1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Тұлғаның когневитті теориясы



бет19/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
1-45 практик псих

35. Тұлғаның когневитті теориясы.
Когнитивтік психология ішкі ойлау үдерістерін - мидың ішіндегі барлық нәрселерді, соның ішінде қабылдау, ойлау, есте сақтау, назар аудару, тіл, проблемаларды шешу және оқытуды зерттеуді қамтиды. Бұл психологияның салыстырмалы түрде жас саласы болғанымен, ол тез танымал ең танымал қосалқы алаңдардың бірі бола бастады.

Бұл когнитивтік зерттеулер үшін практикалық көптеген қосымшалар бар, мысалы, есте сақтау қабілетінің бұзылуымен күресу, шешім қабылдау дәлдігін арттыру, адамдарды мидың жарақаттануына көмектесу жолдарын іздеу, оқытудың бұзылуын емдеу және оқытуды жақсарту үшін оқу бағдарламаларын құрылымдау. Сіздің есіңізді жақсарту үшін қандай әрекеттер мен шынайы жолдар бар?


отбасылық фотосурет альбомы бар аға буын
10 Жад туралы ұмытылмас деректер
Адамдардың ақпаратты қалай ойлайтынын және өңдейтіні туралы көбірек білу зерттеушілерге адам миының қалай жұмыс істейтіні туралы тереңірек түсінуге көмектеседі, бірақ психологтарға психологиялық қиындықтармен күресуге көмектесетін жаңа тәсілдерді жасауға мүмкіндік береді. Мәселен, назар аударудың таңдаулы және шектеулі ресурс екендігін мойындай отырып, психологтар назар аударатын қиындықтар мен концентрацияны жақсарту үшін қиындық тудыратын адамдарға оңай шешім қабылдауға қабілетті.

Когнитивті психологиядан алынған мәліметтер, адамдар қалай қалыптасып, есте сақтап, еске түсіретіні туралы түсінігімізді жақсартты.


Бұл процестердің қалай жұмыс істейтіні туралы көбірек біле отырып, психолог адамдарға естеліктерін жақсартуға көмектесудің және әлеуетті жад проблемаларына қарсы әрекет етудің жаңа тәсілдерін әзірлей алады. Мысалы, психологтар сіздің қысқа мерзімді жады жеткілікті қысқа және шектелген (20-дан 30 секундқа созылған және бес-тоғыз позицияларын ұстап тұруға қабілетті) болғанымен, жаттығулардың стратегиясы ақпараттың ұзақ мерзімді ақпаратқа көшу мүмкіндігін арттырады, әлдеқайда тұрақты және берік болып табылатын


36. Тұлғаның мінез-құлық теориясы

Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасынан айқындалатын құбылыс. Ол тәрбиеге байланысты қалыптасып, дамып отырады.


Мінез ұғымын алғаш сипаттап жазған грек философтары Теофраст және Лабрюйер мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп бағалады.


Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.


Мінез-құлық дегеніміз –адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінездегі мінін түзетуге, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тыйып ұстауға болады. Мінез-құлық адамның өзіне, маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған әске қалай қарайтынынан байқалады. Амам мінез-құлқының алғашқы көрінісі-қылық. Мұнда тұлғаның беталысы, адамгершілік талғам-сенімі көрініс береді. Баланың еш әрекетінсіз оның еш мүмкіншілігі:таланты, мінезі, ақылы да дамуы мүмкін емес.


В.И.Зябкин ұсынған қағидалар ішінде:


-оқушының әлеуметтік ортаға қосылуы және үлкендердің әрекеттілігі, себебі тұлға қоғамдық қарым –қатынас жүйесіне қосылу үдерісінде ғана қалыптасады;


-жүйелілік;


-балаға әсер ететін сыртқы және ішкі факторды фильтрлеу, себебі қалыптасып келе жатқан тұлға сыртқы әрекеттерден әсер алады және жағымды әсерлерді жіберетін және жағымсызын өткізетін ерекше фильтр қажет.


Баланың мінез –құлқын дұрыс бағытта қалыптастыуға әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші болады. Олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұларалық қақтығыстардың жалғасуы әсер етеді. Мінез –құлықтың қалыптасуы қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.


Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – мінез-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.


Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр – түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.


Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.


Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет