29.Эпилепсиялық статус, анықтама. Ол байқалуы мүмкін аурулар. Емі.
Эпилептикалық статус (эпистатус) — эпиұстамалар бірінен соң бірі жалғасып 30 минуттан асады, ұстама арасында науқас есін жинап үлгермейді. Статус эпилепсия асқынысы ретінде немесе жеке оның манифестті көрінісі ретінде бола алады. Этиологиясы мен эпидемиологиясы: антиэпилепсиялық дарілерді тұрақты қабылдамау, басми жарақаты, ми ісіктері, ми қанайналым жедел бұзылысы, улану, ауыр инфекциялар т.б. Эпистатус 100 000 тұрғынның 18-20нда дамиды. Жиі жас балалар мен егде жастағыларда дамиды. Клиникасы: Эпистатустың үлкен және кіші ұстамалы түрлері бар. Үлкен эпиұстамалар бірінен соң бірі жалғасып 30 минуттан асады, ұстама арасында науқас есін жинап үлгермейді. Патологиялық жағдай науқас өміріне қауіп төндіреді. Тоникалық- клоникалық тырыспалар жоғарыда айтылғандай гипертермия және ацидозды тудыртады. Кіші ұстамалар абсанс түрінде, тұрақты тырыспалар б/ет қозғалысысыз, бірақ ес жоғалтумен өтеді. Ол бірнеше сағ.қа созылады. Эпистатустан шыққандағы көрініс жоғарыдағыдай. Диагностикасы: клиникасы айқын болса да негізгі әдіс ЭЭГ. Ол арқылы эпистатустың тырыспалы немесе тырыспасыз түрін ажыратамыз. Емі: жедел көмекті қажет етеді: бүйіріне жатқызып, тіл жұтылып қалмауын болдыртпау. Ауыздан протез, шырыштарды шығару. Стационарда реанимацияға ауыстыру. Тырыспаға қарсы диазепам (седуксен, валиум) т/і (20 мг) 2 ампуланы — 4 мл 0,5% седуксен ерітіндісімен 16 мл 40% глюкоза ерітіндісін (баяу енгізу!). Седуксенді б/етке енгізуге болады, ламотриджин таб 5мг 25мг 50мг 100мг, конвулекс 100мг в/в. Дегидратациялық терапия фуросемид (лазикс) 1—2 мл 2% ерітіндіні б/етке. Жүрек гликозидтерінен коргликон 1 мл 0,06% ерітіндісі немесе дигоксин 0,5—1 мл 0,025%ерітіндісі.
30. Эпилепсиядағы тұлғаның өзгеруі және деменция?
Қояншық ауруы – эпилепсия – денені құрыстырып, психиканы бұзатын, созылмалы ауру. Грек тілінен аударғанда «ұстаймын, шабуыл жасаймын» деген мағынаны білдіреді. Әбу-Әли-ибн-Синаның ұсынысымен ерте заманнан эпилепсия деп аталады.
Тұлғаның эпилепсиялық өзгерiстерi. Эпилепсияға психикалық үрдістердің оталғыштығымен қатар жүретін торпидтiлігі (инерттілігі) тән, ол байымды, кейде тұтқыр оймен (сөзіндегі, жазуындағы), аса ұқыптылық және педанттылықпен ерекшеленеді. Науқастың қызығушылықтар шеңбері тек өзінің дертіне, жеке тұлғасына қатысты. Қоршаған ортамен қатынасы деспотты, ұсақ-түйектер бойынша жоғары талап қояды. Эпилепсиямен науқастарға бос iзденiс, «әдiлетке» ұмтылыс, жоғары «адамгершiлiк» пен «өнеге» үшін қатаң күрес жүрізу тән.
Эпилепсиямен науқастар аса ашушаң, жылдам тітіркенеді, аффекттері торпидті, ыза, қаталдықпен бірге жүреді және айқын агрессиямен көрінуі мүмкін. Науқастар ренішін ұзақ уақыт есiне сақтап, кек алуға тырысады. Осы кезде басқа адамдарға немесе өзін ренжіткен адамдарға қатысты аса мейiрiмдiлік, жағымпаздық танытуы мүмкін.
Эпилепсия үдемелі дамығанда осы ауруға тән ақылкемдігінің де көріністері үдей түседі. Эпилепсиялық ақылкемдігінің патофизиологиялық мәні жүйкелік (психикалық) үрдістердің инерттiлiгi болып табылады. Клиникалық тарапынан бұл ақылкемдігі ойлау патологиясымен көрiнедi, ол қиын ауыспалы, баяу, персеверативті (бір ойды қайталай беру, маңыздысын ажырата алмау) сипатта болады. Науқастар ұсақ-түйекте шатасып, ойы детализацияланған сипат алады, әңгіменің түйінін жоғалтады.
Науқастар көп сөзді, қажетсіз нақтылықтарға толы. Ауру бiр фазаны, сөз айналымдарын («тұрақты айналымдар»), сөздерді жиi қолданады. Бiртiндеп оларда жады төмендейді, әсіресе қысқа уақытты оперативтi жады зардап шегедi, әңгімелесу кезiнде ой жинақылығы төмендейдi. Бiлiм қоры тапшылау. Ұмтылыс, ынта, талпыныстары және ойлары жеке өзiнiң «Мені» айналасымен шектеледi.
Эпилепсиямен науқастағы ақылкемдігіне баға беруде ауырғанға дейiнгi интеллект деңгейін, және де эпилепсияның міндетті түрде ақыл кемдігіне әкелмейтіндігін ескеру керек.
Эпилепсиямен зардап шеккен адамдардың жоғары интеллектуальды қабiлетiн сақтап қалғаны жөніндегі жайттар белгілі.
Эпилепсия ағымы созылмалы, үдемелі, дерт жиі балалық немесе жасөспiрiм кезде пайда болады, бiртiндеп пароксизмдер жиілейді және тұлғалық өзгерістер тереңдей түседі. Дегенмен дертті үрдістің кідіріп, тоқтайтын жағдайлары да (5-10%) бақыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |