1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері Өндірістік процестердің мәні және түрлері


Механикаландырылған қол процестері



бет2/4
Дата22.10.2022
өлшемі55 Kb.
#463234
1   2   3   4
Дәріс 6

Механикаландырылған қол процестері қандай да бір механикаландырылған инструменттің көмегімен қандай да бір энергия көзін қолдану арқылы тікелей жұмысшымен орындалады, мысалы, гайкаларды бұрау, тесіктерді бұрғымен тесу, резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және басқалар.
Машиналық – қол процестері жұмысшының тікелей қатысуымен машинамен орындалады; мысалы көтергіш тракторда жұмыс жасау және басқалар.
Машиналық процестер жабдықтың жұмыс бөлігімен жұмысшының қатысуынсыз жүзеге асады; мысалы, жер асты жөндеуде немесе бұрғылау процесінде құбырларды ұңғыдан көтеру және т.б.
Автоматтандырылған процестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асады; мысалы, қашауды ұңғы забойына автоматты түрде беру, парафинді тазалау үшін қырғышты автоматты түрде беру және басқалар.
Аппараттық процестер ыдыстар мен аппараттар жүйесінде орын алады, және де еңбек заты технологиялық режимнің қатаң белгіленген көрсеткіштерінде өзгеріске ұшырайды. Мұнда жұмысшы (немесе жұмысшылар тобы) аппараттар жұмысын бақылайды және оларда жүріп жатқан процестерді бекітілген тәртіпке сәйкес реттеп отырады. Мұнай өндірісінде бұған мұнайды электрлік тұссыздандырғыш қондырғыда (ЭЛОУ) диэмульсациялау мысал бола алады, ал кейбір мұнай базаларында майларды өндіру процесі аппараттық болып табылады; бұрғылауда – балшық зауытындағы жуу сұйықтарын өндіру; мұнай өңдеу және мұнай-химиялық процестер де аппараттық процестерге жатады.
Мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік процестер механикалық және физикалық-химиялық процестерге бөлінеді.
Механикалық процестер – бұл механикалық күштердің әсерімен еңбек затының формасы, мөлшері, жағдайы мен орналасуы қандай да бір өзгеріске ұшырайтын процестер. Оларға шикізатты немесе өнімді басқа физикалық жағдайға өңдеу немесе қайта өңдеу, форма қалыптастыру, жинақтау, өндіру процестері, тасымалдау, сақтау және мұнай өндірісіндегі секілді т.б. процестер жатады. Бұрғылау процесі де механикалық процестерге жатады.
Физикалық-химиялық процестерге материалдардың физикалық-механикалық және механикалық қасиеттері, олардың ішкі құрылымы өзгеріске ұшырайтын процестер жатады (химиялық, жылу, диффузиялық, еріту, электрохимиялық және басқа да процестер).
Сонымен қатар, еңбек заттарының орнын ауыстыру бойынша транспорттық процестерді және олармен байланысты тиеу-түсіру процестерін; дайындалған еңбек заттарының белгіленген стандартқа немесе техникалық жағдайларға сәйкестігін сынау және тексеру бойынша бақылау процестерін; өндірістік процестердің жекелеген түрлерінің жүру жағдайлары мен параметрлерін зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарын; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау бойынша геологиялық барлау процестерін ажырату қажет.
Өндірістік процестің негізгі бөлігі кезеңінің ұзақтығы бойынша үздіксіз және үзілісті процестерді ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет