1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Эпилепсия. Жалпы сипаттама. Парциалды және жалпыланған эпилепсиялық ұстамалар



бет29/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

27. Эпилепсия. Жалпы сипаттама. Парциалды және жалпыланған эпилепсиялық ұстамалар.
Қояншық ауруы – эпилепсия – денені құрыстырып, психиканы бұзатын, созылмалы ауру. Грек тілінен аударғанда «ұстаймын, шабуыл жасаймын» деген мағынаны білдіреді. Әбу-Әли-ибн-Синаның ұсынысымен ерте заманнан эпилепсия деп аталады.Қазiргi кездегi мәлiмет бойынша эпилепсияның таралуы 1000 тұрғынға шаққанда 5-8 жағдайды құрайды. Балалар мен жасөспiрiмдердi жаппай тексеру тәсілімен жеке зерттеулер мәлiметi бойынша бұл аурудың таралуы 100 балаға шаққанда 0,12-1,49 тең.
Аурудың нақтылы және симптоматикалық деген екі түрі болады.
Нақтылы түрі – идиопатиялық, генді осы ауруға тән клиникалық көріністерімен байқалады.
Симптоматикалық түрінде ми ісігінің, жарақатының және энцефалиттің әсері байқалады.
Құрысудың клиникасыүлкен және кіші болып екіге бөлінеді.
Үлкен қояншықтық құрысу:
Аурудың алғашқы белгісі ретінде бірнеше сағат немесе күн бұрын бас ауырып, көңіл-күй төмендеуі байқалады.
Бұл аура - леп соғу деп аталады. Адам көру, иіс сезу, есту елестеушілігін басынан өткізеді.
Вегетативтік құбылыстар – қызару, терлеу, жүрек соғысының жиілеуі де байқалуы мүмкін. Аураның ұзақтығы бірнеше секундқа созылады, кейде болмауы да кездеседі. Құрысу тоқтағаннан кейін аура есте қалып, аурулар айтып отырады.
Аурадан соң құрысудың екінші кезеңі
– тоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер бір мезгілде тоникалық түрде тартылып, ауру толығынан есінен танады. Дыбыс саңылауының күрт тарылуынан (голосовые складки) ауру құлар алдында айқайлап дыбыс шығарады. Құлаған кезде қатты жарақат алып, қансырап қалуы мүмкін. Кейде кіші немесе үлкен дәреті жүріп кетуі кездеседі. Жарты не бір минутқа созылған құрысуда тыныс алуы тоқталады, көз қарашығы кеңіп, жарыққа әсер етпейді. Терісі көгеріп, еріндерінде цианоз байқалады.
Бір минуттай уақыттан кейін аурудың үшінші кезеңі:
-клоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер кезек-кезек жиырылып, ауру басын, аяқ-қолдарын еденге, жарға ұрғылай бастайды. Қосымша жарақаттар алуы да мүмкін.
- Құрысу кезеңдерінде тілі тістеліп, аурудың ауызынан қан аралас көбік ағады. Клоникалық құрысу 2-3 минутқа созылады.
-Талмадан кейін адам қатты шаршап, әлсізденіп терең ұйқыға (кома) кетеді.Бұл құрысудың үшінші кезеңі болып есептеледі.
Егер бір құрысудан кейін үсті-үстіне құрысулар қайталана берсе (эпилептикалық статус), ауруды дереуауруханаға жеткізу керек немесе дәрігерлік көмек қажет. Кейде дұрыс дамымаған құрысу, яғни өсіп-жетілмеген құрысу да кездеседі. Бұл жағдайда құрысу кезеңдері сатыланбай шала дамиды. Бұл балаларда көп кездесетін абортивті түрі. Балаларда клоникалық құрысу мүлде болмайды.
Кішкене қояншықтық құрысу - бірнеше секундтан 1-2 минутқа дейін созылатын, ауру есінен айырылғанымен тоникалық құрысу болмайтын эпилепсияның жеңіл түрі. Клоникалық кезең қысқа болғанымен амнезия толық болады.
Абсанс – сана аз уақытқа жойылып, қозғалыс құрысуларының болмайтын түрі.
Қояншық ауруында психикалық бұзылулар кездеседі. Сананың қарауытып бұзылуы кенеттен пайда болып, күшті психикалық бұзылуға алып келеді.
Бірінші түрінде сананың елестеушілік-сандырақ бұзылуында ауру қоршаған ортадан бөлініп, өзінің кім екенін, қайда екенін, қанша уақыт болғанын білмейді. Көру, есту елестеушіліктері пайда болады. Ұрыс майданында болғандай болып, зәресі ұшып қорқады. Қоршаған ортаға өте қауіпті.Жалған қуғыншылардан қорқып, қашып немесе оларға қарсы шабуыл жасауы да мүмкін. Бұл өте қауіпті жағдай. Тез көмек көрсетпесе қайғылы аяқталады. Психоздан кейін ауру болған жағдайды толық ұмытады.
Екінші түрі амбулаториялық автоматизмдер деп аталады.
Бұл да кенеттен басталып, бірнеше сағат, не күннің ішінде бірден аяқталатын психоз. Елестеушілік пен сандырақ болмағанмен, сананың терең бұзылуы байқалады. Сырттай қарағанда адамның жүріс-тұрысы дұрыс сияқты көрінеді, бірнеше түрі кездеседі.
Транс– бірнеше сағатқа (күндерге) созылатын естен тану.
Басқа көшеге, қалаға кетіп қалып, есін жиғанда қайда келгенін білмеу.
Сомнабулизм (ұйқысырап жүру) көбіне жас балаларда кездесетін, түнде сыртқа шығып, төбеге, балконға шығып кетіп, ұзақ жүру. Ертеңіне не болғанын білмейді. Сыртқы әсерлерге көңіл бөлмейді, ояту мүмкін емес.
Дисфория – ешбір себепсіз болатын ашу-ыза. Сана бұзылмайды. Ауру сәл нәрсеге ашуланып, төбелес бастайды, ештеңені ұмытпай бәрін есте сақтап қалады. Қояншық ауруы көбіне ақылдың кемістігіне алып келеді. Бір мәселенің айналасына тоқырап, бір тақырыптан екіншіге көше алмай, тәптештеп, болмашы нәрсеге әбден тоқталады. Ашуланшақ, ешкімге сенбейтін әрі шағымшыл болады. Ұсақ, бірақ өте ұқыпты келеді. Жарамсақтық, екіжүзділік, алдамшылық, қатыгездікпен қатар жүреді.
Аурудың ағымы әртүрлі болады, кейбіреуде күніне бірнеше рет ұстаса, біреулерде жылына бір-ақ рет болуы мүмкін. Ұстамасының жиілігінен аурудың қаншалықты ауыр екенін анықтауға болады. Бірақ ұстамасы сирек кейбір ауруларда ақыл кемістігі көп те, ұстамасы жиі болатындарда ақыл кемістігі кездеспеуі мүмкін.
Эпилепсиялық психоздар.Эпилепсиялық психоздар пароксизмальды тырысулық синдромдардың жалғасы, трансформациясы ретiнде, олардың эквиваленті түрінде немесе олардан тәуелсiз пайда болуы мүмкiн.
Эпилепсиялық психоз клиникалық көрінісінде жиі параноидты, паранойяльды (әдетте қарапайым сипаттағы қатынас, соңына түсу сандырақтарымен, ипохондриялық сандырақпен) галлюцинаторлы-параноидты, делириозды, депрессивтi және кататониялық синдромдар байқалады. Бұл синдромдар үрей, қорқыныш аффектiмен жүреді, әдетте олар эмоциональды қанық болып келеді.
Эпилепсиялық психоздар ағымына қарай жедел, жеделдеу және созылмалы болып бөлiнедi.
Тұлғаның эпилепсиялық өзгерiстерi. Эпилепсияға психикалық үрдістердің оталғыштығымен қатар жүретін торпидтiлігі (инерттілігі) тән, ол байымды, кейде тұтқыр оймен (сөзіндегі, жазуындағы), аса ұқыптылық және педанттылықпен ерекшеленеді. Науқастың қызығушылықтар шеңбері тек өзінің дертіне, жеке тұлғасына қатысты. Қоршаған ортамен қатынасы деспотты, ұсақ-түйектер бойынша жоғары талап қояды. Эпилепсиямен науқастарға бос iзденiс, «әдiлетке» ұмтылыс, жоғары «адамгершiлiк» пен «өнеге» үшін қатаң күрес жүрізу тән.
Эпилепсиямен науқастар аса ашушаң, жылдам тітіркенеді, аффекттері торпидті, ыза, қаталдықпен бірге жүреді және айқын агрессиямен көрінуі мүмкін. Науқастар ренішін ұзақ уақыт есiне сақтап, кек алуға тырысады. Осы кезде басқа адамдарға немесе өзін ренжіткен адамдарға қатысты аса мейiрiмдiлік, жағымпаздық танытуы мүмкін.
Эпилепсия үдемелі дамығанда осы ауруға тән ақылкемдігінің де көріністері үдей түседі. Эпилепсиялық ақылкемдігінің патофизиологиялық мәні жүйкелік (психикалық) үрдістердің инерттiлiгi болып табылады. Клиникалық тарапынан бұл ақылкемдігі ойлау патологиясымен көрiнедi, ол қиын ауыспалы, баяу, персеверативті (бір ойды қайталай беру, маңыздысын ажырата алмау) сипатта болады. Науқастар ұсақ-түйекте шатасып, ойы детализацияланған сипат алады, әңгіменің түйінін жоғалтады.
Науқастар көп сөзді, қажетсіз нақтылықтарға толы. Ауру бiр фазаны, сөз айналымдарын («тұрақты айналымдар»), сөздерді жиi қолданады. Бiртiндеп оларда жады төмендейді, әсіресе қысқа уақытты оперативтi жады зардап шегедi, әңгімелесу кезiнде ой жинақылығы төмендейдi. Бiлiм қоры тапшылау. Ұмтылыс, ынта, талпыныстары және ойлары жеке өзiнiң «Мені» айналасымен шектеледi.
Эпилепсиямен науқастағы ақылкемдігіне баға беруде ауырғанға дейiнгi интеллект деңгейін, және де эпилепсияның міндетті түрде ақыл кемдігіне әкелмейтіндігін ескеру керек.
Эпилепсиямен зардап шеккен адамдардың жоғары интеллектуальды қабiлетiн сақтап қалғаны жөніндегі жайттар белгілі.
Эпилепсия ағымы созылмалы, үдемелі, дерт жиі балалық немесе жасөспiрiм кезде пайда болады, бiртiндеп пароксизмдер жиілейді және тұлғалық өзгерістер тереңдей түседі. Дегенмен дертті үрдістің кідіріп, тоқтайтын жағдайлары да (5-10%) бақыланады.
Қояншықтың шығуы мен патогенезі.
Шығу тегі туралы әңгіме қозғағанда құрсақта не өмірдің алғашқы кездерінде болған инфекциялық аурулар мен уланудың маңызды екенін ескеру қажет. Туған кездегі мидың зақымдануы да үлкен роль атқарады. Нағыз және генді қояншық ауруының шығуына тұқым қуалаушылық факторы зор әсер етеді. Аурулардың отбасы мүшелерінің 60 пайызының электроэнцефалограммасында (ЭЭГ) қояншыққа тән өзгерістер кездеседі.
Аурудың шығу тегі көп себепті болғанымен патогенезі біреу-ақ. Ол – зат алмасудың, яғни белок, май, көмірсу, судың организмде ауысуының бұзылуының салдары.
Дифференциальды диагностикасы. Эпилепсияны белгілі бір нақты ауру кезінде бақыланатын эпилептиформды синдромнан ажырату қажет:
Эпилепсияны белгілі бір нақты ауру кезінде бақыланатын эпилептиформды синдромнан ажырату қажет: ми iсiгi, ми мерезi, ми қантамырлық аурулары, энцефалиттер, истреиялық ұстамалармен жүретін невроздар және т.б.
Эпилепсияны дифференсцациялауды қажет ететін аурулар тобы өте көп - балалық шақтағы спазмофилиядан бастап кәрiлiк жастағы мидың атрофиялық және қантамырлық зақымдануларына дейiнгi аралықта. Эпилепсияны бұл аурулардан ажырату үшiн клиникалық суреттемесiн толықтай қарастыру қажет. Ұстамалардың шығу тегіндегі айырмашылықтар осы ауруды ерте анықтау мен сәйкес ем қолдану үшін маңызды. Әртүрлi аурулар кезіндегі эпилептиформды синдромдар бiрдей емес, клиникалық көріністері, жиiлiгi, дамуы, ұстама аралық жағдайлардың ерекшелiгiмен, басқа да клиникалық және параклиникалық белгiлерiмен ерекшеленеді.
Эпилепсияны бірінші кезекте ми iсiгi кезіндегі эпилептиформды синдромнан дифференцациялау керек. Бұл iсiктерге Джексондық ұстамалар тән (локальды, бұлшық еттер тобының тырысуларынан басталады, мысалы, сол қол немесе аяқтың, дененің басқа бұлшық ет топтарына таралмайды), бұлар эпилепсия кезiнде кездеспейді. Ми iсiктерiне фокальды пароксизмдер тән: дәм сезу және иiс сезу галлюцинациялары, афатикалық бұзылыстар, бiр жақты парестезиялар. Жалпы милық синдромдар, неврологиялық бұзылыстар ми iсiгiнiң клиникалық суреттемесiнен эпилепсиядан ажыратып тұрады.
Истериялық ұстама кезінде эпилепсиядан айырмашылығы сана толығымен жойылмайды, науқас қоршаған орта тітіркенгіштеріне жауап береді, және жиі науқастармен контактқа түсу мүмкін болады. Истериялық ұстамалар, ереже бойынша, психикалық жарақаттан кейiн пайда болады. Ұстамадан кейiн науқас санасы қалпына келедi, ал эпилепсиядан кейiн кома жағдайы, сопор немесе ұйқыға ауысатын есеңгіреу жағдайы дамиды.
Эпилепсия ұстамасы кезеңі жөнінде естеліктер толығымен жойылады, ал истериялық ұстамада олар сақталады. Эпилепсиялық ұстама кезіндегі фазалар ретті болып келеді, ал истериялықта бұл болмайды. Истериялық ұстама кезiнде науқастың көз қарашығының жарыққа әсерi сақталған, эпилепсиялық ұстама кезіндегідей патологиялық рефлекстер байқалмайды. Эпилепсия кезінде ЭЭГ-да эпилепсиялық белсенділік белгiлерi, ұстама кезінде – барлық әкетулерде жоғары амплитудалы жиi және баяу тербелiстер, пик тәрiздi толқындар болады. Ұстама аралық кезеңде өкпе гипервентиляциясы жағдайында жедел және баяу толқындар пайда болады.
Емдеу.
Ауруды ұзақ уақыт және үнемі, күрделі және әр адамның ағза ерекшеліктерін ескере отырып, емдеу керек. Аурудың ұстамасының аяқталуы, емдеу біткенін көрсетпейді, әрі қарай 3-5 жылдай емдеп, ЭЭГ арқылы бақылап отыру қажет.
Ауру көпшілік дем алатын орындарда, көлікте, үйінде т.б. жерлерде құрысып құлауы мүмкін.
Алғашқы көмек айналадағы қоршаған адамдарды тыныштандырып, аурудың әрі қарай жарақат алмауына бағытталуы керек.
Дереу аурудың сырт киімдерінің түймелерін босатып, басын, аяқ-қолдарын еденге, жарға соқтырмайтын амалдар жасалынады.
Тілін тістеп тастамауы үшін аузына (тістерінің арасына) шпатель немесе қолда бар тісті бүлдірмейтін заттар (ағаш қасық, карындаш) қыстырылады.
Егер ұстама қайталана берсе ауруды жақын жердегі емхана немесе ауруханаға алып барған жөн.
Ауруханадағы құрысуға қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.
Адамның жасына қарай фенобарбитал (люминал) пайдаланылады. Тәуліктік мөлшері 0,05-тен 0,15-0,3 ге дейін. Қояншыққа қарсы арнайы қосындының құрамына 0,02-0,05 г фенобарбитал, 0,05-0,2 г бромурал, 0,02-0,3 г папаверин, 0,015 г кофеин, 0,25-0,5 г кальций глюконаты кіреді. Дәрігердің ұсынуымен тегретол, финлепсин, бензонал, гексамедин, дефинин дәрілері жас мөлшеріне, жынысына қарап, аурудың қабылдауы-қабылдамауына (побочные действия) байланысты ұзақ мерзімге тағайындалады. Егер ауру әртүрлі себептермен 1-2 күнге үзіліс жасаса ұстама қайталанып, аурудың жағдайы бұрынғы күйіне түседі.
Ұзақ қолданғанда болатын бас айналу, тәлтіректеп жүру, ұйқышылық сияқты қосымша белгілерді дәрінің мөлшерін азайту арқылы жоюға болады. Тамақ ішу ережесін, дем алу және еңбек ету мерзімдерін дұрыс сақтау, витаминдер, глютамин қышқылын алу аурудың жағдайын жақсартады.
Қояншық статусында (ұстамалының жиілеуі) 2-4 мл 0,5 пайыз седуксенді физиологиялық ерітіндімен бірге тамырға жібереді. Магнезийдің күкірт қышқылын 5-10 мл 25% түрінде бұлшық етке немесе тамырға жіберген дұрыс. Клизмамен 3,0 г хлоралгидрат жасалады. Құрысу тоқтамаған жағдайда 1,0 г гексеналды бұлшық етке егеді.
Ауруды күту кезінде медицина қызметкерлері олардың ашушаң, жылауық, өте ұқыпты, ызақор және дәрменсіз екенін естен шығармай төзімді болуы керек. Қояншық ауруы бар адамдар көлік жүргізуге, от пен судың қасында, биікте және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеуге жіберілмейді. Ал егер жеке басы аз өзгерсе, тырысуы сирек болса ол өзінің үйреншікті жұмысын атқара алады. Ұстамасы жиі-жиі қайталанып, әрі ақыл кемістігі болса, ІІ немесе І топ мүгедектігі беріледі.
Бұл аурулар қылмыс жасаса, ұстамасы жиі әрі ақылы кем адамдар психикалық ауруханаға, ал сирек ұстайтындар сот арқылы жауапқа тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет