1. Природа электрического тока в газах



бет4/7
Дата01.03.2024
өлшемі141.24 Kb.
#493864
1   2   3   4   5   6   7
рк2 сро

Өзара индукция



Біз қарастырған параллель өткізгіштердегі индукциялық ток-тардың туу құбылысы өзара индукция деп аталады.
Өзара индукция тек қана токтардың пайда болу және жоғалу кездерінде ғана емес, сонымен қатар токтың қандай да болмасын өзгергенінде де бақыланады. Тікелей ток көздерін жоқ тізбектерде осындай жағдайларда туатын ЭҚК-і өзара индукция ЭҚК-і деп аталады. Өзара индукцияның ЭҚК-нің пайда болуын тұйықталған өткізгіштің контурын көрші өткізгіш арқылы жүріп жатқан токтан туатын өзгеріп отыратын магниттік ағынның тесіп өтуімен түсіндіріледі.
Біз, әркайсысы тұйыкталған бір орамы бар өткізгіштен тұратын I және II контурымыз бар дейік (23-сурет). Қандай да болмасын ток көзінен (суретте керсетілмеген) I тізбекпен I1 тогы жүріп жатса Ф1 магниттік ағын қозады, бұл ағынның бір бөлігі II тізбектің кон-турынан да өтіп жатады. Бүкіл магнит ағыны Ф1 мен катар, оның II тізбектің контурынан өтетін Ф2 бөлігі де І1 токқа пропорционал
екені айқын. Демек, Ф
2 ағыны мен І1 токтың арасындағы қатынас-
ты келесі теңдік арқылы анықтауға болады

Ф2 = МІ (2.40)
Мұндағы М - контурлардың геометриялық өлшемдері мен олардың өзара орналасуына тәуелді коэффициент.
Бұл коэффициент өзара индуктивтік деп аталады. Өзара индуктивтік жәй индуктивтік сияқты генри, милигенри, микрогенримен өлшенеді. Екі контур бір
генрилік өзара индуктивтікке олардың біреуінде бір вольтқа тең
өзара индукцияның ЭҚК-і пайда болуы, екінші контурдағы токтың
бір секунд ішінде бір амперге бірқалыпты өзгеруіне сәйкес келген жағдайда ие болады.




23 Сурет – Тұйық тармақтарда өзара индукция ЭҚК-нің
пайда болу сұлбасы
Екі контурдың арасындағы өзара индуктивтік М осы контурлардың индуктивтіктері арқылы өрнектеле алады. Егер бірінші тізбсктің индуктивтігі L1 болса, ал екіншісінің индуктивтігі L2 болса және бірінші тізбектің контурында (әсер етуші) туатын магнит өрісі екінші тізбектің контурын (әсерге түскен) түгелдей тесіп кететін болса, онда
M = √ L1L2 (2.41)
Әйткенмен іс жүзінде әрқашанда бірінші тізбектің магниттік сызықтарының бір бөлігі екінші тізбекті сырттай өтіп тұйықталатындықтан немесе аталмыш, әрқашанда магниттік ағынның сейілуі болатындықтан


М<√ L1L2 (2.42)


Сөйтіп, алдыңғы теңдеуге қайсыбір бірден кіші k көбейткіші кіргізілуі тиіс:
M = k√L1L2 (2.43)


мұнда к - көбсйткіш, байланыс коэф­фициенті деп аталады.
Өзара индукция құбылысы трансформаторларда қолданылады. Кейбір жағдайларда өзара индукция кұбылысы зиянды әсер етеді. Мысалы, жоғары вольтты тізбектердің сымдары байланыс жүйесінің сымдарымен жақындасқанда өзара индукция бөгеулік көзі болып қана қоймай, байланыс сымдарында аса қауіпті кернеу ин-дукциялауы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет