1. Основные тенденции развития тяжелого машиностроения в Казахстане



бет4/20
Дата02.12.2022
өлшемі87.08 Kb.
#466281
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ЭССЕ жауаптары

«Индустрия 4.0» дегеніміз не?
Бүгін біз барлық дерлік салаларды цифрлық технологиялардың белсенді енгізілуінің куәгері болып отырмыз. Технологиялық жаңғыртудың маңыздылығын сезіне отырып, Қазақстан өнеркәсіпті цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі технологиялық даму тұрғысыннан қай деңгейде екенімізді түсіну үшін Индустрия 4.0 бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың қазіргі жай-күйін бағалады. Талдау нәтижелері көрсеткендей, еліміздегі кәсіпорындардың басым бөлігінің Индустрия 4.0-ге толық көшу үшін технологиялық және ұйымдастырушылық базасының жеткізіліксіздігі анықталды.

3. Связь тематики научного исследования с тенденциями в тяжелом машиностроении РК.
Ғылыми зерттеулер субъектісін Қазақстан Республикасының ауыр машина жасау үрдістерімен байланыстыру.
Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару); 2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу); 3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту). Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы.Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады
Деректерге сүйенсек, еліміз аумағындағы ең алғашқы машина жасау кәсіпорны 1909 жылы Алматы қаласында (бұрынғы Верный) құрылған екен. Ол тұқым себу машинасын (сеялка) шығаратын болған. Ал өндіріс саласы ретінде Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестер Одағының батыс және орта өңірлерінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде қалыптасты. Сөйтіп, Алматыда металлургиялық құрал-жабдықтар, Шымкентте автоматты сығымдау аппаратураларын, Ақтөбеде автокөлік қозғағыштарын, Ақмолада ауылшаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорындар құрылып, ондаған машина жасау зауыттары салынды. Осылай аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болып, машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады. Еліміз тәуелсіздігін алар тұста Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Бірақ біз бұл саланың жалпы даму деңгейі бойынша басқа одақтас республикалардан айтарлықтай артта едік. Жалпы, өнім өндіруде Қазақстан КСРО-да үшінші орында болғанымен, машина жасауда он екінші орында тұрғаны мұның айқын дәлелі. Кешеннің құрылымы да біздің еліміз үшін қолайлы болмады: зауыттардың үштен бірі тек ескірген техникаларды жөндеумен айналысса, тағы сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Ал қалған үштен бірінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен құрады. 1990 жылдары сала өндіретін өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, машина жасау кешені терең дағдарысқа ұшырады. Жалпы, Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет