Май тапшылығы салдары:
1) гиповитаминоздар дамуы (майда еритін А, D, E, K);
2) биологиялық белсенді заттар (лейкотриен, ПГ) синтезі бұзылысына әкелетін алмастырылмайтын жартылай қанықпаған май қышқылдарының тапшылығының дамуы. Бұл шаштың түсуімен, терідегі қабынумен, некроз ошағы мен экзематозды кұбылыс дамуымен, бүйрек зақымдалуымен көрініс береді;
3) арықтау, жүдеудің дамуы. Майлардың синтезі мен бұзылуы организмнің барлық тіндерінде жүзеге аса- ды. Кейбір тіндер арнайы қызметтер атқарады. Осылайша, экзогенді липидтердің жұтылуы жіңішке ішек қабырғасында, жиналуы - май тінінде; шығарылуы - ішекте, бүйректе, өкпеде болады. Май алмасуындағы орталық маңызға бауыр ие, бұл жерде май, көмірсу, нәруыз метаболизмінің барлық жолдары түйіседі. Бұл жерде май тасымалы нәруыздарының негізгі массасы мен май деградациясы өнімдері синтезделеді. Май ыдырауының соңғы өнімдері организмен өтқышқылдары тұздары, нейтралды стероидтар немесе кетон денелері түрінде шығарылады.
53.Гиперлипидемия, түрлері, даму механизмі, салдары
Гиперлипемия май алмасуының негізгі көрсеткіштерінің бірі және қанда бейтарап майлар мен үшглицеридтердің жоғарылауымен сипатталады. Майлар лимфаға түседі, одан ішектен ең ірі липопротеин хиломикрон түрінде қанға өтеді, бауырдан қанға тығыздығы өте төмен липопротеиндер өтеді. Теріасты май клетчаткасынан, өкпеден, сүйек кемігінен липолиз кезінде этерификацияланбаған май қышқылдары босап шығады. Липидтердің қан кан плазмасындағы мөлшері қалыптыда 1-2 г/л ден аспайды.
Гиперлипемия алиментарлы, транспортты, ретенциялы болуы мүмкін.
Алиментарлы гиперлипемия - майлы тағам қабылдаумен немесе майлы жүктемеден кейін қандағы хиломикрон мөлшерінің уақытша жоғарылауы. Ол гепатоциттердің функционалды белсенділігімен, хиломикрон утилизациясымен оңай жойылады. Май тінінде майлардың жинақталуы да мүмкін
Транспортты гиперлипемия ашығу, стресс, 1-типті кант диабеті кезіндегі кордағы этерификацияланбаған май қышқылдарының күшейтілген утилизациясымен (пайдалану) байланысты немесе отбасылық гипертриглицеримия кезіндегі канда циркуляциялайтын липопротеиндердің метаболизмі бұзылуымен байланысты. Сүйек кемігі, май тінінен майлардың күшейтілген мобилизациясына, аденилатциклазды жүйе арқылы тіндік липазаны белсендіретін, гипофиздің соматотропты және кортикотропты гормондары, сонымен катар глюкагон, тироксин және адреналин әсер етеді. Бауырдан липопротеиндер қанға түседі. Өкпеден гипер- липемияға алып келетін майдың мобилизациясы, өкпенің ұзақ уақыт гипервен-тиляциясы кезінде, мысалы, жүзушілерде немесе кәсіби әншілерде байкалады.
Достарыңызбен бөлісу: |