5.3 Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының параметрлері
Бөлімнің мазмұны қаланың атмосферасына өнеркәсіптік кәсіпорындардан, автокөліктен ластаушы заттар шығарындыларының іс жүзіндегі жай-күйін көрсетуі және өзіне қаланың өнеркәсіптік тораптарының, негізгі өнеркәсіптік алаңдарының орналасу схема картасын (5.1-сурет) қосуы тиіс. Схема картасында сондай-ақ қаланың негізгі автомагистральдері көрсетіледі. Бөлімнің мәтінінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен негізгі автокөлік магистральдер орналасуының қысқаша сипаттамасы келтіріледі.
Атмосфераға шығарындылары бар қолданыстағы кәсіпорындар тізбесі 5.5-кесте түрінде ресімделеді, оның соңында өнеркәсіптік кәсіпорындардан, автокөліктен және жалпы қала бойынша шығарындылар жеке көрсетіледі. 5.5-кестеде келтірілген мәліметтерді талдау келтіріледі.
5.5-кестені және осы бөлімнің басқа нысандарын толтыру кезінде негіз үшін ведомстволық жобалардың ақпараты қабылдануы тиіс, олар жоқ болған жағдайда № 2-ТП (ауа) нысаны бойынша статистикалық есептілік материалдары қабылданады. 5.5-кестеде әзірленген ведомстволық томдар туралы мәліметтер көрсетіледі, бұл ретте егер ШЖБШ ведомстволық томын тиісті органдардың органдары қараса және келіссе, сондай-ақ осы кәсіпорынның жоғары тұрған ұйымы бекіткен және онда олардың жалпы шығарындысының жалпы шығарындыға үлесі жөніндегі ақпарат болса, ол әзірленген деп есептеледі.
5.5-кесте – 20___ жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша қала атмосферасына шығарындылары бар кәсіпорындар тізбесі
Өнеркәсіптік кәсіпорындар
|
Атмосфераға зиянды заттардың жалпы шығарындылары, т/жыл
|
Қала өнеркәсібінен жалпы шығарындыға кәсіпорынның үлесі, %
|
ШЖБШ ведомстволық томының бар болуы
|
ШЖБШ нормаларын есептеуде кәсіпорынды пайдалану
|
Р/с
№№
|
атауы
|
001
|
«Хром қосылыстары зауыты» АҚ
|
8880,533
|
36,333
|
+
|
+
|
002
|
Ферроқорытпалар.зауыты
|
6931,580124
|
28,359
|
+
|
+
|
003
|
Қалалық ЖЭО
|
3694,486920
|
15,115
|
+
|
+
|
004
|
«КТП – Транс» ЖШС
|
936,9456712
|
3,833
|
+
|
+
|
005
|
«Стройдеталь» ЖШС
|
693,1609940
|
2,836
|
+
|
+
|
006
|
«ЛАД» ЖШС
|
322,4553617
|
1,319
|
-
|
-
|
007
|
«ҚалаЖолҚұрылыс».ЖШС
|
302,0308000
|
1,236
|
+
|
-
|
|
Және т.б.
|
|
|
|
|
|
Өнеркәсіптік кәсіпорындардан жиыны
|
23527,971
|
|
|
|
|
Автокөліктен жиыны
|
2770,536
|
|
|
|
|
Жалпы қала бойынша
|
26298,507
|
|
|
|
Ескертпе – Тізілген кәсіпорындардың атаулары және цифрлық деректер 5.6-кестеде және одан әрі барлық кестелерде шартты келтірілген.
|
Қалада негізгі кәсіпорындар мен автокөліктен шығарындылардың соңғы бес жылдағы өзгеру серпінін 5.6-кесте түрінде ресімделеді. Ұйымдастырылмаған шығарындылар сипаттамасы Г қосымшасының ұсынымдарына сәйкес беріледі және ШЖБШ жиынтық томының екінші бөлігіне орналастырылады.
5.6-кесте – Қаланың негізгі кәсіпорындары мен автокөлік шығарындыларының өзгеру серпіні, т/жыл
Кәсіпорын / жыл
|
N- 4
|
N-3
|
N-2
|
N-1
|
N
|
Қаралған кезеңде шығарындының өзгерісі (6-бағ. - 2-бағ.)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
«Хром қосылыстары зауыты» АҚ
|
15124
|
I5I24
|
15739
|
15936
|
16580
|
1456
|
«Ферроқорытпалар зауыты» АҚ
|
2975
|
2975
|
2975
|
6450
|
6450
|
3475
|
Қалалық ЖЭО
|
41566
|
41566
|
36365
|
23652
|
20357
|
-21209
|
«КТП – Транс» ЖШС
|
1085
|
1085
|
1085
|
1085
|
I0O5
|
0
|
«Стройдеталь» ЖШС
|
3043
|
3043
|
3043
|
3043
|
3043
|
0
|
Автокөлік
|
150400
|
15400
|
160000
|
169500
|
I8I000
|
30600
|
Жалпы қала бойынша
|
214193
|
214193
|
219207
|
219666
|
228512
|
14322
|
Ескертпелер
1 Шығарындылардың өзгеру серпіні статистикалық есептілік деректері бойынша келтіріледі.
2 N – нормативтерді әзірлеу жылы.
|
Бөлімнің мәтініне жалпы қала бойынша шығарындылардың қысқаруы немесе артуы қандай факторлардың есебінен болғаны нақты көрсетіледі. Бұл ретте қандай нақты кәсіпорын, көз бойынша ең үлкен өзгеріс болғаны көрсетіледі.
Бөлім бойынша тұжырымдар ретінде 5.5 және 5.6-кестелерде көрсетілген материалдарды қысқаша талдау келтіріледі, олардан:
-
қалада қанша өнеркәсіптік кәсіпорындар саны мен автомашина бірліктері бар екендігі;
-
қалан атмосферасының ластануына өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөлік жекелей қандай үлес пайызын қосатыны;
-
ШЖБШ ведомстволық томдарын кәсіпорындардың қандай саны әзірлегені және олардың шығарындыларының пайызы;
-
жалпы қала бойынша қандай ластаушы заттар бойынша ШЖБШ нормалары бірінші кезекте әзірленгендігі;
-
ШЖБШ жиынтық томын әзірлеу кезінде кәсіпорындардың қандай саны ескерілгендігі және олардың шығарындыларының пайызы;
-
негізгі кәсіпорындар және жалпы қала бойынша негізгі ластаушы заттар бойынша шығарындылардың өзгеру серпіні қандай екендігі туындалуы тиіс.
5.3.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындардан ластаушы заттар шығарындыларының параметрлері
Осы кіші бөлімде ШЖБШ ведомстволық томының материалдары бойынша қаланың (елді мекеннің) атмосфералық ауасының ластануына негізгі үлескер кәсіпорындардың табиғат қорғау құжаттамасының деректерін талдауды келтіруге болады.
Талдау өзіне қала кәсіпорындарының стационарлық көздерінен шығарындылардың нормативтерді есептеу кезінде пайдаланылатын келесі негізгі сипаттамаларын қосуы мүмкін:
-
өндірістік процестердің қысқаша сипаттамасы;
-
пайдаланылатын материалдар мен жабдықтың типі мен саны;
-
тұтынылатын шикізат;
-
атмосфералық ауаға эмиссиялардың көлемі мен ингредиенттік құрамы;
-
санитарлық қорғаныш аймағының өлшемдері;
-
әрбір кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілік санаттары.
Табиғат қорғау құжаттамасын таңдаулы тексеру шеңберінде орындалған ең көп жерге жақын шоғырлануды есептеулер нәтижелерін талдау жүргізіледі.
Орындалған есептеулердің нәтижелері (таралу кестелері мен схема карталары) ШЖБШ жиынтық томының екінші бөлігінде толық көлемде ұсынылулары тиіс.
5.3.2 Автокөліктен ластаушы заттар шығарындыларының параметрлері
Автокөлік атмосфера ластануының ерекше көзі болып табылады және негізгі автомагистральдерде шоғырланған көптеген жер үсті нүктелі көздері болады. Автомагистральдер аудандарында және олардың қиылыстарында автокөлік ағындарының шығарындыларымен қалыптастырылатын көміртегі тотығы, азот қостотығы, көмірсутектер сияқты заттармен ауаның ластану аймақтары жоғары (жиі түрде ШЖБШу жоғары) шоғырлану мәндерімен сипатталулары және біршама үлкен аумақтарды қамтулары мүмкін.
Осы кіші бөлімде жылжымалы көздерден (автокөліктен) шығарындыларды есептеуді талдауды орындау қажет. Автокөлік шығарындылары туралы деректер қаланың (елді мекеннің) негізгі магистральдерінде автокөлік ағындарының құрылымы мен қарқындылығын іс жүзінде зерделеу нәтижелері бойынша есептеледі.
Іс жүзіндегі зерттеулерді жүргізу және автомагистральдер бойынша қозғалатын автокөліктен атмосфералық ауаға шығарындыларды есептеу үшін «Қалалар атмосферасының ластануын жиынтық есептеулерді жүргізу үшін автокөлік шығарындыларын анықтау әдістемесі» [3] пайдаланылады.
Шығарындылар туралы жиынтық деректер 5.7-кесте түрінде ұсынылады.
5.7-кесте – Қаланың (елді мекеннің) негізгі магистральдерінде автокөлік шығарындылары туралы жиынтық деректер
Ластаушы зат
|
Пайдаланылатын
критерий
|
Критерий
мәні,
мг/м3
|
Қауіптілік
сыныбы
|
Заттың сомалық
Шығарындысы
|
коды
|
атауы
|
г/с
|
т/жыл
|
0301
|
Азот қостотығы (Азот.(IV).тотығы)
|
ШЖБШУ е/б
|
0,085000
|
2
|
28,6184764
|
902,512271
|
0304
|
Азот (II) тотығы (Азот тотығы)
|
ШЖБШУ е/б
|
0,400000
|
3
|
4,6505024
|
146,658243
|
0328
|
Көміртегі (Күйе)
|
ШЖБШУ е/б
|
0,150000
|
3
|
2,5534716
|
79,485594
|
0330
|
Күкірт қостотығы (Күкіртті ангидрид)
|
ШЖБШУ е/б
|
0,500000
|
3
|
4,2029082
|
132,542912
|
0337
|
Көміртегі тотығы
|
ШЖБШУ е/б
|
5,000000
|
4
|
36,6340218
|
1155,290513
|
0703
|
Бенз/а/пирен
(3,4-Бензпирен)
|
ШЖБШУ о/т*10
|
0,00001
|
1
|
0,0000322
|
0,001119
|
1325
|
Формальдегид
|
ШЖБШУ е/б
|
0,035000
|
2
|
0,3652693
|
11,519134
|
2732
|
Керосин
|
АСҚД
|
1,200000
|
|
10,8614379
|
342,526305
|
Жиыны
|
87,8861198
|
2770,536091
|
5.8-кестеге дала журналдарын талдау нәтижелері жинақталулары мүмкін.
ШЖБШ жиынтық томының екінші бөлігінде:
- Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұсынған автокөлік қозғалысының ең жоғары қарқындылығы бар қала автомагистральдерінің тізбесі;
- автомагистральдерде көлік ағындарының қарқындылығын іс жүзінде зерделеу процесінде толтырылған дала журналдары;
- жеке магистральдер мен жол қиылыстарында автокөлік шығарындыларын орындалған есептеулер хаттамалары ұсынылулары тиіс.
5.8-кесте – Қаланың (елді мекеннің) негізгі көлік магистральдерінде қозғалыс қарқындылығын анықтау, бірліктер
Даңғыл, көше
|
20 минутта
|
60 минутта
|
жеңіл машиналар
|
жүк машиналар
|
автобустар
|
жеңіл машиналар
|
жүк машиналар
|
Автобустар
|
Әбілхайыр хан даңғ.
|
1190
|
30
|
76
|
3570
|
90
|
228
|
Нокин к.
|
1088
|
40
|
53
|
3264
|
120
|
159
|
М.Мәметова к.
|
888
|
27
|
72
|
2664
|
81
|
216
|
Ә.Молдағұлова даңғ.
|
873
|
55
|
68
|
2619
|
165
|
204
|
Есет батыр к.
|
708
|
11
|
51
|
2124
|
33
|
153
|
Сәнкібай батыр даңғ.
|
672
|
28
|
23
|
2016
|
84
|
69
|
Ағайынды Жұбановтар к.
|
565
|
20
|
76
|
1695
|
60
|
228
|
Тургенев к.
|
390
|
22
|
11
|
1170
|
66
|
33
|
Ш.Уәлиханов.к.
|
222
|
11
|
57
|
666
|
33
|
171
|
5.4 Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар тізбесі
Ластаушы заттардың тізбесі және жалпы қала бойынша олардың атмосфераға шығарындылары 5.9-кесте түрінде ресімделеді. Заттар қауіптілік сыныбы және жалпы шығарындысы бойынша топталады. Олар бойынша ШЖБШу және қоныстанған жерлердің атмосфералық ауасындағы салыстырмалы қауіпсіз әсер ету деңгейлері (АСҚД) туралы ақпарат жоқ заттар жеке көрсетіледі. 5.9-кестеде өнеркәсіптік кәсіпорындардан, одан кейін автокөліктен және жалпы қала бойынша шығарылатын заттардың тізбесі келтірілген. Қандай ластаушы заттар бойынша, соның ішінде қайсылары бойынша бірінші кезекте ластану өрістерін есептеу орындалғаны көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |