1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Тұлғаның аналитикалық теориясы



бет17/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
1-45 практик псих

33. Тұлғаның аналитикалық теориясы
Түп-тамырында ортақтықтың көп болуына қатысты, жеке тұлғаның аналитикалық теориясы классикалық психоанализ теориясына жақындау. Осы бағыттың көптеген өкілдері З. Фрейдтің шәкірттері болған. Алайда, аналитикалық теория классикалық психоанализдің дамуындағы жаңа әрі жақсы жетілген сатысы екенін айтпай кетуіміз дұрыс болмайды. Бұл жаңа теориялық жағдайлар қатарына негізделген сапалы жаңа ықпал. Осы бағыттың өте көрнекі өкілі швейцар зерттеушісі К.Юнг боп табылады.

2. К.Г.Юнг тұлға дамуындағы негізгі қайнар көздері туралы.


Юнг жеке тұлға дамуындағы негізгі қайнар көздер ретінде туа біткен психологиялық факторларды санады. Адам өз ата-анасынан тұқым қуалау бойынша дайын алғашқы идеялар (ойлар) – “архетиптерді” алады. Кейбір, архетиптер өте әмбебап болады, мәселен, барлық халықтарға тән Құдай, қайырымдылық пен зұлымдық идеясы. Бірақ, бұлардан басқа да мәдени-дара-ерекше архетиптер де болады. Юнг архетиптер түс көруде, қиялда бейнеленеді және көркем өнер, көркем әдебиет, архитектура мен дінде қолданылатын белгілер түрінде жиі кездеседі деп шамалайды. (Юнг К., 1994). Әрбір адам өмірінің мағынасы – туа біткен архетиптерді нақты мазмұнмен толықтыру.


Юнгтің ойынша жеке тұлға өмір бойына қалыптасады. Жеке тұлғаның құрылымында барлық туа біткен архетиптердің жиынтығы боп келетін “ұжымдық санасыздықты” құрап тұратын санадан тыс негізгі бөлігі басымдық көрсетеді. Жеке тұлғаның ырық бостандығы шектелген. Адамның мінез-құлқы оның туа біткен архетиптеріне немесе ұжымыдық санасыздыққа бағынышты болады. Осы теория шеңбері аймағында адамның ішкі әлемі толықтай субъективті. Өз әлемін жеке тұлға түс көрулер және мәдениет пен өнер белгілеріне қатысты аша алады. Жеке тұлғаның шынайы мазмұны бақылауышының көзінен жасырын болады. Жеке тұлғаның негізгі элементтері – сол адам жүзеге асырған арнайы архетиптерінің психологиялық қасиеттері болып саналады. Бұл қасиеттерді мінездің белгілері деп те атайды (Юнг К., 1994). Мысалы, “персона” маска архетипінің қасиеті – бұл өзіміз байқататын психологиялық сипаттамалар мен рольдер; ал “көлеңке” архетипінің қасиеті – бұл басқа адамдардан жасыратын біздің шынайы психологиялық сезімдер; “анимус” (рух) архетипінің қасиеті-қайраты, қатты, батыл болу, қорғау, күзету және аулау (охотиться) т.б. боп табылса, “анима” архетипінің қасиеті (жан) – нәзіктік, жұмсақтық, қамқоршы болу боп табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет