1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Корсаков психозы. Негізгі көріністері. Пайда болу шарттары. Терапия. Болжам



бет39/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Психиатрия жауаптары (копия)

35. Корсаков психозы. Негізгі көріністері. Пайда болу шарттары. Терапия. Болжам.
Корсаков психозы. Созылмалы алкогольді энцифалопатияның бір формасы корсаков психозы болып табылады.
Бұл аурудың негізгі белгілеріне амнестикалық синдром (парамнезиялармен - конфабуляция және псевдореминисценциялармен бірлескен фиксациялық және ретроградты амнезия) және полиневритжатады.

Корсаков психозы, ереже бойынша, алкоголизмнің соңғы сатысында пайда болады. Оның басты белгісі - фиксациялық амнезия. Науқас жаңа ақпаратты игеріп, бекіте алмайды алмайды, мысалы, өзімен сөйлесіп отырған дәрігердің есімін, бүгінгі күнді, айды және т.б. Сонымен қатар, парамнезиялар жиі бақыланады. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде науқас қиялдан шыққан жиі фантастикалық сипаттағы (конфаблуляциялар) ақпарат береді, немесе қазіргі болып жатқан жағдай орнына бұрынғы өтіп кеткенді әңгімелейді (псевдореминисценция).


Емі. Корсаков психозы кезінде авитоминоз белгілері бақыланатындықтан, витаминотерапияға көп көңіл бөлінеді (В тобының витаминдері). Бұл кезде В витаминінің дозасы тәулігіне 1г-ға және одан да жоғары дозаға дейін жетеді. Витаминдер көктамырға енгізіледі (40% глюкоза ертіндісінде 6% 5мл В1 витаминінің ертіндісі, 3мл 5% аскорбин қышқылы ертіндісі және РР витаминінің 1мл 1% ертіндісі). Бұлшық етке тәулігіне 3 ретке дейін В6, В12 және РР витаминінің комплексі егіледі.
36. Шизофрения. (Анықтама, диагностика критерийлері, шизофренияның барлық түрлеріне тән белгілер, ағымының негізгі заңдылықтары). Бастапқы кезеңінң белгілері.
Шизофрения – этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейiм, науқас тұлғасының типті өзгерiстерiмен және әлеуметтік адаптация және еңбекке қабiлеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру.
Бұл ауру кезінде науқастар тұйықталады, әлеуметтік қатынастарын жоғалтады, эмоциональды реакциялардың кедейленуі бақыланады. Сонымен қатар түйсік, қабылдау, ойлау, қозғалыстық-еріктік сфераның әртүрлi дәрежедегі бұзылыстары анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет