1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Аментивті синдром. Клиникалық сипаттамасы



бет26/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

22. Аментивті синдром. Клиникалық сипаттамасы.
Аменция – кеңістікті, уақытты, жеке басын бағдарлау бұзылуымен, шындықты түсіну қабілетінің жоғалуымен және осы кезеңнің толық амнезиялануымен жүретін сананың терең күңгерттенуі. Аментивті күй ауыр соматикалық және психикалық зорығу, қажу фонында (сепсис, авитаминоз, ашығу) дамиды, ұзаққа созылады (апталар және айлар) және болжамы нашар. Ағымдағы оқиғаларды түсіну қабілеті жоғалады, оларды біріктіріп қабылдай алмайды алмайды. Сағатқа қарай отырып, оның тілдерін дұрыс көріп отырса да, уақытты айта алмайды. Сөздері байланыссыз, қозу шеңбері аз кеңістікті алады, мағынасыз, хаосты және бас, аяқ-қолдарын қозғалтумен көрінеді. Аффективті көріністер өзгермелі, иллюзиялар, жеке галлюцинациялар, кататониялық бұзылыстар болуы мүмкін.
23. Маниакальды синдром. Клиникалық сипаттамасы.
Маниакальды синдром өзінің классикалық вариантында психопатологиялық симптомдардың триадасынан тұрады: 1) көңіл-күйдің көтерілуі; 2) ойлау ағымының жылдамдауы; 3) сөздік-қимылдық қозу. Бұл - синдромның облигатты (негізгі және тұрақты кездесетін) белгілері. Жоғары аффект психикалық қызметтің барлық саласына әсер етіп, екіншілік, яғни тұрақты емес маниакальды синдром белгілерінің пайда болуына алып келеді. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, ес үрдісінде гипермнезия, ойлауда - өз мүмкіндіктері мен өзтұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоционалды реакцияларда – ашушаңдық, еріктік салада – тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы; мимика, пантомимика және науқастың бүкіл сыртқы болмысы қуаныш белгісін бейнелейді.
24. . Депрессиялық синдром. Клиникалық сипаттамасы.
Депрессиялық синдром облигатты симптомдардың триадасымен көрінеді: көңіл-күйдің төмендеуі, ойлау ағымының баяулауы, сөздік-қимылдық тежелу. Депрессивті синдромдардың факультативті белгілері: қабылдауда – гипестезия, иллюзиялық, дереализациялық және деперсонализациялық құбылыстар; мнестикалық үрдісте – таныстық сезімінің бұзылысы, ойлауда – ипоходриялық, өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту сипатындағы аса бағалы және сандырақтық идеялар; эмоциональды салада - қорқыныш және үрей реакциясы; қимылдық-еріктік бұзылыстар тілек пен әуестіктердің басылуы, суицидальды тенденциялар; қайғылы бет-әлпет және қалып, баяу, бәсең дауыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет