Топырақты эрозиядан қорғау. Топырақтың эрозиясымен күресу — егiн шаруашылығындағы ең негiзгi мəселелердiң бiрi. Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негiзгiлерiнiң бiрi - шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл - территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлердi су жəне жел эрозиясына ұшырау деңгейлерiне байланысты топырақ-эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сəйкес эрозияға қарсы iс-шараларын жүргiзедi. Агротехникалық шаралардан беткейлерде жердi көлденеңдеп жырту, ал өте биiк беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшiн жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткiзуге болады. Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзiмдi қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптердi өсiру арқылы ауыспалы егiстi қолдану өте тиiмдi болып саналады. Эрозияға қарсы күрес шараларының iшiнде орман-мелиорация жұмыстарын жүргiзу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандар егудiң өте қолайлы екендiгiн көрнектi ғалымдар А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемi атап көрсеткен. Эрозиямен күресу жолдары:
1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсiмдiктер жабынын жоюға əкелетiн табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шектеу. Бұл əсiресе орманды пайдалануға қатысты.
2. Жайылымдарда эрозиялық процестер көбiнесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесiн өсiмдiктер жабынының зақымдануы кезiнде, əсiресе топырағы жеңiл жерлерде су жəне жел эрозиясы болуы мүмкiн. Таулы аудандарда шөптесiн өсiмдiктердiң болмашы зақымдануының өзiнде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың енгiзгi жолы мал жаю ережелерiн сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.
3. Егiстiк жерлердi қорғау шаралары:
— ауыспалы егiстердi дұрыс пайдалану;
— топырақты бекiтетiн тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;
— жиектiк жырту (рельефтiң горизонттарымен);
— өңдеуден бұрын бұзылатын құмды жəне құмдақ топырақтарды шығару;
— шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектестiру;
— танап қорғайтын орман белдеулерiн жасау;
— топырақтың құрылымын түзуге мүмкiндiк туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;
— топыраққа əсер ететiн қысымды кемiтетiн техниканы пайдалану.
Суармалы егiстердiң дүние жүзiндегi ауданы шамамен 250 млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды. Оның мəнi - танаптағы топырақ суды сiңiрiп, содан соң булану мен өсiмдiктерге транспирацияға қажеттi судан артық су келiп түседi. Бұл су бiртiндеп жер астылық грунт суларына дейiн жетiп, оның деңгейiнiң көтерiлуiне себеп болады. Мөлшерсiз, ретсiз суару кезiнде қысқа уақыт аралығында (бiрнеше жыл) жақындап, интенсивтi түрде булана бастайды. Суда ерiген тұздар топырақ бетiнде жиналады. Мұндай тұздану екiншi реттiк деп аталады. Суғарудың жоғары деңгейiнде жəне каналдардағы судың топыраққа сiңiп кетуi арқылы грунт суларының мөлшерi көбейедi. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан жəне дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерiнiң көбеюi екiншi реттiк тұздану деп аталады. Ал бiрiншi реттiк тұздану ретiнде адамның əсерiнсiз пайда болатын табиғи тұздану процесiн атайды. Екiншi реттiк тұздану тек құрғақ аудандарға тəн. Солтүстiк аймақтарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына əкелiп соқтырады. Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер ететiн концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс əсiресе, Египет, Ирак, Индия мен Пакистан, т.б. құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шығады. Бүкiл əлемде қазiргi таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнiм беру қабiлетiнен айрылған. Бұл жағдай, əсiресе Орта Азия мен Закавказье елдерiнiң топырақтарында көбiрек байқалып отыр. Тiптi тұзданудың аз ғана деңгейiнде мақтаның өнiмi 20-30%, жүгерi - 40-50%, бидай - 50-60% қысқарады. Тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнiмi екi есе төмендесе, ал бидай тiптi өспейдi. Адамзат қоғамы дамуының экологиялық дағдарыстарының бiрi дамыған өркениеттiлiктiң өз мүмкiндiктерiн топырақтың тұздануы нəтижесiнде жоғалтқаны белгiлi. Мысалы, Нiл аңғарында қазiр де суармалы жерлердiң 70% тұзданған. Ғалымдардың пiкiрiнше, ертедегi Вавилон өркениетi топырақтың екiншi реттiк тұздануынан жойылған. Қазiр дүние жүзiнде суармалы 250 млн га жердiң 50-60 млн га жуығы екiншi реттiк тұздануға, шамамен 25% ұшыраған.
Достарыңызбен бөлісу: |