Үзілісті процестер процестердің кезеңділігімен және қайталануымен сипатталады. Оларға, мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау жатады.
Үздіксіз өндірістік процестерде кезеңділік белгісі болмайды, технологиялық процесс үздіксіз жүреді, процестің үзілстілігі мен қалпына келтірілуі оның технологиялық ұзақтығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегі секілді, жабдық жұмысының жөндеу аралық мерзімінің ұзақтығымен анықталады.
Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы.
Процестің кеңістікте орналасуыдегенде операциялардың жұмыс орындары бойынша орналасуын түсінеді. Процестің уақыт ағымында орналасуы – бұл өндірістік процестің ұзақтығын анықтайтын өндірістік процестің әртүрлі операцияларының орындалуының уақыт ағымында үйлесу дәрежесі.
Процестің кеңістік пен уақыт ағымында орналасуы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Егер, мысалы, өндірістік процес бес операциядан тұрса және олардың барлығы өз жұмыс орындарында бір уақытта орындалса, онда процесс уақыт ағымында толықтай үйлестірілген және кеңістікте бөлістірілген. Егер олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс кеңістікте толықтай үйлестірілген және уақыт ағымында бөлістірілген (бұл жағдайда уақыт әйлесімі орын алмайды). Процестің кеңістікте орналасуының әрбір түріне оның уақыт ағымында орындалуының белгілі бір тәртібі сәйкес келеді және де ол операциялардың үйлесу түрімен және еңбек затының бір жұмыс орнынан келесісіне берілу тәртібімен анықталады.
Операциялардың үйлесуінің үш түрі бар: кезекті, параллель және параллель- кезекті.
Кезекті үйлесу әрбір келесі операцияның алдыңғысы аяқталғаннан кейін орындалуын білдіреді. Мысалы,мұнара құрылысында оған қатысты барлық процестерді қатаң ретпен бірінен соң бірін орындау қажет. Әйтпесе өндірістік міндетті (мысалы, мұнара құрылысы) шешуге жұмсалатын уақыт аса ұзақ болады. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында операциялардың кезекті үйлесуі қолданылмайды.