16. Охарактеризуйте флору и флору Северо-Актауского и Южно-Актауского районов.
Ақтау – Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі жота.
Солтүстік Ақтау жотасы – Маңғыстау тауларының солтүсік бөлігіндегі жота.
Маңғыстау облысы Маңғыстау жəне Түпқараған аудандарының жерінде орналасқан.
Абсолюттік биіктігі 322 м (Күш тауы). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері 13-15 км. Көлденең тізбектеле жатқан жоталардан, ойпаңдардан тұрады. Жотада мегаантиклиналының қанаттарына сəйкес келетін куэсталар кездеседі. Жота басқа тауларға қарағанда қатты тілімденген жəне биіктеу. Терең жыралармен, тік жарқабақтармен ерекшеленген. Терең жыралардың бойында Басшорым, Сарынияз, Ақтам, Бөлісу, Қақпақты құдықтары мен бұлақтары бар.
Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Геологиялық құрылымы пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, əктас жəне конгломерат жыныстарынан түзілген.
Тау жоталарында тасбұйырғын, жусан басым өседі. Жыл бойы мал жайылымы.
Қаратау жоталары пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзілген. Төбесі тегіс немесе сәл белесті келеді. Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Екі жағынан Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары өтеді. Олар Маңғыстау мегантинклиналінің қанаттарына сәйкес келетін куэсталардан тұрады.
10. Расскажите об истории Мангистауских заводов
Отыз жылдай уақытта жүргізілген терең барлау жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстау өте ірі мұнай мен газ қоры бар өлкеге айналды.
Мұнай-газ кен орындары көмірсутектер түріне қарай төмендегідей болып бөлшектенеді: мұнай-газ кен орындары – 23, мұнай кен орындары – 22, газ кен орындары – 14. Кестеден көрсетілгендей кен орындардың басым көпшілігі Оңтүстік Маңғыстауда (41 кен орны) және соған сәйкес мұнай мен газдың алынатын қорлары да (бүкіл облыс қорының 66,5%-ы) осы аймақта. Оңтүстік Маңғыстауға Өзен – Жетібай, Жазыгүрлі, Қарақия мұнай-газ зоналары қарайды.
Мұнай өндіру Маңғыстауда «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің құрылуымен байланысты (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі). Осы уақытта ММГ өндірістік бірлестігі қарауында 38 әр түрлі басқармалар мен зауыттары бар мемл. мекемені құрады.
«Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің өсу жолындағы басты кезеңдері: 1964 ж. «Маңғыстаумұнай» бірлестігі құрамында Жаңаөзенде «Өзен» мұнай өндірістік басқармасы құрылды (бастығы – Ө.Өтесінов, бас инженері – А.А. Дергачев, бас геологы – А.И. Осадчий).
1964 ж. 19 – 22 мамырда Шевченко қаласыннда (қазіргі Ақтау) мұнайшылар мен мұнай барлаушылардың Бүкілодақтық ғылыми-технологиялық конференциясы болып, Маңғыстау байлығын игеру туралы аса маңызды мәселе қаралды. Оған бұрынғы Одақтың әрбір бірлестіктерінен, ғылыми-зерттеулер институттарының өкілдері қатысты. 10 маусымда уақытша тапсырылған Өзен – Маңғыстау – Мақат т. ж-мен алғашқы Өзен мұнайы Атырау мұнай өндеу зауытына жіберілді. Ақтау – Өзен электр желісі (ЛЭП – 110 кВт) және Сауысқан – Өзен тұщы су құбыры пайдалануға берілді.
1966 ж. мамыр айында Жетібай мұнай өндіру басқармасы құрылды (бастығы Е.Нұржанов, бас инж. С.Қалжанов, бас геолог Б.Әлиев). Сол жылы 10 шілдеде Өзен кен орнынан тұңғыш рет 1 млн. т «қара алтын» өндірілді. Ұз. 140 км болатын Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры пайдалануға берілді. Осы құбыр арқылы Оңтүстік Маңғыстау мұнайы Ақтаудағы теңіз порты арқылы тасымалдануға мүмкіндік алды. Жаңаөзен – Ақтау автомобиль жолы іске қосылды.
1967 ж. ұз. 1500 км болатын дүниежүзілік маңызы бар трансконтиненттік Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырларының салынуы басталды. Келесі жылы Жетібай мен Өзен кен орындарынан газды өндіру басталды әрі осы кен орындарында алғашқы газ-лифтмұнай өндіру әдісі қолданыла бастады.
1969 ж. Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырының бірінші кезегі – ұзындығы. 711 км болатын Өзен – Атырау аралығы іске қосылды.
1970 ж. Өзен кен орнында құнарлы қабаттарға ыссы су айдайтын дүние жүзінде алғашқы рет тәжірибелі-өндірістік қондырғы өндіріске берілді. Теңге газ кен орнынан өнім өндіру басталды. Мұнда ерекше қондырғылар арқылы газды төм. жылылықпен тазарту қаралды. Бұрынғы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу мұнай институтының Маңғыстаудағы лабораториясының негізімен Ақтау қаласында Қазақтың ғылыми-зерттеу және жобалау мұнай институтының ғылыми бөлімі ашылды.
Қазіргі уақытта облыста мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны сақталуда. Аймақтағы мұнай өндірудің негізгі көлемін «Өзенмұнай» ӨФ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбас», т.б. ірі кәсіпорындар өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |