1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Есеңгіреу түріндегі сананың бұзылуы. Клиникалық сипаттамасы



бет25/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

20.Есеңгіреу түріндегі сананың бұзылуы. Клиникалық сипаттамасы.
Есеңгіреу - психикалық үрдістердің кедейленуімен және психиканың патологиялық өнімінсіз сана белсенділігі төмендеуінің жеңіл дәрежесі. Бұл жағдайда барлық сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау табалдырығы жоғарылайды және жауап реакциясының жасырын (латентті) кезеңінің ұзақ болуы тән, нәтижесінде науқас тек күшті тітіркендіргіштерге жауап береді, айналадағы құбылысты қиыншылықпен, толық емес қабылдайды. Ойлау қабілеті қиындаған, науқас тек жеңіл сұрақтарды, оны бірнеше қайталағанда түсінуге қабілетті, жауаптары толық емес, біртекті, жұпыны. Айналадағы құбылыстарға қатыспаушылық, тежелу, жиі ұйқышылдық (сомнолентті жағдай) жағдайы болады. Түс көру болмайды, бағдарлау әртүрлі дәрежеде өзгерген. Есеңгіреу кезіндегі жайттарды еске түсіру қиын, үзікті немесе мүлдем еске түспейді.
Есеңгіреудің бастапқы көрінісі обнубиляция болып табылады, бұл кезде сана біресе айқындалып, біресе қарауытады.
Жағдайдың ауырлау дәрежесіне қарай есеңгіреу сопорғанемесе комағаауысады. Сопор кезінде аурумен сөйлесу мүмкін емес, бағдарлаудың барлық түрі бұзылған, тек күшті тітіркендіргіштерге қимылдық және мимикалық реакциялар сақталады. Кома кезінде сана және сыртқы тітіркендіргіштерге реакция жоқ. Есеңгіреу, сопор, кома кез-келген соматикалық және психикалық ауруларда дамуы мүмкін. Психиатриялық практикада бұл жағдай эпилепсия ұстамасынан кейін, электротырысулық және инсулиндік-шокты терапиясын қолданғанда бақыланады.
21. Онейроидты сананың бұзылуы. Клиникалық сипаттамасы
Онейроид– бағдарлау және өзіндік сана бұзылысымен, фантастикалық күйзелістермен және елестермен, субъективті әлемде қабылданатын көріністермен және кататониялық симптоматикамен бірге жүретін түс тәрізді, сананың қиял тәрізді күңгірттенуі. Психипатологиялық өнім молдығы, анықтығы, галлюцинаторлы және сандырақтық жағдайлардың динамикалылығы мен ауқымдылығы арасында диссоцияция жүреді және бір жағынан, науқастың аң-таң келбетпен бір қалыпта тұрып қалуы немесе біртекті кататониялық қозу жағдайында болуы – екінші жағынан. Галлюцинациялар, псевдогаллюцинациялар және сандырақ шынайылықпен араласып, науқас және айналасындағы адамдар қатысушылар болып есептеледі. Науқас атомдық соғыс, әлем күйреуі, өзге планеталарға, басқа дәуірге орын ауыстыру күйлерін кешеді (фантастикалық сандырақ). Онейроидтың бастапқы кезеңіне аффект тұрақсыздығы тән, ұйқы бұзылады, есімнен адасып кетемін деген қорқыныш пайда болады, дереализация, деперсонализация және абдырау күшейе түседі. Сахналау және интерметаморфоза сандырағы дамуы мүмкін. Сана күңгірттенуінің жоғарғы шегінде өзіндік тұлғасына қатысты қос бағдарлау, депрессия немесе экстаз жағдайы көрініс беруі мүмкін. Өте ауыр жағдайда науқас қоршаған ортадан ажырап, жауап бермейді, шынайылықты қабылдауды тоқтатады, сана толығымен паталогиялық өніммен жауланады. Онейроидтан шыққан кезде бөліктік естеліктер болады: біршама толығырақ және ретті түрде есте сақтағандары – субъективті құбылыстар, жеткіліксіз немесе толық жойылған - шынайы құбылыстар болып табылады. Науқастық фантастикалық күйзелістермен бірге және болған жайттардың есте толық сақталуымен қоршаған ортаны толық формальды бағдарлау жағдайлары кездескен – бағдарланған онейроид. Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен, осы аурудың өзге формаларының өткір сатыларында дамиды; кейде инфекциялық, соматикалық, интоксикациялық, эпилепсиялық психоздарда кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет