Кататониялық қозуы бар науқас балауыздық иілгіштікпен ступор күйі көрінеді. Кататониялық синдром жиі шизифрения кезінде, кейде - эпилепсия немесе экзогенді - органикалық психоздар кезінде диагностикаланады.
Гебефрениялық синдром шығу тегі мен көріністері жағынан кататонияға ұқсас. Қимыл-әрекеттің, сөздердің мәнерлілігімен, оғаштығымен, алаңғасарлықпен сипатталатын қозу. Көңілділік, қисаңдау және әзілдері қоршаған ортадағы адамдарда көңілділік туыдрмайды. Науқастар келемеждейді, гримасалар жасайды, бала тәрізді сөйлейді, аунайды, билейді. Кататония мен гебефрения арасында ауысулар байқалады. Жасөспірімдерде баяу ағымды шизофрения шеңберінде кейде гебоидтылық – алаңғасарлық, жүріс-тұрыс дөрекілігі қалдықтарымен, әуестік бұзылыстарымен және ассоциальды тенденциямен көрінетін толық дамымаған гебефрениялық жағдай диагностикаланады.
15. Астениялык синдром,психопатологиялык мазмуны,диагностикалык манызы, ол кездесетін аурулардын мысалдары.
Астениялық синдром
Бұл синдром нерв- психикалық әлсіздік жағдайы. Психиатрияда және неврологияда ең жиі тараған синдром. Ол психиканың сандық бұзылыстарын көрсетеді. Оның негізгі көрінісі- психикалық астения. Оның 2 варианты
бар:
• гиперстениялық
• гипостениялық
Гиперстениялық түріне тән:
•Тітркендіргіштік
•Эмоциялық лабильділік және әлсіздік
•Гипобулия
•Ес қабілетінің бұзылуы
•Метеопатия
•Вегетациялық өзгерістер ( іш қату, іш өту, гипергидроз, бас ауырсынуы, тахикардия, акроцианоз, ұйқының бұрмалануы - инверсия)
•Ойлаудың бұзылуы
Гипостениялық түріне тән:
•Физикалық астения
•Шаршағыштық
Кездесуі
• Соматикалык аурулар ( жукпалы жане жукпалы емес)
• Интоксикация
• Органикалык жэне эндогенді психикалык аурулар (
шизофрения, эпилепсия)
• Невроздар
16.Ипохондриялык синдром. Ипохондриянын сандыракты,
өте құнды және обсессивті түрі туралы түсінік.
Ипохондриялық синдром маазмұны бойынша мынадай болады: 1) астениялық, 2) депрессивті, 3) фобиялық, 4) сенестопатиялық, 5) сандырақтық. Невротикалық жағдайда жай, сандырақсыз ипохондрия жөнінде айтылады, ол өз денсаулығына аса көңіл аударумен, оның дұрыстығына күмәнданумен көрініс береді. Науқас өз денесіндегі жағымсыз сезімдерге фиксацияланады, олардың тегі невротикалық жағдайдың өзі және оның нәтижесінде дамыған сомотовегетативті өзгерістер, депрессия және басқа да себептер болуы мүмкін. Науқас әртүрлі мамандарға жиі көрініп, тексеріледі. Зерттеудің жақсы нәтижесі науқасты біраз уақытқа тыныштандырады, бірақ артынан қайта күшейеді, ауыр дерт жөніндегі ойлар оралады. Ипохондриялық симптоматиканың пайда болуы ятрогениямен байланысты болуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |