Топырақ түзуші фактор
|
Топырақ түзілуінде ролі
|
Мысал
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
6
|
|
|
|
3-тапсырма: "Топырақ құнарлылығының әртүрлі көрсеткіштерін зерттеу" ғылыми экспериментті қорғау (презентация + реферат).
4-тапсырма: тақырыптық тесттік бақылау.
Әдебиеттер:
1. Чибисова Н.В., Долгань Е.К. Экологическая химия: Учебное пособие / Калинингр. ун-т. - Калининград, 1998. - 113 с.
12 дәріс «Қоршаған орта сапасының стандарттары»
Жоспар:
1. Экологиялық нормативтер арқылы қоршаған орта ластаушыларын шектеу.
2. Әр түрлі ортадағы зиянды заттектерді нормалау.
1. Экологиялық нормативтер арқылы қоршаған орта ластаушыларын шектеу. Қоршаған табиғи ортаның күйі барлық экожүйелердің (адамды қоса есептегендегі) қалыпты (физиологиялық комфортты) өмір сүруіне мүмкіндік жасайтындай болуы тиіс. Осыған байланысты қоршаған табиғи ортаның сапасы деген түсінік енгізіледі.
Қоршаған орта сапасы дегеніміз қоршаған ортаның барлық экожүйелер мен адамзат үшін өмір сүруге қолайлығы және технологиялық талаптарға сәйкес келуі.
Қоршаған орта сапасы адам денсаулығына әсеріне қарай таза (комфортты) және зиянды ортаға бөлінеді. Егер ортаның әсерінен адам денсаулығы қайтымсыз өзгеріске ұшыраса, онда мұндай орта экстремальды деп аталады.
Табиғатты қорғауға негізделген барлық іс-шараларды осы қоршаған орта сапасын нормалау принципі құрайды. Бұл термин адамның қоршаған ортаға шектік рауалы әсерінің нормасын (көрсеткішін) белгілеуді білдіреді. Экологиялық нормативтерді, яғни қоршаған орта сапасын анықтайтын нормаларды сақтау
• тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін;
• адамның, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорын сақтауды;
• орнықты даму жағдайында табиғат ресурстарын өндіру және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Экологиялық нормалау жүйесі
• табиғатты пайдалану және қорғауға байланысты құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге:
• қоршаған табиғи ортанының тұтас және жеке бөліктері күйінің нормаларын жасауға;
• табиғатты қорғау талаптары бойынша технологиялық процестерді ұйымдастырудың нормаларын құрастыруға (ШРТ, ШРШ, қалдықтарды орналастыру шегі және т.б.) бағытталған.
Экологиялық нормалау шетелдерде бірнеше онжылдықтан бері пайдаланылып келеді. Ал біздің елімізде экологиялық нормалау жүйесі даму кезеңдерінен өтуде. Экологиялық нормалау жүйесі әсіресе Германияда жақсы жетілген. Оларда стандарттау жүйесі, табиғи орта компоненттері – топырақ, су және атмосфера ауасы күйін үнемі бағалап отыруға бағытталған, заң негізінде қабылданған.
Мұндай бағалау Ресей Федерациясы мен біздің елде түрлі шектеулер көрсетілген нормативтік құжаттар негізінде реттеледі және келесі бөлімдер бойынша жүргізіледі:
• биотикалық компоненттер (топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі) күйінің белгілі бір критерийлер бойынша аймақтық табиғи жағдайларға және аймақтың тарихи қалыптасқан табиғатты пайдалану дәстүріне сәйкес келуі ;
• тұрғындар денсаулығының қоршаған табиғи орта күйіне тәуелділігі.
Экологиялық нормаларды белгілеу негізіне табиғи ортаның өздігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуына дейінгі бүліну дәрежесі алынады. Соңғы жылдары экологиялық нормалау принциптері терең зерттелуде. Осындай зерттеулер көмегімен экожүйелердің әр түрлі дәрежеде бүлінуіне қолданылатын қоршаған ортаның күйін экологиялық бағалау белгілері ұсынылды, 1кесте.
Экологиялық нормалау кезінде ең басты ескерілетін мәселе тұрғындардың денсаулығы және тұрғындардың қоршаған ортамен әсерінен туындайтын корреляциялық байланыс болып табылады.
Кесте 1. Қоршаған табиғи орта сапасын экологиялық бағалау белгілері.
Бағалау баллы, %
|
Табиғи орта күйінің сапалық белгілері
|
Сапаны жоғалту деңгейі
|
0 - 1,0
0 - 5
|
Белгілердің болмауы:
табиғи және антропогендік биоценоздардың қысым көруі;
қоршаған табиғи ортаның әсерінен денсаулықтың нашарлауы;
табиғи ортаның және оның тепе-теңдігінің бұзылуы.
|
Шартты түрде ноль
|
1,1 – 2,0
6 - 20
|
Табиғи биоценоздардың елеулі қысым көруі, жердің азық-түлік өнімдерін өндіру үшін шектеусіз пайдаланылуы;
Табиғи орта адамның өмір сүрін жалпы қанағаттандырады;
Табиғи ортаның кейбір жеке бөліктерінің қайта қалпына келетін сипатта бүліну белгілері.
|
Төмен
|
2,1 – 3,0
21 - 40
|
Табиғи биоценоздар қатты қысым көрген, топырақтың құнарлығының және сапасының төмендеуі салдарынан азық-түлік өнімдері өндірістерінің тиімсіздік көрсетуі;
Қоршаған табиғи ортаның жағымсыз әсерлерінің салдарынан халық денсаулығының елеулі төмендеуі;
Қоршаған табиғи орта антропогендік жүктемелерге төтеп бере алмайды.
|
Орташа
|
3,1 – 4,0
41 – 70
|
Жасанды көшеттерді ұзақ уақыт отырғызудың және жерді азық-түлік өндірісі үшін пайдаланудың мүмкін еместігі;
Тұрғындардың денсаулығы бойынша деградацияның туындауы;
Табиғи ортаның өздігінен қалпына келу қабілетінің жойылуы және бүлінуі.
|
Жоғары
|
4,1 - 5,0
71 - 100
|
Жердің өнімділігі жоққа тән;
Адамның табиғи ортамен тікелей жанасуы оның денсаулығына және өмір-тіршілігіне қауіпті;
Табиғи орталар қалпына келместей бүлінген және өз қызметін орындай алмайды.
|
Апатты
|
Достарыңызбен бөлісу: |