыс емес іс - әрекеттерге қатаң қаржылық жазалау шараларын қолдану тиіс, себебі жоспарлы экономиканың жазалау әдістері бүгін мүлдем өзгеруі тиіс.

Бүгінгі күнде тек салық төлеушіні емес, сонымен бірге салық органдарының өз міндеттерін заңсыз немесе төмен іскерлік дәрежеде атқарғаны үшін қатаң айыппұлдар мен жазалау тиіс, және осы іс - әрекеттерді болашақта жою үшін олардың нәтижелерін кең жариялау тиіс.

Қазақстан Республикасында салықтық заң бұзушылықтардың санын қысқарту үшін ең тиімді әдіс – бұл барлық тұрғындардың салықтық мәдениеттін асыру, экономикасы дамыған шетелдік мемлекеттің нақты тәжірибесін кең қолдану.

3.2 Салық төлеушiнi банкрот деп тану арқылы салық

берешегiн өндiрiп алу
Салық кодексiнде көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кецiн салық берешегi сомасын заңды тұлға, жеке кәсiпкер өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес оны банкрот деп тану жөнiнде шаралар қолдануға құқылы. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Банкроотық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының « Банкроттық туралың Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен түрады.

Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi. Банкроттық кредиторлардың немесе «Банкроттық туралың заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбiр етiп белгiленедi. Осы заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану турелы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Егер кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмаса банкроттық туралы iстердi сот қарайды. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-шi тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлікiнiң құны кредиторлардың иалаптарын қанағаттындыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға «Банкроттық туралың заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен не соттан тыс тәртiппен таратылуға тиiс.

Сот тәртiбiмен не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзумен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады. Дәрменсiз фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi екскерiлуге тиiс.

Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады. Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткiзу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.


Әдейi банкроттық – борышкердiң мүлікi иесiнiң немесе борышкер – заңды тұлға огандарының жеке өз мүдделерiн немесе өзге тұлғалардың мүдделерiн көздей отырып жасаған борышкердi дәрменсiздiкке қасақана душар етуi.

Жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкiндiгi бола түрып, кредиторларға тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борыштарҚа шегiрiм алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшiн кредиторларды жАҚылыстыру мақсатында немесе оның мүлікi иесiнiң сотқа немесе уәкiлеттi органға өзiн банкрот деп тану туралы көрiну өзiнiң жалған өтiнiш жасауы.

Борышкер мүлікiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға – борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) немесе лауазымды адамдарды борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгi (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлікпен субсидиялық жауапқа тартылады. Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлікiнiң меншiк иесiне шығындаоды өтейдi.

Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кежде беосе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.

Конкурстық басқарушы әдейi немесе жалған банкроттық жасау белгiлерiн тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту үшiн құқық қорғау органдарына жүгiнуге мiндеттi.

Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредиторлардың өтiнiшi және прокурордың өтiнiшi негiзiнде iс қозғалады. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкiлеттi мемлекетiк орган, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар – азаматтық-құқықтық мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар ие болады. Банкроттық туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды деп есептеледi. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы берген өтiнiшi соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды. Кредиторлар (кредитор), прокурор өз өтiнiшiн борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.

Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:


  • борышкер;

  • кредиторлар;

  • кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөнiндегi өкiлi;

  • прокурор;

  • борышкер мүлікiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;

  • уәкiлеттi орган;

  • облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң уәкiлеттi өкiлi.


Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi.
Азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеуге қабiлетсiз болуына байланысты борышкердi банкрот деп тану туралы салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның мәлiмдемесi, кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып сотқа табыс етiледi. Кредитордың өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Кредитор-заңды тұлғаның өтiнiшiне оның басшысы не оның орындағы адам қол қояды.

Салық комитетiнiң өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:


  • өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;

  • борышкердiң атауы және опың түрғылықты жерi;

  • өтiнiш берген Салық комитетiнiң атауы, және оның түрғылықты жерi;

  • борышкердiң бюджет алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;

  • Салық комитетiнiң борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;

  • мiндеттеме бойынша бюджет алдындағы берешек сомасы және орындалмағаны үшiн айып ақы (өсiмпұл, айыппұл) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар, осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);

  • кредитор талаптарының белгiленген құқықтық негiздерi (сот шешiмi, бұл талаптарды борышкердiң мойындауы, ал олар жоқ болған жағдайда – кредитор талаптарының негiздiлiгiн және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);

  • борышкерде бар мүлік туралы салық органына белгiлi мәлiметтер;

  • қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;

  • борышкерге талаптар қою айғағы;

  • егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер.

Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

  1. мемлекеттiң баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгеннiнң

  2. кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге жiберiлгенiн;

  3. борышкердiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;

  4. кредитор талаптарының орындылығын;

  5. кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

Борышкердi банкрот деп тану туралы заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады. Сот банкроттық туралы iс қозғау жөнiндегi сот ұйғарымының көшiрмесiн борышкерге, мәлiмдеушiге, уәкiлеттi органға және борышкердiң түрғылықты жерi бойынша аумаңтық атқарушы iс жүргiзу органына жiбередi.

Салық агенттерiнiң заңнамада көзделген жауапкершiлiгiн күшейту
Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң қабылдануына орай «Салық агентiң деген жаңа құқықтық ұғым заңгерлiк айналымға енгiзiлдi.

Салық агентiнiң мiндетi – салық төлеушiге қаражат төлеу көзi болып табылатындарға ғана жүктелiне алады. Салық агентi мiндетiн орындамаған не тиiсiнше атқармаған жағдайда, ол заңгерлiк жауаптылыққа тартылады. заңгерлiк жауаптылықты мәжбүрлеу шараларын қолданаудан ажырата бiлген жөн. Салық құқығының жаңа доктринасына сәйкес бересi мен өсiм жауаптылық шарасын қолдану болып табылмайды. Ал төленбеген салық сомаларын мәжбүрлеп өндiрiп алуды Қазақстан Республикасы Салық кодексi салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттi орындау үшiн мемлекет қолданатын құрал ретiнде сипаттайды. Сондықтан, салықтарды бюджетке есептемеген не уақтылы аудармаған жағдайда, салық бересi мен өсiм салық агентiнен даусыз түрде өндiрiлiп алынады.

Салық агентiнiң заңгерлiк жауаптылығы Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 210-бабында көзделген. Мысалы бюджетке аударылуға тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы жеке кәсiпкерге және заңды тұлғалғрға салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң аударылмаған сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Салық агентi бюджетке аударылуға тиiстi салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалған сомасын аудармаған немесе толық аудармаған жағдайда, жеке кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң аударылмаған сомасының 50 пайызы мөлшерiнде айыппұл салынады. Салық агентi жасаған әкiмшiлiк әрекетi туралы iс агенттiң тiркелген жерi бойынша қаралады. Iстi қарауға және әкiмшiлiк шара қолдануға тиiстi салық комитетi төрағасының немесе оның орынбасарының өкiлеттiгi бар. Алайда, салық инспекторы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 635-бабындағы ережелердi сақтай отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Үаттама жасауға тиiс. әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың негiзiне немесе уәжiне келiспеген жағдайда, салық салық органы басшысының қаулысына орай жоғары түрған салық органына немесе тiкелей сотқа шағым жасауға болады.

Практика жүзiнде салық агентiнiң Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк кодексiнiң 289-бабындағы ережелер бойынша регрестi тәртiппен салық төлеушiден ол үшiн бюджетке өзi төлеген салық, өсiм және айыппұл сомасының қайтарылуын талап етуiне бола ма деген сұрақ туады. әлбетте, салық сомасын өндiрiп алуға болады, өйткенi оны төлеу салық төлеушiнiң мiндетi болып табылады. Ал ендi өсiм мен айыппұл – оның құқықты бұзған әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн салық агентiне ақшалай жүктеме, сондықтан өз жауаптылығын басқа тұлғаға аударуға болмайды.

Қазақстан Республикасының салық кодексi заңды күшiне енген 2004 жылдың 1 қантарынан кейiн құқық бұзушылық үшiн жауаптылық жөнiнде салық агенттерi мен салық органдары арасында көптеген даулар мен түсiнiкпеушiлiктер болатынындығы сезiледi. Негiзiнен салық тексерулерi 2004 жылдың 31 наурызынан (жылдық есеп берудi тапсырудың соңҚы мерзiмi) басталады да, ал тексерiлетiн кезең өткен жылдар болады. Неге десеңiз, бұрын қолданылған «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралың Қазақстан Республикасының заңында салық агентi ресми түрде болмаған, сондықтан да оның заңдылық мәртебесi (құқығы, мiндетi мен жауаптылығы) айқындалмағанды, демек, салықтық құқық қатынастарының жаңа субъектiсiне Қазақатан Республикасының әкiмшiлiк Құқық Бұзушылық туралы кодексiнiң 210-бабын қолдануға болмайды. Дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға белгiлi құқық қағидасына сәйкес жауаптылықты күшейтудiң, жауаптылықтың жаңа түрiн енгiзудiң не жауаптылық субъектiлерi иегiн кеңейтудiң керi күшi болмайды.

Күнделiктi практикада өте жиi орын алып жататын жәйт – салық төлеушiнiң салық заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған кезде, айыппұлдарды рәсiмдейтiн тиiстi құжаттарға қол қоюдан бас тарту. Мұндай жағдайда салық қызметi органының лауазымды тұлғалары екi айғақтың қатысуымен қол қоюдан бас тарту актiсiн жазады.




3.3. Салықтық бақылауды жетілдіру бағыттары
Бүгінгі танда салық бақылауы өз қызметін айтарлықтай толыққанды атқарып ала жатқан жоқ. Оның толығырақ болуы үшін бүкіл салықтық бақылау жүйесін (құқыктық, ұйымдастыру, атериалдық-техникалық қамтамасыз етілуін) жетілдіру қажет.

Қазіргі жағдайдағы салықтық бақылауды жетілдірудің қажеттігін тәжірибе көрсеткеңдей төмендегідей шарттардан байқалады:

1)салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық, әдістік және материаддық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті дәрежеде еместігінен;

2)салыктық бакылау субъектісі мен салық телеуші арасындағы қарым-қатынастарда кездесетін қиындықтарда, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген онша жақсы емес кәзқарастарынан және де салық төлеуден жалтарушылар;

3)салыктық бақылау органының қаржылай жеткіліксіз қамтылуы, салық жинауға байланысты мемлекет шығынын үнемдеуі тік экономикалық емес саяси фактор болып отыр.

Сонда да болса салық жүйесіне әлі де болса көп өзгерістер енгізілетіні сөзсіз. Салық органы қызметкерлері салық тәлеушімен байланысқа аз шығын кеткізу мақсатыңда әлі де болса көп жұмыстар жасалуы керек. Салық төлеушімен байланыстың азайтылуы, салық төлеуші, оның шын табысы, олардың сандық және сапалық құрамы, ақша айналыстары, потенциалды табысы туралы үлкен ақпараттық жүйе жасау, сол арқылы заң тыңдаушы салық төлеушілерді тәрбиелеу керек. Сол жұмыстардың бастапқы қадамы ретінде компьютерлік бағдарламаларды айтуға болады. Бұл бағдарламалардың жақсы жағы да, кемшіліктері де бар. Егер мұндай бағдарламалар жоғары дәрежеде жұмыс істейтін болса салықтық бақылауды жүзеге асырудың тағы да бір саты жетісгендігі деп айтуымызға болар еді. Ал кемшілік жағына келер болсақ, бағдарламалар алдын-ала теориялық жағыпан жеткілікті карастырылмаған, сол себепті жұмыс барысында көптеген кемшіліктер байқалып отыр. Бұл жүйенің әр бөлігі бағдарлама-анықтамалык, техникалық, матсматикалык және әр түрлі сол сиякты бөлімдерден құралатын болғандықтан оларды игеру үшін айтарлықтай шығын кетеді. Және де, ол бағдарламалармен жұмыс істеу барысында байланыстың жөнді болмай қалуы, электро-энергия мәселелері тағы басқа да техникалық қиындықтар кездесуде.

Салық органы мен салық төлеуші арасындағы тікелей байланыс салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін өз уақытында орындауына және салықтық төлемдерді толық төлеуін ғана қамтамасыз етпейді, сонымен бірге салық зандары бұзылғандығын түзету бойынша кеңес жасауға да мүмкіндік береді. Тікелей байланыс нысаны-салық төлеушілердің сияқты тексеру нәтижелеріне шағымдарын қарау процессі, ол салық төлеушілер сияқты, салық органдарынның да салық зандарын орындауын каматамасыз етеді. Салық төлеушілердің шағамдарын қарау сапасына түрлі әдістерді, тәсіддерді қолдану және оларды жүзеге асыру жолдары арқылы қол жеткізіледі. Оған мыналарды жатқызуға болады:

-салық төлеушімен кездесуді өткізу;

-салық төлеушілердің салықты тексеру нәтижелеріне шағымдарын қарау бойынша Аппеляциялық Кеңестің мәжілісін өткізу;

-салық төлешілердің шағымдарын қарау нәтижелері бойынша қорытынды жасау;

-қажет болуына карай тиісті мемлекеттік оргаңдарға, аумактық салық органындарына және шағым берген салық төлеушілердің аты на сұратулар жасау;

-үшінші тұлғалармен байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуіт уралы қосмыша ақпарат алу үшін қарама-карсы тексерулер жүргізу;

-қосымша жәие қайта тексеру жүргізу.

Осы тәсілдерді қолдану нақты материалдарды жан-жақты талдауға, тексерілушінің іс-әрекетін бір ізбен айқындауға, пайдаланылатын ақпарат көздерінің дұрыстығын анықтауға жол ашады, сондай-ақ салық төлеушінің салық органдарымен тыгыз байланыста болуына және сонымен қатар салық заңдарының қолданылып жүрген нормаларын білуіне мүмкіндік береді.

Ал кері байланыс бақылаушы органға бухгалтерлік есепті жүргізудегі және салыктарды есептеудегі аныкталған кемшіліктердің аластатылғандығын, сол арқылы тексерілуші-салык төлеушінің каржы-шаруашылық есебін ұйымдастыруды жетілдіру әрекетінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біздің пікірімізше кері байланыс бақылау субъектісіне, сонымен бірге басқа да бақылаушы орпіндармен өзара қарым-қатынас жасау арқылы бақылаудың тиімділігін арттыру әдістерімен алмасады.

Салық есептіліктерін электроңдық нысаңдар арқылы тапсыруға көшу әрбір есепті кезең сайын көкейтесті бола түсуде. СЕЭН (салық есептіліктерінің электронды нысандары) бойынша есептіліктерді тапсыратындардың саны өсіп келеді. Бұған қоса, салық есептілігін толтыру және жәнелту женіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуде кезекті жаңартулар басталды. Салық есептілігін толтыру және жәнелту жәніндегі салық төлеушілерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етулерге енгізілген өзгерістердің мазмүны екі шартты тәуелсіз компоненттерден түрады: біріншісі — бұл салық есептілігі нысанның өзінің өзгеруі (немесе бағдарламалық камтамасыз етуге жаңа нысандарды енгізу), екіншісі — бұл клиенттік бағдарламалық қамтамасыз етудің қызметімен байланысты өзгерістер (мысалы, электронды салық есептіліктерінің өнделгені туралы хабарламаның жаңа нысаны, "ағаш" принципі бойынша декларацияны тандауділн жаңа интерфейсін іске асыру және т.б.)-

Салык есептілігі нысандарының мазмұны жылына бір рет Салық кодексіне өзгерістер енгізілген кезде ғана өзгертіледі, тиісінше салық есептілігі нысандарының езгеруіне (немесе жаңаларының озірлснуіне) байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуді ҚР ҚМ Салық комитеті тек жылына бір рет кесте бойынша, салық зандарымен реттелген нақты салық есептілігін тапсыру мерзімдеріне сәйкес жүргізіледі. Салық есептілігінің алғашқы электрондық нысандары 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылған болатын, сондықтан әр нысанның шартты нұсқасы салық есептелігі кодының үшінші фасетінде көрсетіледі, мысалы, ҚҚС бойынша декларацияның 2002 жылғы 1 — нұсқасы болды және 300.00.1 болып белгіленді; 2003 жылы - 300.00.2; 2004 жылы - 300.00.3. Егер 2005 жылы ҚҚС бойынша декларацияға өзгерістер енгізілетін болса, онда нысанның нұсқасы мынадай түрде болады: 300.00.4 және т.с.с.

Салық есептілігінің бүкіл электронды нысандарын бағдарламалық қамтамасыз етуде іске асырудың жоспар-кестесі салық төлеушілерге арналған — порталында салық есегтлігін толтыру жөніндегі ақпараттық жүйелердің (ҚҚС АЖ, ИСИД, СЕЭН) бүкіл сайттарының "Бағдарламалық қамтамасыз ету" бөлімдеріңде орналастырылған. Бағдарламалық қамтамасыз етудің 2004 жылғы ағымдағы өзгерістерінің екінші блогы салық есептелігінің нысанын Салық комитетінің серверіне жеткізу туралы хабарлама нысанының қорғаныс "жастығын" іске асырудан түрады. Ол жеткізу туралы хабарламаны "бояй салған" кейбір салық төлеушілердің теріс пиғылды істері анықгалған жағдайларға байланысты кажет болган.

Салық төлеуші мынаны ескеруі кажет: өз жұмыс столъщызда бағдарламалық қамтамасыз етулердің бүкіл нысандарын сақтаудың немесе жаңарту жасалған нұсқасында накты нысанмен жұмыс жасаудың қажеті жоқ: кейінгі барлық нұсқалар алдыңғы нұскалардың мүрагері болып келеді.

Салық тәлеушілер үшін WEB-порталымен барынша белсенді жұмыс істеу өте маңызды деп санаймыз. 2004 жылғы наурызда онда салық телеушілердің тіркеу деректерін іздеу жүйесінің жаңа функциясы пайда болды: Қазақстан Республикасының тіркеу есебінен алынған (ИНИС \Уеб-сайты), сондай-ақ ҚҚС төлеушілер ретіңде есептен алынған салык тәлеушілері туралы ақаарат жедел алынады. Салық есегггілігінің ағымдағы нысандарының нұсқалылығы туралы ақпаратты салық төлеуші WEB -порталдың "Подписка" бөліміндегі анонстарға жазылу аркылы бұл акпараттардың WEB -порталдағы орналастырылуына карап ала алалы.

Салық төлеушіге арналған клиенттік қосымшада хабарламаны кейіннен магниттік тасығышқа сақтау мүмкіндігімен қалыптастыру механизмін іске асыру бөлігінде өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Орталық серверден алынатын барлық хабарламалардысақтау механизмі іске асырылады. Сондай-ақ өндеудің түрлі сатыларында тұрған құжаттар туралы ақпарат сақталатын жиынтық хабарламаны қалыптастыру режимін ("Салық төлеушінің (салық агентінің) электроңды түрдегі салық есептілігін табыс етуі туралы хабарлама растау") жаңарту жоспарланған. Калыптастырылған хабарламада орталық серверден алынған, жәнелтушінің электронды-сандық қолтаңбасымен расталган барлық хабарламалары сақталады. Қалыптастырылган хабарламаға салық төлеушінің электронды-сандык қолтаңбасы қойылуға тиіс, бұл ретте осы құжатты магнитті тасығышта қарау және сактау мүмкіндігі қарастырылған.

Сәуірде бағдарламалык қамтамасыз етуге 2004 жылғы нұскадағы салық есептілігінің мынадай нысандары енгізілген: 100.00, 120.00, 130.00, 140.00, 150.00, 200.00, 220.00. СЕЭН жіберген соң алатын хабарламалардың қолданыста төмендегідей сипаттағы мәртебелері бар: /



  1. "Жәнелтуге (на отправку)" мәртебесі құжаттың әлі жәнелтілмегендігін білдіреді.

  2. "Берідді (передано)" мәртебесі құжаттың ХКЖЖ орталық торабының кезегіне берілгенін білдіреді.

  3. "Жеткізілді (доставлено)" мәртебесі құжаттың ХКЖЖ орталық торабынан ҚҚС АЖ, ИСИД немесе СЕЭН қосымшаларының қолданбалы серверінің ХКЖЖ клиентінің кезегіне кабьшданғанын, бірақ оны міндетіне салық есептілігін тікелей өңдеу, ИНИС үшін тізілім қалыптастыру кіретін қолданбалы сервердің әлі өнделмегенін білдіреді.

Салыктық бакылаудың акпараттык тсхнологняларын жетілдіруде төмендегідей мәселелерді шешуді мақсат етіп қою керек:

  1. жоғарыда аталғандай біліктілікті арттыратын курс-семинарлар әрбір бағдарламаға өзгеріс енгізілген сайын тұрақты түрде өткізіліп отыруы керек;

  2. жергілікті жасалған бағдарламалар практикада пайдалануға барынша икемді болатындықтан, бағдарламаларды теменгі сатыдағы Салық комитеттерінің мамандарының қатысуымен жасалуы керек;

салық жүйесіндегі қолданыстағы бағдарламаларды біріктіріп біртүтас

оңтайлы бағдарлама жасау керек.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе Қазақстан Республикасындағы бюджетке түсiп жатқан төлемдер мен салық шын мәнiндегi көлемiмен потендиалды мүмкiндiктердiң сәйкессiздiгiнен байқалатындай бүгiн де Қазақстан салық заңдылыңтарының сақталуы төмен деңгейде. Бұндай жағдайдың бiр себебi ретiнде салың төлеушiлердiң iс мiндеттерiн орындағандығы мемлекеттiң қарым-қатынасында жеткiлiктi салық мәдениетiнiң жоқтығын айтуға болады.

Көптеген кәсiпкерлердiң заңды төлемдер мен салықты төлеуден жалтарып, тұрлi қиындыңтарға баратыны құпия емес. Бiр өкiнiштiсi заңды құрметтейтiн төлемдердiң, яғни төлеушiлердiң де жүрегiн мұндай жәйттер ауыртпайды. Мұнымен бұдан былай келiсуге болмайды. Сондықтанда, салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершiлiктi арттыру төлеушiлердiң бойында мемлекеттiк қазынаға қаржы жинауды реттейтiн нормаларға құрметпен қарау сезiмiн тәрбиелеу мәселелрi бiрiншiден ең маңызды мәселе.

Мемлекеттiк салық органдарын жергiлiктi жерлерден түсiп жатқан мәлiметтерге қарағанда, бүгiнгi таңда, шаруа қожалыңтарының есебiн жүргiзу мәселерiн тәртiпке келтiрудi кезек күттiрместен шешуi талап ететiнiн көрсетедi. Көптеген себептерге байланысты, айталық тиiстi бiлiм деңгейiнiң болмауына шаруа қожалыңтарының мүшелерi салықтық заңнама талаптарына жауап беретiн есеп жүргiзумен қамтамасыз ете алмайды. Салықты дұрыс есептеуде, мағлұмдамаларды жасап, уақытында ұсынуды қиыншылыңтар да кездеседi.

Қазiргi кезеңде ешбiр мемлекетте идеалды салың жүйесi жоқ, бiраң болашақта бiздiң елiмiздiң салық жүйесi идеалды болады деген сенiмдемiз.

Салықтық берешектің болуы тек жаңа шаруашылық жүргізудің әдістерін қолданатын кәсіпорындарға тән нәрсе, себебі олар ликвидттік емес мүлікті өз есептеріне алады, ал олар алдын төлемдіолігі төмен субъектілерге тиісті еді.

Сондықтан салық органдарында бұл қарыздарды уақытылы алу қиындыққа соғады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің көлік құралдарын салықтан бас тарту үшін басқа қожайындарға тіркейді. Бұл нәрсе , әсіресе шаруашылық фермарлік қожалықтарда көп кездеседі. Оларға уақытылы хабарламаларды беруге де қиын, себебі олар тұрғын поселкілерден ұзақ орналасады және байланыс құралдары әлі нашар дамыған.

Қазiргi уакытта белгiлi болғандай мемлекеттiк каржы жүйесiн құрылымында арнайы бөлiмдер: мемлекеттiк салық комитеттерi және салық полициясы бар. Бұл органдар салық төлемiнiң дұрыстыгы мен өз уақытында төленуiне бақылау жүргiзедi. Салықтардың мемлекеттiк бюджетке дәл және өз уақытында түсуi қаржы нарығы тұрақтылығының маңызды факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан салық қызметiн қалыптастыру мен нығайту бойынша шараларды жүзеге асыру кезек күттiрмейтiн мәселе болып табылады. Бiрiншi кезекте салық жүйесiнiң дәл құқықтық базасын тудыру керек. Санкциялар айыппұл соммасы бойыншада қылмыстық жазалау бойыншада тiптен қатал әрi қатаң болатын салықтан жантарудың болдырмайтын санцияларды енгiзу керек. Салықтық инспекторлар статусы туралы заңдар қабылдау керек. Көптеген дамыған елдерде парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтан қашу жолында салықтық органдардың жұмысшыларына төлемнiң жеткiлiктi жоғары деңгейi бекiтiлген,олар сенiмсiздiк дәрежесiн көрсететiн жоғалтулар мен өте жоғары моральды абыройға ие. Бiздiң салықтық қызмет жұмысшылары өзiнiң бiлiктiлiгiн жоғарылату мақсатында атестациялаудан өту керек.

Қазіргі кезде ҚР салықтық түсімдердің уақытылыған қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар атқарылуда, яғни салық органдарының бірнеше бөлімдерінің (төлем, ақпаратты қабылдау, мәжбүрлеп өндіріп алу) қызметкерлерінен құрылған арнайы жұмыс топтары жасалынуда.

Бұл топтардың басты мақсаты- ағымды салықтық берещек сломаларын жою, өткен жылдары бойынша салықтық қарыздарды жинап алу. Бұл жұмыс топтарында барлық қызметкерлерінің жасайтын қызметтері нақты белгіленеді. Әр бір ьопқа 400-500 кәсіпорындар тиесілі.

Бұл топ қызметкерлері әр бір кәсіпорын үшін арнайы дәптерде Салық кодексінің 31,39,45,49 баптарын қоладуну керек мерзімдерін жазып отырады.

Жаңа Салық кодексітің талаптарына сәйкес, егер кәсіпорын өзінің есебін берген соң өтелмеген салық міндететмесе пайда болса, онда оған төлемдерді есептеу бөлімінен салық берешегі және айыппұлдары, өсімпұлдары жөнінде хабарлама береді, бұл жерде қарызды өтеу мерзімі де көрсетіледі.

Егер белгіоенген кезде салықтық қарыз өтелмесе, онда мәжбүрлі түрде өнідіріп алу шаралары атқарылады. Қарыздарды өтеп алу бөлімінің қызметкерлері салықтық қарызгерге атқарылатын шаралар жөнінде келесі хабарлама береді. Қарзыдар банктік шоттағы ақшалар есебінен немесе нақты ақшалар есебінен төленуі мүмкін.

Егер бұл көздерден алынатын сома жеткілікті болмаса, онда дебиторлар шотына қарай іс- әрекеттер басталады. (Салық кодексінің 52 бабы.)

Әр ай сайын жұмыс топтарының қызметкерлері өздерінің атқарған жұмыстары жайлы есеп береді.

Жақсы нәтиже көрсеткен топ қызметкерлеріне сыйалыдар ұсынылады.

Бірақ, салықтық заң бұзушылықтар мәселесі әлі де құрделі мәселелер қатарында тұр, себебі әр қашанда салық төлеушілер өз еркімен салықтарды төлеуді міндет деп түсінуі қиын, сондықтан мәжбүрлеп алу шаралары қатаң болуы тиіс. Оларды атқаратын салық органдарының қызметкерлері жоғары білікті, жан- жақты тұлғалар болуы тиіс.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасынық салық кодексi. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы 2002 жылдық 1 қаңтарынан күшіне ендi. Алматы: Юрист 2005 – 230.

  2. ҚР Президенттінің ҚР халқына Жолдауы. 01.03.06. Астана.

  3. Қаржы оқу құралы. Қулпыбаев Қ.Қ. Алматы – 2000 ж.

  4. Жалпы мемлекеттiк салықтар. Ермекбаева Б.Ж. Алматы – 1997 Оқу құралы.

  5. Салың халық несiбесi. Әлiмов Ж. Қаржы-Қаражат - 1993 ж.,

  6. Салық жүйесiндегi мәселелер. Байдүйсенов Қаржы -Ңаражат - 2000ж.

  7. Мемлекеттiң салық саясаты. Дулатов Ы. (Заң газетi – 1993 ж. 3 қараша).

  8. Салық бюджет бастауы. Молдабеков.Қаржы-Қаражат-1995 ж.

  9. Қазақстан Республикасындағы бюджеттi түзiлдiру мен орындау мәселелерi. А. Зейнелғабдин, Қаржы-Қаражат - 1997 ж. 13 қараша.

  10. Оңтүстiк Қазақстан облысының статистикалық мәлiметтерi. Шымкент 2006.

  11. Әбдуов Т. Салық мәдениетiн қалыптастыру қажет. «Егемен Қазақстан - 2005 ж., 11 қараша.

  12. Шеденов О. Салық - мемлекеттiк реттеу құралы . Қаржы-Қаражат - 1997 ж.

  13. Тойбазаров Б. Салықтық несие хақында. Салық сыры мен қыры. Қаржы-Қаражат - 2005 ж., № 5, 58-62 б.

  14. Каможного Е . Салық жүйесi /Қазақстан экономикасы.-1995.-Ю

  15. Черник Д.Г. Салықтар.-М,-1995

  16. Есенбаев М. Жаңа салық жүйесi жолында /Казахстанская правда.-2002.-9 шiлде.-6 б

  17. БулгакбаевБ. Қазақстанның салық жүйесi // Заңды газет.-2004.-20

  18. Қазақстан.Республикасының салық кодексi

  19. Түленбаев К.М / Қаржы қаражат.-А.-2005,№ 5- 47-52б.

  20. ЗейнелгабдинА.Б. Қаржы жүйесi.- А.-1995

  21. Юткина Т.Ф . Салық жүргiзу тәртiбi.-М.-1999

  22. Столяров В.Ф. Салық салу және нарықтық экономика.-Киев.-1992

  23. АкуленокД.Н / Салық портфелi.-М.-1995.- 35 б

  24. Чингазов .М.Н. Некоторые проблемы налоговой системы / Аль-Пари.-2005.-№ 2-3.-68-72 б; 54-60 б.

  25. Байдуйсенов .Д. Қазақстанның салық жүйесi / Қаржы қаражат -А.-2005, № 1, 25-30 б..

  26. Сатыбалдин А.Е. Жеке табыс салығына қатысты мәселелер / Транзитная экономика.-1999.-10.-67 ,

  27. Муканов Т.А. Пути совершенствования механизма исчисления индивидуального подоходного налога / Налогоплателыдик.-2000.-N1-

  28. Арыстанбеков К./ Саясат.-А-2005, № 2.-97 б

  29. Сабиров И. / Экспресс,- 1995.-28 наурыз

  30. Прохоров Е. Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң және құқықтарының негiздерi. -А- 1997

  31. Бабкина С. Новая налоговая политика / Финансы Казахстана.-1996.

  32. Мусинов С.М. Қазақстан Республикасы тұрғындарына салынатын салықтар / Қаржы қаражат.-А.- 1996

  33. КарагусоваГ. Салықтар: мәнi мен қолдану тәжирибесi.-1994

  34. Поздняков Б. Қазақстаңдағы салықтар / Экономика.-1995.-Ш.-986

  35. Кадырбеков Б, Грисюк С. Салық жүйесi қалыптасуының негiзгi приндиптерi туралы // Қазақстан экономикасы мен өмiрi.-1997.-N3-4

  36. Киперман.Г.Я. Кәсiпорын мен азаматгарға салық салу.-М.-1998

  37. НаумоваН.Н. Салық жүйесiнiң реформасы //Алматы.-1999

  38. Салық-1999 / Экономика және өмiр.-№4.-1999

  39. Маметова РА / Бюллетень бухгалтера.-А.-2001.-46 б

  40. АбдракимоваЖ. Табыс салығы / Қаржы -қаражат.-А.-2001

  41. Айдаров Д.Б. Теоретические аспекты совершенствования подоходного налога в РК / Налоговый эксперт.-2002.-К9-12.-140 б

  42. Дуканич Л.В. Салық және салық салу.-М: Феникс.-2000

  43. Амрекулов Н. Бiрiңғай салық салу кондепдиясы / Саясат.-А.

  44. www.nalog.kz.

  45. www.minfin.kz.


ҚОСЫМШАЛАР

Қосымша 1


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлiгiнiң

2005 жылғы «___»________

№____ бұйрығымен

бекiтiлген

Салық төлеушiнiң салық берешегiнiң есебiне

мүліктi иеленудi шектеу туралы

Ш Е Ш I М

2004 жылғы «____»_____ ______
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралың

Қазақстан Республикасы Кодексiнiң /Салық кодексi/ 48-бабына сәйкес

________________________________________________________ атынан

(Төрағасының немесе Төраға орынбасарының тегi, аты, әкесiнiң аты)


________________________________________бойынша Салық комитетi

(облысы, қала, аудан)

2004 жылғы «__»_______№___мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қабылданатын шаралар туралы Хабардар етудiң негiзiнде салық төлеушiнiң билiк ету мүлікiн

____________________________________________________________________________________________________________________________ (салық төлеушiнiң атауы, заңды мекен-жайы, СТН)

____________________________________________________________________________________________________________________________ (санмен және жазумен)

сомаға салық берешегiнiң есебiне шектеудi ШЕШТI,


оның iшiнде:

1_______________ ____________ _____________ _____________

(төлемнiң коды,атауы) (төлем сомасы) (өсiмаңы сомасы) (айыппұл сомасы)
2_______________ ____________ _____________ _____________

3_______________ ____________ _____________ _____________

4_______________ ____________ _____________ _____________

5_______________ ____________ _____________ _____________
_______________________

(салық органының қолы, мөрi)

Шешiмдi алды

______________________

(салық төлеушiнiң қолы, мөрi және күні)


қосымша 2

Бекiтемiн

Шымкент қаласы бойынша

Салық комитетiнiң төрағасы

________________________

2005 жылғы «__»________

Салық төлеушiнiң салық берешегiнiң есебiне

билiк етуi шектелген мүлік тiзiмдемесiнiң

А К Т I С I

2004 жылғы «___»_________ №__________

________________________________________бойынша Салық комитетi

(облыс, қала, аудан)

________________________________________________________атынан

(салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөнi)

2004 жылғы «__»_______№____ салық төлеушiнiң билiк ету мүлікiн салық берешегiнiң есебiне шектеу туралы ШЕШIМIШIң негiзiнде



______________________________________________________________

(салық төлеушiнiң аты-жөнi немесе атауы, заңды мекен-жайы)

______________________________________________________________

салық төлеушiге тиiсiлi мүліктiң тiзiмдемесiн жүргiздi.

Сипатталған мүлік құнының жиыны:

_________________________________________________теңгенi құрайды

(санмен және жазумен)

Негiзгi құралдардың сақталуына жауапты тұлға (-лар):

___________________ __________________ _________________________

(салық төлеушi) (қолы) (қолының толық жазылуы)

Осы тiзiмдеме актiсiнде көрсетiлген деректер мен есептеулердi тексередi:

___________________ _______________ ____________________

(лауазымы) (қолы) (қолының толық жазылуы)

Тiзiмдеме актiсiн жасады

______________________________________________________________

(салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөнi, қолы)


Қосымша 3

Салық төлеушiнiң салық берешегiнiң есебiне шектелген мүлік тiзiмi




қ/с

Мүлік атауы

Саны

әр заттың есеп-қисап бойынша бағасы

Заттардың сапалық сипаттамасы






































































































































































































































































































































































































Салық инспекторы __________________

Мекеме басшысы __________________
Бас есепшi __________________


Техникалық мiнездеме

Мүлік атауы /зат/ ______________________________________________


Iске қосылған /шығарылған/ жылы________________________________
Неден жасалынған /iстелiнген/____________________________________
Не үшiн арналған /дайын өнiм/___________________________________
Баланс құны___________________________________________________
Жарамдылық дәрежесi___________________________________________
Қалдық құны__________________________________________________
Пайдалануға жарамды / жарамсыз_________________________________
Салық инспекторы ________________________

Мекеме басшысы ________________________

Бас есепшi ________________________

Техникалық мiнездеме

Автокөлiк______________________________________________________



  1. Автокөлiк маркасы____________________________________________

  2. Шығарылған жылы___________________________________________

  3. Нөмiр белгiс_________________________________________________

  4. Ңозғалтқыш нөмiрi___________________________________________

  5. Шасси нөмiр_________________________________________________

  6. Баланс құны_________________________________________________

  7. Жарамдылық дәрежесi_________________________________________

  8. Қалдық құны________________________________________________

  9. Автокөлiктiң және бөлшектерiнiң жарамдылық дәрежесi

ТАҚқасы_______________________________________________________

Қозғалтқыш____________________________________________________

Шасси_________________________________________________________

Доңғалақ______________________________________________________

Аккумулятор___________________________________________________

Алдынғы және артынғы мосты____________________________________

Пайдаланылған уақтысынан берi жүрiлген шақырымы________________

Салық инспекторы _________________________

Мекеме басшысы _________________________


Бас есепшi __________________________

Қосымша 4

Шымкент қаласы бойынша Салық комитетi

Салық төлеушiнiң мүлікiне билiк

етудi шектеудi жою туралы

Ш Е Ш I М


«____»_______200__ж.

/ 209-II 12.06.2003 ж. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес
Мен, ____________ бойынша Салық комитетiнiң төрағасы (төрағасының орынбасары) _______________________________________

(төрағасының аты-жөнi)


салық берешегiнiң толық өтелуiне байланысты салық төлеушiнiң _____

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(салық төлеушiнiң атауы, заңды мекен-жайы, СТН, басшысының аты-жөнi)
мүлікiне билiк етудi шектеудi жою туралы шешiм қабылдадым.

Салық комитетiнiң

Төрағасы ________________ _______________

(мөр орны) (қолы) (аты-жөнi)



қосымша 5

Қолма-қол ақшаны алып қою туралы

А К Т


____”_________200__ж. __________________


Мен(бiз)_________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Салық комитетiнiң лауазымды тұлғасының аты-жөнi)


Салық берешегiн қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу туралы

«__» __________________200—ж. шешiмнiң негiзiнде


Салық төлеушiнiң______________________________________________

(салық төлеушiнiң атауы, СТН

______________________________________________________________

(материалды-жауапты тұлғаның аты-жөнi)

_______________________________________________________ сомаға

қолма-қол ақшаны өндiрiп алдым (-ық).


Қолдары: ______________________________________________________

(өндiрiп алған тұлғалардың аты-жөнi)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(материалды-жауапты тұлғаның аты-жөнi)




Актiнiң көшiрмесiн
алдым: ___________________________________________

(материалды-жауапты тұлғаның аты-жөнi, қолы)

қосымша 6
ұйымдастыру-бақылау

бөлiмiнiң бастығына


НҰСҚАМА СҰРАНЫС

(тексерiлетiн тұлғаның атауы, СТН) ______________________________________________________

(құжаттық, тақырыптық, қарсы)
тексеру жүргiзу

үшiн__________________________________________________________



(аты-жөнi)
нұсқама беруiңiздi сұранамын.

Тексеру сұрақтары:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«___»______________2005 жылдан «___»_____________2005 жылға

дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi.

Салық өндiру

бөлiмiнiң бастығы ___________________

________________________ «___»_________200 ж.

________________________

________________________

бойынша Салық комитетi




қосымша 7

Кеден органына хабарлама


// 209-II 12.06.2003 ж. ,Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының Кодексiмен

( Салық кодексi) берiлген өкiлеттiгiне сәйкес


Мен,____________бойынша Салық комитетiнiң төрағасы_________

____________________________________________________________________________________________________________________________

(салық органының төрағасының немесе орынбасарының аты-жөнi)

мүлiгiне билiк етуiн шектеуiне байланысты_______________________-________________________________салық төлеушiнiң____СТН_______

______________________________________________________________

экспорттық операцияларын тоқтата түруды талап етемiн.


мөр орны «_____»___________200 ж.

_______________________

қосымша 8



Қол қоюдан бас тарту

АКТIСI
Шымкент қ. «__»_______200 ж.

Бiз,_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(салық инспекторының (-ларының) аты-жөнi мен лауазымы)
айғақтардың қатысуымен:

1._____________________________________________________________2._____________________________________________________________

(айғақтардың аты-жөнi мен мекен-жайлары)

_____________________________________________________________

(ресiмделген құжаттың атауы)
ресiмдегеннен кейiн салық төлеушi_______________________________

_____________________________________________________________

(салық төлеушiнiң атауы, аты-жөнi, СТН, заңды мекен-жайы)
қол қоюдан бас тартты.
Оны растаймыз:
Айғақтар 1. ________________________

2. ________________________

(айғақтардың қолы)

Салық инспекторы __________________________



(қолы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет