5. Охарактеризуйте представителей отдела ринофитов, уточните классификацию и эволюционное значение.
Ертедегі қазба өсімдіктер – балдырлар кембрийге дейінгі дәуірлерден қалған, силур кезеңінде алғашқы жоғары сатылы өсімдіктер – ринофиттер пайда болған.
Девон кезеңінен бастап буынтық бұтақтылар, плаундар, қырыққұлақтар пайда болған.
Палеозой эрасында балдырлардың жасыл, қызыл, бурыл түрлері, ал мезозой мен кайнозойда диатомды және пирофитті түрлері басым болған.
Қазба өсімдіктер – көне геологиялық заманда болған климат пен ландшафт өзгерістерінің куәсі, жер бетіндегі өсімдіктер эволюциясының айқын сипаты. Олар жер қойнауында қашан, қандай шөгінділер пайда болғанын, олардың қалай, қандай жағдайда қалыптасқанын білуге мүмкіндік береді
Риниофиттер (лат. Rhynióphyta) – қарапайым құрылысты қазба өсімдіктер. Олардың сабақтары тармақталған, жапырақтары болмаған. Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінің дамуында псилофиттердің тіршілік етуі өте белгілі кезең болады. Псилофиттердің кезеңі геологиялық мәні жағынан алғанда қысқа мерзімді болған, олардың жер бетіндегі тіршілк етуі 20-30 миллион жыл болып есептеледі. Девон кезеңінің орта шенінен азая бастайды да осы кезеңнің аяқ кезінде мүлдем жойылып кетеді. Псилофиттердің қазба қалдықтары силур кезеңінен мен төменгі және орта девон кезеңі шөгінділерінен табылған.
Псилофиттердің әр түрлі түрінен кәдімгі шаңжапырақтәрізділер, плаундар, қырықбуындылар пайда болды.
6. Охарактеризуйте плауновидных: уточните их происхождение, указав отличительные особенности и классификацию.
7. Уточните и опишите особенности жизненного цикла плауновидных
Плаунтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын ағаш түрінде өркендеп, кең тараған жасыл өсімдіктер. Қазіргі кезде қылқанды және аралас орманда кездесетін шөптектес көпжылдық өсімдіктер түрінде таралған. Плаунтәріздестер сабақты, ұсақ жапырақты және қосалқы тамырлы болып келеді. Табиғатта 200-500 түрі бар деп есептеледі.
Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады (жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.
Шоқпарбас плаун өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің жас жасушаларынан алдымен қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетіледі. Осылай бір өсімдіктен бірнеше жас плаун пайда болады. Кейбір түрлері (басқа ағашқа жабысып өсетіндер) өркендерінің ұшында пайда болатын бүршіктері арқылы өсімді көбейеді. Бүршік әбден жетілгенде үзіліп, 0,5 м қашықтыққа түсіп, қолайлы жағдайда енеді.
Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралар өркендерде жетіледі. Плаунның спора түзетін өркенінің ұшына көптеген үш бұрышты, ұшы үшкір спорофилдер (грекше «спорос» - екпе, сеппе, «филлон» - жапырақ, спорангиі бар жапырақ) бекиді. Осы спорофилдерде бүйрек тәрізді спорангийлер орналасады. Спорангий - споралар дамитын орын. Олардың ішінде көптеген ұсақ, сары түсті споралар жетіледі. Споралардың барлығының пішіні мен мөлшері бірдей. Пісіп жетілген споралар спорангийлер жарылғанда жерге шашылады.
Жынысты көбеюі жерге түскен споралардың өнуінен басталады. Плаун спораларының өнуінің екі: жерүсті және жерасты типі белгілі. Бірінші жағдайда споралар жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді. Бұл өскіншелер жартылай сапрофит (грекше «сапрос» - шірінді, «фитон» - өсімдік, шіріндімен қоректенетін ағза) ретінде қоректенеді.
Плаундар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею төселіп өсетін сабақтардың үзінділерінен, ал жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады. Жынысты көбею кезінде аталық және аналық жұмыртқалар қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Плаундардың спорасы және шөбі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Өнеркәсіпте плаун сары және жасыл бояу алынатын шикізат болып табылады.
Спорофильдің жоғарғы бөлігінің негізінде бүйрекпішінді спорангиялары дамиды. Оларда редукциялык бөліну нәтижесінде тең споралылар пайда болады. Пісіп-жетілген споралары шашылып, су ағынымен топыраққа еніп, одан өскіншелер өсіп шығады. Түссіз, косжынысты, жерасты микроскопиялык (2-3 мм) өскіншелері саңыраукүлак жіпшелерімен селбеседі (саңыраукүлак жіпшелерінсіз тіршілік ете алмайда). Өскіншеде архегония мен антеридия түзіледі, сулы-тамшылы орта болған жағдайда ұрыктанып, диплоидты зиготадан ұрық пайда болады, ал одан жаңа спорофит —плаун өсіп шыгады. Спора 10-12 жыл дамып, өскінге айналады, ал үрықтың дамуы 12-20 жылға созылады. Өзге плаундардың өскіндері жер бетінде дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |