1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет21/76
Дата03.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#450892
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ555

9.1.10. Тақырыбы: Жеке қорғану құралдарын қолдану

Сағат саны – 1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары

2.Теріні қорғау құралдары

3. Емдік-профилактикалық шаралар.

4.Улану кезшде алгашкы кемек

Дәріс тезисі:

Жұмысшылардың тыныс алу мүшелері мен терісі арқылы енетін өнеркәсіптік улардың тікелей әсері әлі де қауіпті болып саналады. Бұл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек. Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін әр түрлі жүйедегі газқағарлар мен респираторлар бар: сүзгіш газқағарлар - бөлек улар мен олардың қоспаларынан қорғайды, ауада оттегі жеткілікті болғанда қолданылады; оқшаулағыш газқағарлар – оттегі жеткіліксіз болғанда немесе зиянды бу мен газдың өте жоғары концентрациялары кезінде (апаттық жағдайларда) қолданылады.

Теріні қорғаудың маңызы үлкен, себебі оның аурулары (дерматиттер, экземалар) кейбір өндірістерде барлық кәсіптік аурулардың негізгі құрамдас бөлігін алады.

Қолдың терісін қорғау үшін қолғаптардан, арнайы киімнен басқа биологиялық қолғаптар типіндегі гидрофобты, гидрофильді қорғаныс майлары, химиялық дезактивациялау заттары, ластарды жуатын бірқатар заттар қолданылады.

Химиялық заттардың зиянды әсерінен көзді қорғау үшін әр түрлі көзілдіріктерді, сонымен қатар қорғаныс экрандарды қолданады.

Жеке қорғаныс құралдарымен бірге ластанған теріден химиялық ластарды жоюын қамтамасыз ететін өндірістік жайларды жабдықтау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет