1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет39/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
umkd filo2024

Вебер Макс (1864-1920) - атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер - деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндік беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. Вебер оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мысалы, антиктік, феодализм, капитализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан Вебердің екі еңбегін: «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904-1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы - әр елдердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Данилевский, Шпенглер және А. Тойнбиге тән өркениеттерді биологияландырған деп қарау ұстанымдарына қарсы шығып, Вебер жаңа ғылымды - ғылым социологиясын жасады. Оны П. Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, Вебер адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. Вебер 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»), Вебер бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдіңжәне харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1.Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні.

2.ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамдық санасының жаңғыруының мәні.

3.Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу.




Әдебиеттер тізімі:

1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж. http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.
5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет